Интерактивтілік- Шынайы уақыт режимінде оқушы мен ақпараттық жүйе арасындағы белсенді хабар алмасу интерактивтілік деген атауға ие болды. Әдебиеттерде үш түрлі қарастырылады:
Реактивті интерактивтілік-бұл тізбектелген тапсырмалар(оқытудың сызықтық моделі).
Әрекетті интерактивтілік-тапсырмаларды орындау ретін өз бетімен таңдау(оқытудың сызықтық емес моделі). Дербес білім алу жолы бойынша өзіндік оқу мүмкіндігі.
Өзара интерактивтілік-оқушы әртүрлі кедергілерді жоя отырып, зерттеу жүргізуге, жеке есептер шығаруға, тапсырмалардың ретін құрылымдауға мүмкіндігі бар.
Оқыту бірлігі-семантикалық, синтаксистік және прагматикалық тұтастығы бар, бір бүтін ретінде рәсімделген және оның мазмұны мен оның құрылымын формалдауға қолданылатын электрондық оқу басылымының бөлігі.
Достарыңызбен бөлісу: |