Ќазаќстан республикасы білім жјне єылым министрлігі


б) Ұрықты фистула (түтікше) арқылы алу



бет23/115
Дата25.09.2022
өлшемі2.58 Mb.
#461304
түріОқулық
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   115
акушерство китап

б) Ұрықты фистула (түтікше) арқылы алу - әдістің үлкен теориялық және тәжірибелік маңызы бар. Бұл тәсілді қолданғанда ұрық алуға дайындық жұмыстары анағұрлым жеңілденеді, ең бастысы өте таза, залалсыз, ұзақ өмір сүретін ұрық алуға болады. Бұндай ұрықты қолданғанда ұрықтану көрсеткіші жоғарылайды.
Шәуетті фистула арқылы алу үшін аталық малға уретростомия (аталық малдың несеп жолына фистула қою) жасайды. 1923 жылы профессор Л.С. Сапожников тұңғыш рет бұл операцияны айғырларға жасаған. Шағылыс кезінде фистуланың астына ыдыс қояды. 3-4 минут ішінде ұрық ұрықжинағышты толтырады.
в) Шәуетті ұрықжинағыш арқылы алу. А.А. Зальцман мен В.Н. Милованов бірінші болып айғырмен бұқаға ұрық жинағышты құрастырады.
Ұрық жинағыш - жіңішке резеңке түтікшіден тұратын құрал, бір шеті бітеу, ал бос жағы (шеті) кең резеңке сақинасымен бекітілген. Шәуетті ұрық жинағыш арқылы екі жолмен алады.
1) Ұрық жинағышты қынапқа кіргізбей және 2) ұрық жинағышты аналық малдың қынабына кіргізу арқылы.
г) Шәуетті мастурбация арқылы алу - механикалық жолмен жыныс мүшесінің басын күпек қабына үйкелегенде ол тітіркенеді, соның салдарынан шәует бөлінеді. Бұл әдіс тек иттерден шәует алғанда қолданылады, басқа малдарға жарамайды.
д) Шәуетті уқалау (массаж) арқылы алу. Бұқадан шәует алудан бұрын оның күпегінің жүнін қырқады. Шәует алмай тұрып бұқаны сиырға жақындатпаса, онда шәует алу қиынға түседі. Сондықтан бұқаны сиырмен қоздыртады. Осының әсерінен ұрық шәует қосалқысынан ұрық жолы ампуласына өтеді. Содан кейін вазелин жағылған қолды бұқаның тік ішегіне салып, қолмен баяу сипап ампуланың ішіндегі ұрықты қысып шығарады. Шыққан ұрықты шыны ыдысқа немесе ұрық жинағышқа жинайды.
е) Электроэякуляция арқылы шәует алу. Бұл әдіс Украина зерттеу институтының қолдан ұрықтандыру лабораториясында саулық пен ешкіге арналып жасалған. Аталық малды станоққа енгізіп, оның тік ішегіне күміс электродты кіргізіп қуықтың үстіне орналастырады. Екінші электрод ретінде Пэан қысқышы қолданылады, оны ұманың үстіне қояды. Тоқтың жүйесі ретінде 30 В батареяны қолданады.
Приборды құрған соң электроцепті тұйықтып, ажыратады. Алдымен қысқа импульстермен, содан кейін екі-үш ұзын импульстер береді. Тоқтың әсерінен ұрық ампуласы жиырылады және оның ішіндегі ұрық бөлініп шығады. Қазіргі уақытта әр түрлі жануарларға (бұқаға, қошқарға, қоянға, құстарға) электроэякуляцияның тәсілдері ұсынылған, бірақ олардың еш біреуі де іс жүзінде қолдану тапқан жоқ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   115




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет