2.6 Курс бойынша жазбаша жұмыстар тақырыптары.
Мақсаты:
әртүрлі стиль мен бағыттағы Web-беттерді өңдеу үшін практикалық тәжірибе алу;
Web-сервердің программалық қамтамасы және Web-сайтты құру үшін аспаптар ортасын үйрену.
Курстық жоба HTML, DHTML, CSS – стилінің каскадтық кестесін, JavaScript – клиентті-сценарийін оқып үйренгеннен кейін орындалады.
Түсініктеме жазбасының мазмұны:
Кіріспе. Есептің қойылуы.
Негізгі бөлім
Программалық іске асырылуы
Web – программистке инструкция
Тестілеу нәтижесі
Қорытынды
А Қосымшасы. Программа листингі.
Графикалық материалдардың мазмұны:
1. Сайттың логикалық құрылымы.
2. Сайттың физикалық құрылымы.
3. Навигация схемасы
Курстық жобаны орындау үшін талаптар:
таңдаған вариантыңызды тематикасына сәйкес Web – сайт құрыңыз. Сайттың мазмұнының генерациясы динамикалық болуы керек;
тапсырма вариантыңыз таңдаңыз;
өңдеу технологиясын таңдаңыз;
инструментарийін таңдаңыз;
сайттың логикалық құрылымын таңдаңыз. Тематикалық бөлімін көрсетіңіз. Графикалық және мәтіндік материалды анықтаңыз;
көрсететін бөлімді құрыңыз;
қолданушылардың логинін жәні паролін, логотипін және қанша мәрте кіргенін есептеу счетчигінің регистрациясын қарастырыңыз.
Курстық жобалардың тематикасы:
Пән бойынша Web – түйіндерді өңдеу.
Электрондық кітапхана
Электрондық аудиотека.
Электрондық видеотека.
ДҚ –мен жұмысқа арналған Web – қолданба
Дистанциондық білім беруге арналған оқулық-методикалық материалдарды өңдеу.
а) электрондық кітап;
б) тестілеу жүйесі;
в) оқыту тіркемелері және есебі жүйесі (электрондық деканат);
Интернет – магазиндер.
Әртүрлі саладағы корпоративтік сайттарды өңдеу .
Ақпараттық– сауықтандыру сайттарды өңдеу
Қызығушылық бойынша сайттарды өңдеу .
Электрондық жаппай ақпараттық қызметін (СМИ) өңдеу.
“Институт” Web–түйінін өңдеу.
“Топ” Web– түйінін өңдеу.
Электрондық төлеу жүйесін өңдеу.
Электрондық аукциондарды өңдеу.
Электрондық анықтама қызметін өңдеу.
Сайттарды жаңарту үшін жүйені өңдеу.
CGI – скрипті өңдеу.
Ұялы телефон арқылы қатынас үшін Web– қолданбаны өңдеу (WAP - хаттама).
Қалта компьютер көмегімен қатынас үшін қосымшаны өңдеу.
Сіздің вариантыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |