Ќазаќстан республикасы білім жјне єылым министрлігі


Ұлттық және халықтық қозғалыс ойындары



бет15/18
Дата12.01.2024
өлшемі0.87 Mb.
#488920
түріБағдарламасы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ 5-9 СЫНЫПТАР

Ұлттық және халықтық қозғалыс ойындары. Бәсекелестік, жекпе-жек элементтері бар ойындар. Күшке, икемділікке, көзбен мөлшерлеуге және тұтас қозғалыс қимылдарының дәлдігіне бағытталған арнайы ойындар. Тұрмыстық, еңбек және этникалық қозғалыс қимылдары қалыптасқан арнайы ойындар.
3. Гимнастика
Саптық жаттығулар. Орнында тұрып жүруден лекте (залды айналып) және қатарда (залдың ортасында) жүруге ауысу; қозғалыс кезіндегі бір лектен үш, төрт лекке ауысу (залды айналып жүріп). Залды айнала және қиғаш жүрген қозғалыстағы қол созым қашықтыққа (алға және жанға) үш лектегі сапты жазу.
Белтемір (ер балалар). Асылып тұрып аяқтарды сілтеу. Жаттығу әрекеттері: асылудан күштеп көтеріліп артқа аударылып түсіп, таянып тұру; сол аяқты сілтеп, сол аяқпен атша мініп отыру; солға бұрылып кері айналу (сол қолды айналып), таянып тұру; аяқтарды доғаша сілтеу, артқа сілтеген кезде-секіріп түсу. Асылып, тартылу.
Әр түрлі биіктіктегі сырық (қыз балалар). Жоғары сырыққа асылып тұрып, аяқтарды иіп сілтеп, аяқтарды бүгіп, төменгі сырыққа асыла жату; жоғарғы сырықтан сол қолмен ұстап, сол жақ санмен отыру, оң қолды жанға созу; төменгі сырыққа оң қолды тіреп, бұрыш жасап отыру; солға бұрылып, кері айналып секіріп түсу. Асылып жатып тартылу (гимнастикалық орындыққа аяқтарды тіреп).
Тіреліп секіру (гимнастикалық ат енінен немесе кіші ағаш ат; снарядтың биіктігі 130-135 см). Екпін алу; көпіршеге секіріп түсу; аяқтармен итерілу (қолдардың жанама қозғалыстары); қолмен итерілгенге дейінгі ұшу; қолмен итерілу, жерге түсу секілді техниканың фазалық элементтерін сақтай, аяқтарды бүгіп немесе аяқтардың арасын ашып секіру.
Қос сырық (ер балалар). Таянып тұрғанда аяқтарды сілтеу. Артқа сілтегеңде қолдарды бүгу және алға сілтегенде қолдарды түзу ұстау; алға сілтеудің соңғы кезінде қолдарды бүгу және артқа сілтегенде қолдарды түзу ұстау. Жаттығу іс-қимылдары: қолға тіреліп тұрып сілтеуден - қолдарды бүгіп тірелу; иіліп барып көтеріліп, қос сырыққа аяқты алшақ қойып отыру. Оң аяқты сілтей, солға бұрылып кері қарай снарядқа сол бүйірді бере шалқайып секіріп түсу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет