Өндіріс уақыты – барлық еңбек құралдарымен заттарының өндіріс саласында қатысқан барлық кезеңді қамтиды, яғни олардың кәсіпорын қоймасына келуінен бастап дайын өнімнің сатылуына дейінгі аралық.
Айналым уақыты – бұл ресурстардың өндіріс және айналым саласынан өтіп, бастапқы формасына келуге кеткен уақыты.
Айналымдардың саны келесі формула бойынша есептеледі:
бұл жерде n – жыл бойындағы айналымдар саны; О – қабылданған уақыт бірлігі (1 жыл); t – берілген ресурстардың айналымының уақыты.
Айналыс уақытының құрамына төмендегілер енеді:
А) дайын өнім қоймада болған уақыт;
Б) дайын өнімді тұтынушыға тасымалдау уақыты;
В) дайын өнімді сату уақыты, яғни, тауар формасынан ақша формасына ауыстыру уақыты;
Г) өндіріс құралдарының жаңа қорларын сатып алу уақыты.
Осылайша, айналыс уақыты өндіріс құралдарын сатып алу және дайын өнімді сату уақытынан тұрады.
Айналмалы капитал көрсеткіш ретінде сату көлемі мен салынған капитал арасындағы қатынасты білдіреді, яғни, таза салынған активтердің қандай дәрежеге дейін сатуды белсендіретінін бағалайды:
.
Айналмалы қорға және айналыс қорларына салынған ақша қаражаттары айналмалы қаражаттарды (айналмалы капиталды) қалыптастырады. Қайта өндіруге қызмет көрсету үрдісінде айналмалы қаражаттардың бір бөлігі бір уақытта әр түрлі кезеңде және айналымның әр түрлі пішінінде болады.
Айналмалы қаражаттардың капитал салымдары түріндегі бір бөлігі – инвестициялар өндірістік қорлардың материалдық мазмұнын ашады. Олар кәсіпорындардың қоймасында жатады және өндірістің үрдісінің үздіксіз жүруі үшін жұмсалу шегіне қарай жаңаларымен толықтырылып отырады.
Айналмалы қаражаттардың екінші бөлігі дайындалудың әр түрлі кезеңіндегі аяқталмаған өнім түрінде болады.
Айналмалы қаражаттардың үшінші бөлігі сатып алушыларға сатылуға тиіс дайын өнім түрінде болады. Ол үнемі тиеліп, оның орнына сатып алушыларға жіберу үшін жаңа өнім келіп түседі.
Айналмалы қаражаттардың төртінші бөлігі банк шоттарында және кәсіпорын кассаларында жатқан қаражаттарын білдіреді.
Е ңбекі төлеуге, жеткізіп берушілермен есеп айырысуға және басқа да мақсаттарға жұмсалу шегіне байланысты олар, үнемі, жаңаларымен толықтырылып отырады. Айналмалы қаражаттардың құрамына материалды және ақша ресурстары да енетіндіктен, оларды тиімді ұйымдастырылуы мен пайдалануына тек материалдық өндіріс қана тәуелді емес, сондай-ақ, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы да тәуелді.
Айналмалы қаражаттарды ұйымдастыру олардың тиімділігін жоғарылату бойынша мәселелер кешенінің негізін қалаушы болып табылады. Оның құрамына төмендегілер кіреді:
айналмалы қаражаттардың құрамы мен құрылымын анықтау;
кәсіпорынның айналмалы қажаттарға деген қажеттілігін бекіту;
айналмалы қаражаттардың қалыптасу көздерін анықтау;
айналмалы қаражаттарды бөлу;
айналмалы қаражаттардың сақталуы мен тиімді пайдалануына жауапкершілік.
Қалыптасу көздері бойынша айналмалы қаражаттар өзіндік, қарызға алынған және тартылған қаражаттар болып бөлінеді.
Айналмалы қаражаттардың қалыптасуының өзіндік көзі ретінде жоспарланған жылдың басында артық қалған айналмалы қаражаттар, корпорацияның қолында қалған пайданың бөлігі қалыптасады. Қарызға алынған қаражаттарға банктік және коммерциялық несиелерді, инвестициялық салықтық несиелерді, қарыздарды жатқызады. Олар тек мақсатты түрде ғана тағайындалады. Қазіргі кезде коммерциялық несие кеңінен қолданысқа түсуде. Сатып алушы-кәсіпорын материалдық құндылықтарды ала отырып, оның құнын жабдықтаушы анықтаған мерзімге дейін төлемейді. Жабдықтаушы осы мерзімге дейін сатып алушыға коммерциялық несие береді.
Корпорация жұмысшыларының инвестициялық салымдары арнайы келісім-шарттың немесе ереженің негізінде жүзеге асырылады. Жасаған салымының сомасына байланысты корпорация жұмысшысы белгілі бір пайыз алып отырады.
Айналмалы қаражаттарға деген қажеттілікті жабу үшін қарыз қаражаттарын тартуда корпорация облигация сияқты қарыздық бағалы қағаздарды айналысқа жібере алады. Осылайша, эмитент пен облигацияны ұстаушы арасында қарыз қатынасы қалыптасады.
Қарыз қаражаттары тек несие, қарыз және салымдар түрінде ғана тартылмайды, сондай-ақ, қарыз міндеткерлігі, басқа да қаражаттар түрінде, яғни, кәсіпорынның уақытша тағайындалуы бойынша пайдаланылмай тұрған қор қалдықтары мен қорлары түрінде де болады.
Достарыңызбен бөлісу: |