Акробатика. Ер балалар: бастапқы қалып - негізгі тұрыс, қолдар жоғары көтерілген. Бір аяқпен тепе-тендік сақтан, «Қарлығаш» қалпын ұстау, тіктеліп, оң аяқты, сол аяқтың үстіне айқастыра адым жасау. Кері айналып-таянып отыру. Жинақталып артқа тоңқалаң асу; жауырынға аударылып түсу-жауырынмен түру, аяқтарды бастан асыра, олардың ұшын еденге тигізу, алға аударылып түсіп, аяқтардың арасынан алшақ қойып отыру-қолды артқа тіреу; кеудені аяқтарға қарай еңкейту; жазылып-шалқалап жатқан қалыпқа келу; аяқтарды бүгіп «көпір» жасау; жауырынға жатқаннан кейін тығыз жинақталу; жазылып, солға бұрылып, кері аударылып-етпетінен жатқан қалыпқа келу (қолдарды жоғары көтеру); таянып жату, таянып отыру, басқа және қолдарға тұру. Жинақталып тоңқалаң асу, таянып отыру. Биік секіру (қолдарды жоғары сілтей).
Қыз балалар: бастапқы қалып - негізгі тұрыс. «Жүзушінің сөредегі қалпы» (кеудені алға еңкейтіп, қолдарды артқа қарай шығарып жартылай отыру). Жинақталып алға қарай тоңқалаң асу, артқа аударылып түсіп, жауырынға түру. Арқасымен жатып, аяқты алшақ қойып отыру, ауысу-қолдарды артқа тіреу, кеудені аяқтарға қарай еңкейту; жазылып шалқалап жатқан қалыпқа келу. Аяқтарды бүгіп «"көпірге» тұру. Бір тізерлеп таянып тұрып бұрылып, жартылай шатқа отыру; таянып отырған қалыптан жоғары қарай қолды сілтей секіру.
Бөрене. Тепе-тендік жаттығулары (қыздар). Жүрістің әр түрі: аяқтың үшымен, тізені жоғары көтере, алға аттап басып (выпад), қосарланған адымдармен, төбеге зат қойып жүру, көзді байлап аяқтың ұшымен жүру, адымдап секіре алға қозғалып жүру. Орнында түрып бұрылу (табандар снарядта бір түзу сызықтың бойында болады), оңға, оңға-кері айналу, солға, солға-кері айналу, бір аяқта тепе-теңдік сақтау («"Қарлығаш»). Бөрененің ұзына бойымен жүгіріп өту, шалқайып секіріп түсу.
Ыргақты гимнастика. Музыкалық әуенмен орындалатын 10-16 жалпы дамытатын жаттығулар (би жаттығулары) жиынтығы.
4. Шаңғы дайындығы
Шаңгымен жугіру. Қарқынды қозғалыстың негізгі элементтері. Шаңғымен итерілу. Таяқтармен итерілу. Сырғанау. Қозғалу тәсілдері техникасының элементтері. Алма-ксзек екі адымды жүріс. Сырғанайтын адымның негізгі фазалары. Бір мезгілдегі бір адымды жүріс (сөреден шығу нүсқасы). Алма-кезек екі адымды жүрістен бір мезгілдегі бір адымды жүріске ауысу. Алма-кезек адыммен, «жартылай соқа», «соқа» әдісімен көтерілу. «Аттап басып», «жартылай соқа» әдісімен бұрылу. 3000 м қашықтықты жүріп өту. Шаңғымен жүгіру элементтерін пайдаланумен өткізілетін эстафеталық ойындар.
Достарыңызбен бөлісу: |