Ќазаќстан Республикасы Білім жјне єылым министрлігі


Бекітуге арналған сұрақтар



бет18/42
Дата26.09.2022
өлшемі1.34 Mb.
#461358
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   42
oak ekteoriya (1)

Бекітуге арналған сұрақтар

1 Сұраныс детерминанттары (анықтауыштары)


2 Сұраныстың өзгеру себептері
3 Ұсыныс заңы. Ұсыныс қисығының өзгеруіне әсер етуші
4 Ұсыныс детерминанттары (анықтауыштары)
Қолданылатын негізгі әдебиеттер:


1Менкью.Г., Тейлор, М. «Экономикс». 4 - Халықаралық басылымы.-Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2018 жыл.- 848 б
2 Куратко, Д.Ф. Кәсіпкерлік: теория, процесс, практика - 10-шы басылым.- Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2018.- 480 б.
3 Шваб К. Төртінші индустриялық революция.- Алматы: Ұлттық аударма бюросы, 2018.- 200 б.
4 Гриффин Р. Менеджмент. 12-басылым. Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2018.- 768 б.
5 Хилл, Ч.Халықаралық бизнес: Жаһандық нарықтағы бәсеке. - 12-ші басылым.- Астана: "Ұлттық аударма бюросы" қоғамдық қоры, 2019.- 720 б.

  1. Дәріс Қоғамдық шаруашылықтың түрлері

1.Натуралды және тауарлы шаруашылықтың пайда болу жағдайлары мен негізгі белгілері


2.Тауар және оның қасиеттері. Тауарға сіңген еңбектің екі жақты сипаты
3. Ақшаның пайда болуы мен қызметтері


Дәріс мақсаты: Натуралды және тауарлы шаруашылықтың мәнін, ақшаның пайда болуы тарихы мен атқаратын қызметтері туралы түсінік қалыптастыру.


Негізгі сөздер: натуралды шаруашылық, тауарлы шаруашылық,тауар, тауардың тұтыну құны, тауардың құны, еңбек, нақты еңбек, абстактілі еңбек, құн, ақша, ақшаның құн өлшемі қызметі, ақшаның төлем құралы қызметі, ақшаның айырбас құралы қызметі, ақшаның қор жинау қызметі, ақшаның дүниежүзілік қызметі.


1. Адамзат қоғамының тарихында қоғамдық өндіріс екі түрлі формаға бөлінеді: натуралды шаруашылық және тауарлы шаруашылық. Натуралды және тауарлы шаруашылық төмендегі келтірілген ерекшеліктермен сипатталады:
Натуралды және тауарлы шаруашылық сипаттамасы

Натуралды шаруашылық

Тауарлы шаруашылық

1. Экономикалық қатынастар тұйық жүйелі түрде болады.

1.Экономикалық қатынастар ашық жүйелі түрде болады.

2. Еңбек бөлінісі дамыған негізінде қолмен жасалатын еңбектің түрі.

2. Еңбек бөлінісі мен тауар айырбасы мамандарылған еңбек.

3. Өндіріс пен тұтынудың арасында тікелей экономикалық байланыста болады. Өндірілген өнім айырбасқа қатыспай-ақ тікелей тұтынылады.

3. Өндіріс пен тұтынудың арасындағы жанама экономикалық байланыс. Өндірілген өнім нарықта айырбасқа сатуға түсіп, кейін тұтынылады.

Бұл қоғамдық өндірістің екі түріне қысқаша төмендегідей сипаттама беруге болады.
Натуралды шаруашылық - қоғамдық өндірісті ұйымдастырудың ертедегі түрі болып табылады. Алғашқы қауымдағы адамның еңбек құрал сайманының қарапайымдылығы оған өнімді тек өзінің тұтынысы үшін жасауға мүмкіншілік береді. Яғни натуралды дегеніміз – адамдар өнімді айырбасқа нарыққа шығаруға ұмтылмастан, тек өздерінің жеке бас қажеттіліктерін өтеу үшін өндірілетін шаруашылықты айтамыз. Олардың негізгі белгілірі мыналар:

  • өндіргіш күштер мен оларды ұйымдастыру аса қарапайым;

  • өндірілетін өнімдер жиыны ғасырлар бойы өзгерместен жылдан- жылға бірдей көлемде өндіріледі.

Алайда «өндірдік- тұтындық»- приципі бойынша өмір сүру мүмкін емес екендігі кейінірек қоғамда дәлелдене бастады, яғни мұндай саясат елдің әлемдік рыноктан оқшаулануына экономикалық ғылымның артта қалуына әкелді, сондықтан экономикалық ұйымдастырудың бұл формасын қолдану мүмкін емес.
Осыдан кейін тауарлы шаруашылық қалыптасты. Мұның мәні мынада: Тауарлы деп- өнімдер сату үшін өндіріліп, ал өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы байланыс нарықтың көмегімен жүзеге асырылатын шаруашылық аталады.
Тауарлы шаруашылықтың пайда болуының қажетті шарты: нақты бір өнім шығарушыға өндірушілердің мамандануын білдіретін қоғамдық еңбек бөлінісі, яғни тауарлы шаруашылық - өндірілген өнім айырбасқа (сатуға) түседі.
жеке меншіктің болуы;
тауар өндірушілердің экономикалық оқшаулануы.
Тауарлы өндірістің шығу себебі жеке меншік және шаруашылық қатынастары арқылы өндірушілердің бір - бірінен оқшаулануы. Ол жеке меншік алғашқы қауымдық қоғамның ыдырау кезеңінде бой көтерді. Белгілері: Тауарлы өндірістің даму сипаты айырбаспен нарықтың дамуына байланысты.

  • жеке меншіктің пайда болуы;

  • тұтынушылар өз қажетін қанағаттандыра алу қабылеттілігі;

  • еркін кәсіпкерлікпен айналысуға жол ашылды;

  • қоғамдық өнімнің басым бөлігі тек жеке тұтыну үшін емес, нарық арқылы сатуға арналды;

  • экономикада мемлекеттік және жеке сектордың болуымен сипатталады.

2. Тауар – сатуға немесе айырбасқа түсетін өнім. К.Марстың ойынша, тауардың екі қасиеті бар:

  • адамның сұранысын қанағаттандыру, яғни тұтыну құны;

  • басқа затқа айырбастау мүмкіндігі, яғни айырбас құны (өз құны).

Тұтыну құны – тауардың пайдалылығы, адамның белгілі бір қажеттілігін қанағаттандыру қасиеті.
Айырбас құны (тауардың өз құны) – тауардың басқа тауарларға айырбасталу қабілеттілігі. Тауардың мұндай қасиеттері оны өндіруге жұмсалған еңбектің екі жақты сипатына байланысты:
Бірінші жағынан, еңбектің нақты түрі белгілі бір тұтыну құнын өндірумен сипатталады. Яғни, нақты еңбек арнайы еңбек құралдарын пайдаланумен, жұмыскердің мамандығымен, одан қалды нақты нәтижесімен көрінеді. Сондықтан тұтыну құнын жасайтын еңбекті нақты еңбек деп атайды. Адамның жұмыс күші шығындары тұрғысында барлық еңбек біркелкі және оның нақты түріне тәуелсіз. Мұндай еңбек абстрактылы еңбек. Нақты және абстрактылы еңбек – бұл тауарды жасайтын бір еңбектің екі жағы.
Құн заңы нарықта баға заңы ретінде көрінеді, немесе баға – құн заңының көрінісі. Бағаның өзгеруі құн заңының өндіріс салалары арасында өндірістік ресурстарды қайта бөлу қызметін атқаратынын көрсетеді.
3. Ақша - тауар өндiрiсiнiң эленментi ретiнде қалыптасады. Тауар өндiрiсiнiң алғашқы дамуында әртүрлi өнiмдер бiр-бiрiмен тiкелей алмастырылып отырады. Кейiнен олардың iшiнен ерекше тауарлар бөлiнiп шыға бастады. Олар жалпы эквиваленттер – басқа тауардың барлығына айырбасталу қабiлетi бар тауарлар. Олар әр халықта әртүрлi: астық, металл, мал, және т.б.
Тауар өндiрiсi мен халықаралық сауданың дамуында жалпы эквивалент қызметiн металдар атқара бастады.Ақша теориялары


Сонымен, ақша – бұл жалпы эквивалент рөлiн атқаратын ерекше тауар. Экономикалық әдебиеттерде ақшаның төмендегiдей қызметтерi көрсетiлген:







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   42




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет