Қазақстан республикасы білім жғне ѓылым



Pdf көрінісі
бет12/30
Дата04.05.2024
өлшемі2.33 Mb.
#500500
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   30
Картография

Горизонталь – ол күрделі қисық сызық, теңіз деңгейінен биіктіктері
бірдей барлық нүктелер, яғни əр бір горизонтальдардың абсолютті биіктігі
тұрақты. Егер рельефтің қандай да бір формасын горизонтальды
жазықтықтармен қиатын болса (13.А-сурет) қиманың əр бір сызығының
биіктігі тұрақты болады, сонысына байланысты ол горизонталь болып келеді.
Қиылатын жазықтықтарды биіктіктер бойынша бірдей қашықтықтар арқылы
құрады жəне алынған қималар жалпы жазықтыққа (картаға) тіктеуіш
сəулелермен жобалайды. Соған байланысты картада рельефтің бейнеленуін
бекітулі қисық сызықтар жүйесімен алады. (13.Б сурет).
13-сурет. Горизонтальдардың пайда болуы жəне картаның горизонтальды
жазықтығына оларды жобалау.
Горизонтальдардың бейнесі рельефтің формасыменң ал саны (берілген
картада) жергілікті жердің нүкте биіктігіне қатысты болады.
Екі көршілес горизонтальдардың биіктік ара қашықтығы рельефтің қима
биіктігі деп аталады. 14,А суретте верткалды жазықтықпен жер беті
учаскесінің кесіндісі көрсетілген. 90, 100, 110 жəне 120 метр абсолютті
биіктіктері бар горизонтальды түзу болып бейнеленеді. Мұнда қима биіктік h
10 метр тең қылып алынған. Горизонтальды жазықтықтармен (горизонтальдар)
жер бетінің қима сызықтары жалпы горизонтальды бетке (яғни картаға)
жобаланғаны 
көрсетілген (14.Б 
сурет). Картада 
екі 
көршілес
горизонтальдардын арасындағы ара қашықтықтар салымдар d деп аталады.


27
Ылдидағы нүктелер арасындағы S ара қашықтықтан салымдар əр қашан кіші
болады.
14-сурет. Рельефтің қима биіктігі: А – жер бетіндегі салым жəне бұрыш
еңісі, Б – горизонтальдар жəне картадағы салымдар.
Еңіс құлдилығы бұрыш көлбеуі α арқылы көрсетіледі. Бір қалыпты қима
биіктігінде  еңіс көлбеуінің өзгеруі салымның өзгеруін көрсетеді. Бұрыш
еңісі үлкен болған сайын картада салым кішкене болады.
Рельфтің қима биіктігі картада оның бейнеленуіне əсер етеді. Сирек
жазықтық кесінділерінде, яғни қима биіктігі үлкен болған жағдайда, жер
бетінің ерекше формалары бейнеленбей қалады. Мысалы еңістің төменгі
бөлігінде 14.А, суретте картада бейнеленбей қалған үкен емес жоталар жəне
сайлар көрсетілген. Сондықтан детальды (ірі масштабты) карталарда қима
биіктік кішкентай болуы керек, ал масштаб кішірейген сайын қима биіктік
үлкейеді. Топографиялық карталарда рельефтің стандартты қима биіктігі
қолданылады. Мысалы түзу жəне төбешік аумақтарды картографиялауда
масштаб бойынша келесі қима биіктіктер қолданылады: 1:25 000 - 5 м, 1:50 000
- 10м, 1:100 000 -20 м, 1:200 000 - 40 м. Ара қашықтық биіктіктері стандартты
горизонтальдар тұтас горизонтальдар деп аталады. Оларды жіңішке қоңыр
сызықтармен сызады. Ылдидың бағытын кішкентай штрихтармен бірнеше
жерден горизонтальдарға перпендикульярлы ылдидың төмендейтін жағына
қарай қойып көрсетеді. Олар ылдидың көрсеткіштері немесе бергштрихтар деп
аталады. Берілген картада қабылданған қима биіктігінің көрсеткіші картаның
сызықтық масштабының астына фраза түрінде «Тұтас горизонтальдар ....метр
сайын берілген» деп көрсетіледі. Тұтас горизонталдардың абсолюттік
биіктіктері горизонтальдардың арнайы бөлінген жерлерінде жазылады. Əр
қашан сандардың басы ылдидың жоғары жағына орналасуы керек. Бұл жазу
таңбалар басқа горизонтальдардың биіктіктерін анықтау үшін көмектеседі.
Карталарда əр бір бесінші горизонталь қалындатылып беріледі. Мұндай
горизонтальдардың биіктігі əрқашан берілген картаның беселенген қима
биіктігіне қатысты болады.
Жайпақ ылдиларда, кейде рельефтің негізгі детальдары орналасады
(шұңқырлар, кертпештер, қыраттар), олар стандартты қима биіктік бойынша


28
картада бейнеленбей қалады. Мысал ретінде 14.Б суреттегі 90 мен 100
метрдегі горизонтальдар арасындағы ылдидың төменгі учаскесі көрсетілген.
Мұндай жағдайларда негізгі қима жазықтықтар арасыннан қосымша үздік
сызықтармен 
картада 
горизонтальдар 
жүргізіліп 
оларды 
жартылай
горизонтальдар деп атайды.
14.Б суретте 90 мен 100 ші метрдегі негізгі горизонтальдар арасындағы
ылди бөлігі ұзын жəне жайпақ болып көрінеді. Шын мəнісінде ол биіктікпен
күрделенген. 15-суретте сол учаскенің үлкейтілген түрінде картада беткейдің
құрылымы нақты айқындылықпен бейнеленген, қосымша қима жазықтықтар
құрылған, 95 метр жартылай горизонталь жəне 98 м қосымша горизонталь
жүргізілген.
15-сурет. (90 жəне 100 м) негізгі горизонтальдар, (95 м) жартылай
горизонталь жəне (98 м) қосымша горизонталь.
16-сурет. Ылдилардың негізгі түрлері (А – профиль) жəне олардың
горизонтальдармен бейнелері (Б)
Рельефтің сипаттамасына биік төбелердің, төмеңгі шұңқырлардын, өзен
мен көлдердің су деңгейінің дəрежесі (уровень), сонымен қатар еңіс
бұрылуларындағы нүктелер биіктіктерінің берілімдерінің маңызы зор. Бұл
нүктелер картада көрсетіледі жəне қастарына олардың абсолютті биіктіктері
метрмен жазылады. Мұндай жазу таңбалар биіктік белгілер деп аталады.
Жер бетінің рельефі əр түрлі формалы ылди мен құлдилықтардан тұрады.
Түзу ылдиларды, планда жəне профильде иілген ылдиларды схемалық түрде
көрсетуге болады. Картада əр түрлі ылдиларды бейнелеу горизонтальдардың


29
формаларымен жəне əр түрлі шамада салынған сипаттамаларымен
бейнеленейді(16-сурет).
Екі еңістің бір - біріне қарама – қарсы кездесуінде рельеф сызығының
бұрылуы пайда болады. Олардың арасында су бөлінетін жəне сужинайтын
еңістің жарқабағын жəне табаның көрсету керек. Субөліну сызығы қарама –
қарсы бағытта екі еңістің беттесуінен пайда болады, рельефтің дөнес
формасынан тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   30




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет