Ќазаќстан Республикасы Білім жєне Ѓылым министрлігі


Курстық жұмысқа қойылатын негізгі талаптар



бет4/8
Дата07.09.2023
өлшемі137 Kb.
#476852
1   2   3   4   5   6   7   8
Курстық жұмыс Орта.ғас. тарихы

3. Курстық жұмысқа қойылатын негізгі талаптар
Жұмыста зерттелінетін тақырып бойынша жан – жақты тереңдетілген теориялық білімдерге негізгі көңіл аударылады.
Курстық жұмысты жазу әрбір бөлімнің негізгі сұрақтардың мазмұнын қою мен сипаттаудан басталуы тиіс. Мазмұнын айқындау ғылыми дәл, анық және түсінікті болуы керек. Теориялық ережелер және қорытындылар нақты материалдарға негізделуі керек. Заңдар мен болмыстар туралы дұрыс түсіну үшін, мүмкіндігінше оларды тарихи аспектілерінде қарастырылуы керек. Ең маңыздысы, курстық жұмыстың материалы логикалық тәртіппен сипатталынуы.
Сол себепті, студентке, курстық жұмыс тақырыбының мазмұнын дұрыс толық айқындау үшін, қажет:
-осы аталған мәселе бойынша Қазақстандық және шетелдік ғалымдардың ғылыми жұмыстарын зерттеу:
-мерзімдік басылымдар мен статистикалық жинақтарда жарияланған статистикалық мәліметтермен танысу:
-таңдалған тақырып бойынша журналдарда басылып шыққан мақалаларды үйрену.
Теориялық білімді жиналған материалды жазбаша түрде сипаттау – бұл курстық жұмысты орындаудағы жаңа маңызды кезең, білімдерді қалыптастыруының келесі сатысы, оларды жүйелеу және түсіну. Ақпаратты өзіндік алудың әдістерін үйрене отырып, студент біліміне өзіндік бақылау ұйымдастыру керек. Студент курстық жұмыс орындау кезінде мәліметтердің өзара байланысын, сызба бойынша жұмыс істеу, теориялық және аналитикалық жағдайларды байланыстың сипаттамасын бейнелейді.
Курстық жұмыс жақсы әдеби тілмен жазылуы тиіс. Тіл, стиль, қысқа сөйлемдердің құрылуы, өз ойын түсінікті әрі жаттық тілде жеткізе білуі өте үлкен роль атқарады. Сөздерді қысқартуда, белгілеуде бірыңғайлықты сақтау керек. Басқа да қысқартулар рұқсат етілмейді.


4. Курстық жұмыстың орындалу тәртібі
Курстық жұмыстың орындалуын төмендегідей кезеңдерге бөлуге болады:
-тақырыпты таңдау;
-әдебиеттерді іріктеу және үйрену;
-жұмыс жоспарын құрастыру;
-нақты материалдарды жинау мен жетілдіру;
-курстық жұмысты жазу;
-курстық жұмысты толтыру (оформление);
-курстық жұмысты қорғау.

Тақырыпты таңдауда бір оқу тобында курстық жұмыстың бір тақырыбын тек бір ғана студент орындайды.


Тақырыпты таңдаудан соң, каталог бойынша қажетті әдебиеттер тізімін құрастыру, іріктеу және зерттеу қажет.
Мерзімдік әдебиеттерді үйрену соңғы жылдары жарияланған және курстық жұмысты толық қамтитын басылымдарға, содан соң бұрынғы басылымдарға ауысуға болады.Әдебиеттерді іріктеу және үйренуден соң студент курстық жұмыстың жоспарын ойланып, мұқият құрастыру керек, бұл негізгі сұрақтарды ашып көрсетуге мүмкіндік береді. Жоспар – бұл жұмыстың негізі, осы жазбаша жұмыстың деңгейі жоспардың құрылуына толығымен сәйкес болады.
Әдебиеттерді таңдау және үйренуден, жоспар құрастырудан, статистикалық материалдар іріктеліп және жетілдірілген соң курстық жұмыс жазуға кірісуге болады.
Курстық жұмыс 1 кестеде көрсетілген график бойынша қатаң түрде орындалуы тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет