Қазақстан республикасы білім және ғылым



Pdf көрінісі
бет51/107
Дата15.02.2024
өлшемі2.94 Mb.
#491998
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   107
ЖАЛПЫ ТОПЫРАҚТАНУ

 
 
 
 
 
 


III БӨЛІМ. 
III. I Tопырақ құнарлығы 
Өсімдік өніп-өсуіне қажетті факторлар (ауа, жылу, физика-
химиялық орта, су, қоректік элементтер мен т.б. жағдайлар) 
және оларды қалыптастыратын топырақ қасиеттері кешенін құ-
нарлылық деп атайды. Адамзат топырақтың құнарлығының 
дәрежесіне ежелден көңіл аударғанымен, бұл түсініктің теория-
лық негізі бірден салынған жоқ. Д.Н.Прянишников келтірген 
Тэер пікірінше "Топырақ құнарлылығы түгелімен қара шіріндіге 
байланысты, суды есептемегенде, қара шірінді өсімдік үшін 
басты қоректік зат". Сондықтан көң төгу, ауыспалы егіс енгізу, 
тыңайтқыш беру жұмыстары топырақтағы қара шірінді мөл-
шерін көбейтуге арналған деген. 
Тэердің "қоректік қарашірінді" теориясын кейін Ю. Либих 
"Химияны егіншілік пен физиологияға қолдану" (1840ж.) 
еңбегінде жоққа шығарып, өзінің "минералдық қорек" туралы 
теориясын ұсынған. Ю.Либих пікірінше қандай да болмасын 
өсімдік топырақ құрамынан өзіне керекті қоректік заттарды тек 
минералдық түрінде сіңіріп отырады да, біраз уақыт өткен соң 
топырақтың осы басты қасиетін тұрақтандыру үшін өсімдіктер 
сіңірген минералдық заттар мөлшерін топыраққа тыңайтқыштар 
арқылы қайтару керек деген. Либихтің бұл теориясы кейін 
қоректік заттарды "кері қайтару заңы" делінген. Топырақ 
құрамында қоректік элементтің тек біреуі ғана тапшы болған-
ның өзінде, қалған элементтер қанша мол мөлшерде болмасын, 
өнім жоғарыламайды, яғни өсімдік өнімі тікелей топырақ 
ортасындағы тапшы элемент мөлшеріне тәуелді. Бұны Либих 
"минимум заңы" деп атады. Топырақ құнарлылығына Либих тек 
қорекік заттар құрылымы тұрғысынан қараған жоқ. Керісінше, 
өсімдік өніміне көп жағдайлар әсер ететіні туралы былай де-
лінген: "құрлықтың географиялық орналасу тәртібіне, теңіз дең-
гейінен жоғары биіктігіне, жылдық жауын-шашын мөлшеріне
орташа айлық-жылдық жылулыққа, топырақтың физикалық, хи-
миялық және геологиялық қасиеттеріне көңіл аудару керек " 
деген пікір айтқан. Либихтің "кері қайтару заңына" ғылым мен 
тәжірибе кейін біраз түзетулер енгізумен, топырақ құнарлығын 


сақтауда оның атқарған рөлі үлкен болды. К.А.Тимирязев "кері 
қайтару" заңының "ілімдік маңызын қанша төмендетуге тырыс-
қанымен, ол ғылымдағы ұлы жетістіктердің бірі болып сана-
лады" деген. Либих пікірінше, минералдық қоректік заттар көзі 
топырақ болғандықтан, құнарлылықты зерттеу оны ерітінді-
сіндегі заттар мөлшерін анықтауға негізделген. Бұл пікірдің 
терістігін Я.Линовский мен П.Костычев көрсеткен. 1883 ж.
Д.Менделеев "кері қайтару заң" теориясын батыл сынаған. 
Топырақ құнарлылығына Ресей ғалымдары ХVІІІ ғасырдан 
бастап көңіл аударған (Болотов, Комов, Павлов, Радищев). ХІХ 
ғасырдың 40-шы жылдарына дейін Ресей агроғылымында қара 
шірінді, кейін минералды қорек теориясы қолдау тапты. 
Агротопырақтану ғылымының негізін салушы профессор 
П.Костычев топырақтану пәнінің мақсаты – "Топырақ қасиет-
терін өсімдіктер формациясына сай зерттеу" деп тұжырымдаған. 
Ол өз еңбектерінде құнарлылық – топырақтың күрделі қасиеті, 
бірақ оны нақтылы анықтау әдістері жоқ деп себептерін көр-
сеткен, яғни: 
– Өнім мен топырақтағы қоректік элементтер санды 
мөлшерінің жоқтығы; 
– Топырақ құнарлылығын химиялық әдістермен нақтылы 
анықтау қиын, ол үшін химиялық талдау әдістері жетілмеген; 
– Өсімдіктердің өніп-өсуі мен дамуы топырақтың химия-
лық құрамы мен қатар физикалық қасиеттеріне тәуелді; 
– Өсімдік дамуына ауа райы да үлкен ықпал тигізеді, бірақ 
оның әсерін есептеу өте қиын деген. 
Осы себептерге байланысты топырақ құнарлылығын 
бағалау "жанамалы" деген ғалым Костычев, өзінің бүкіл ғылыми 
еңбектерін топырақ құралудың биологиялық негіздеріне және 
оның құнарлылығын көтеру әдістерін іздеуге арнаған. 
Топырақ құнарлылығын, оның қоғамдық табиғатын және 
түрлерін бірінші К. Маркс (1875 ) ашқан. Маркс өзінің "Капи-
тал " атты іргелі еңбегінде топырақ құнарлылығын табиғи (тың 
топырақ қоры), яғни потенциалды, тиімді (эффективті), эконо-
микалық салыстырмалы (дифференциалды) түрлеріне бөлген. 
Эффективті (тиімді) құнарлылық жылжымалы және өсім-
дік (тиімді қоректік заттар) мөлшерімен анықталады. Егінші-


лікте тиімді құнарлылық табиғи (табиғи жағдай) және жасанды 
(адам еңбегінің нәтижесі) құнарлылықтан құралады, яғни құ-
нарлылықтың бір бөлігі топырақтың тегіне тән болса, екіншісі 
жасанды құнарлылылыққа жатады. Эффективті құнарлылық 
топырақтануда қоректік заттар мөлшерімен (мг/кг, пайыз, т/га) 
сипатталса, егіншілікте өсімдік өнімі көрсеткіші арқылы (ц/га, 
теңге) экономикалық құнарлылыққа айналады. Ол табиғи жағ-
дайлармен қатар, ұйымдастыру-экономикалық себептерге 
тәуелді; топырақты дұрыс өңдеп, тұқым сеуіп, тыңайтса, өсім-
дікті жақсы күтсе, өнім жинауды механикаландырса, т.б. жұ-
мыстар дер кезінде нақтылы орындалса, мол өнім жинауға және 
жоғары таза пайда табуға болады. Сонымен, Маркс айтқандай 
"Экономикалық құнарлылық қоғамдық арақатынасқа тығыз 
байланысты". Екі құрлық бөлігі топырақтарының құнарлылығы 
негізінде алынған өнімнің мөлшеріне қарай салыстырмалы 
құнарлылық анықталады. 
Потенциалды құнарлылыққа топырақ құрамындағы 
өсімдіктерге қажетті қоректік заттар қоры жатады. Ол топырақ 
құралу үдерісі (процесі) барысында қалыптасады және адамның 
өндірістік әрекетімен де толықтырылады. Сондықтан, топырақта 
бастапқы табиғи және жасанды потенциалды құнарлылық қа-
лыптасады. Кеңес үкіметі тұсында ежелгі топырақ құнарлылы-
ғына арналған ізденістер жалғастырылды. С. Кравков (1926) то-
пырақ құнарлылығын былай түсіндірген: "Біріншіден топырақта 
өсімдікке тиімді формада және жеткілікті мөлшерде азот, фос-
фор, калий, темір, магний, күкірт, кальций болу тиіс, екіншіден 
онда өсімдіке қолайлы физика-механикалық факторлар (ылғал, 
ауа, жылу, т.б.) қалыптасқаны, үшіншіден – өсімдікке қолайлы 
және тиімді микробиологиялық үдерістер жүруі қажет. Егер 
айтылғандарға қоса топырақта өсетін өсімдіктерге зиянды және 
улы заттар болмауын алсақ, "құнарлылық" деген сөз өзінен-өзі 
түсінікті болар еді". 
Топырақ құнарлылығын зерттеуге В.Р.Вильямс көп көңіл 
аударған (1914 – 1939 жж.) Вильямс бойынша топырақ және 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   107




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет