Дәріс 2: Дене тәрбиесінің амалдары.
Дәрістің мақсаты: Дене тәрбиесінің амалдары туралы түсінік қалыптастыру.
Тақырыптың сұрақтары:
1. Дене тәрбиесінің амалдары.
2. Дене тәрбиесі жаттығулары, олардың топталуы.
3. Жаттығулар техникасы.
4. Дене тәрбиесінің қосымша амалдары.
Тақырыптың қысқаша мазмұны:
Дене тәрбиесі жаттығулары негізгі амал болып табылады, өйткені ол білім беру, тәрбиелеу, сауықтыру секілді дене тәрбиесінің міндеттерін орындайды. Табиғаттың сауықтыру күші мен гигиеналық факторлар дене тәрбиесінің қосымша амалдары, бұлар дене жаттығуларымен бірге қолданылады.
Қимыл - әрекетті тиімді жолмен орындау жаттығудың тәсілі, техникасы - деп аталады. Тиімділік дегеніміз жаттығудың ағзаға ұтымды әсер етуі (мысалы, күшін өсіру, бұлшық ет топтарын жаттықтыру) және әрекеттің нәтижелілігі (мысалы, жүгіріп келіп үзаққа секіру жаттығуының техникасын дұрыс, тиімді орындау кезінде барынша алысқа секіру).
Қай жаттығудың орындалу техникасын алсақ та олар бір – біріне кеңістік, уақыт, кеңістікті–уақыт және қозғалыс тәрізді сипаттамаларда болады. Кеңістік сипаттамасына жататындар: дене мен дене мүшелерінің тұрысы, қалпы, қозғалыс траекториясы. Уақыт сипаттамасы - уақыт ұзақтығы, қарқын және қимыл ырғағы деп бөлінеді. Кеңістікті-уақыт сипаттамасы – жылдамдық және үдеу. Қозғалыс сипаттамасы. Адамның қозғалу үрдісі кезінде ішкі және сыртқы күштердің біріге жұмыс істеуі қозғалыс сипаттамасын көрсетеді.
Дене тәрбиесі және спорт тәжрибесінде өте көп мөлшерде дене тәрбиесі жаттығулары қолданылады. Дене жаттығуларының қасиетін танып, оларды тиімді, дұрыс пайдалану үшін оларды топтарға бөле қолдана білу қажет. Олар алты топқа бөлінеді: 1. Дене тәрбиесі жаттығуларын тарихи қалыптасып қалған белгі бойынша топтау. Бұл белгі бойынша барлық жаттығулар төрт топқа бөлінеді: а) гимнастикалық жаттығулар (жалпы дене дамыту жаттығулары, гимнастикалық снарядтағы жаттығуларт.б.); ә) ойын жаттығулар (ойын кезінде орындалатын қозғалмалы және спорттық ойындар элементтері); б) туристік жаттығулар (туризмнің әр түрінде кездесетін жүру, атқа міну, велесипед, шаңғы тебу, қайықта ескек есу т.б жаттығулар); в) спорттық жаттығулар – спорттың әр түрінде қолдаланылатын негізгі жаттығулар (100метрге жүгіру, ұзындыққа секіру т. б.). 2. Дене қуатын қасиеттерін дамыту бағыты бойынша топтау. 3. Жаттығуларды білім беру мақсатына қарай топтау: негізгі, дайындық, жақындататын жаттығулар. 4. Дененің бұлшық еттерін дамытатын жаттығулар. 4. Қозғалыс құрылысына байланысты топталған жаттығулар: а) циклді жаттығулар (жүру, жүгіру, ескек есу т.б.); ә) ациклді жаттығулар (снарядтағы гимнастика, жеке сайыс т.б.) б) аралас жаттығулар (циклді, ациклді жаттығулары бар спорт ойындары). 6. Жаттығуларды күш қарқынына қарай топтау: а) өте жоғары қарқынмен орындалатын жаттығулар (20 секунд аралығында орындалады); ә) жоғарғы қарқынмен орындалатын жаттығулар (20секундтан 5 минөтке дейін ); б) қатты қарқынмен орындалатын жаттығулар (5 минөттен 30 минөтке дейін); в) қалыпты қарқынмен орындалатын жаттығулар (30 минөттен көбірек).
Табиғаттың табиғи сауықтыру күштері мен гигиеналық факторлар дене тәрбиесінің қосымша амалдары
Өзін-өзі бағалауға тапсырма:
Дене тәрбиесінің негізгі және қосымша амалдары.
Дене тәрбиесі жаттығулары.
Жаттығулардың техникасы, орындау кезеңдері.
Қозғалыс техникасының сипаттамасы.
Жаттығуларды топтау.
Табиғаттың табиғи күші – дене тәрбиесінің қосымша амалы.
Гигиеналық себептер \факторлар\ - дене тәрбиесінің қосымша амалы.
Әдебиет: негізгі [1-7]
қосымша [1,4,6]
Достарыңызбен бөлісу: |