Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) - белгілі бір уақытта мемлекеттің ішінде өндірілген соңғы таарлар мен қызметтердің нарықтық құны.
Таза ұлттық өнім (ТҰӨ) – бұл белгілі-бір кезеңде нақты өндірілген тауарлар мен қызметтердің нарықтық бағасы. Бұл көрсеткіш жалпы ұлттық өнімнен амортизациялық төлемдерді алып тастау арқылы анықталады:
ТҰӨ = ЖҰӨ – А Ұлттық табыс (ҰТ) – бұл материалдық және материалдық емес салалардың барлық қатысушылардың жиынтық табыстары. Ұлттық табыс таза ұлттық өнімнен жанама салықтарды алып тастау арқылы анықталады.
Жеке табыс – бұл салықты төлгенге дейінгі жеке-дара, тұлғалар мен жануялардың табыстары:
Жеке табыс = ҰТ - ұжымдық табыс салығы+ трансферттік төлемдер
Трансферттік төлемдерге мемлекеттің әлеуметтік қамсыздандыру бойынша төлемдер жатады (түрлі жәрдемақылар, зейнетақы, шәкіртақы және т.б.).
Қолда бар табыс – бұл барлық салықтарды төлегеннен кейін қалатын табыс.
Қолда бар табыс = жеке табыс - жеке табыс салықтық
Инфляцияның нақты мөлшерін көрсету үшін , яғни қандай-да бір екі кезеңдегі өндірісті салыстыру кезіңде инфляция деңгейін есепке алу үшін ЖҰӨ дефляторы қолданылады.
ЖҰӨ дефляторы келесі формула арқылы анықталады:
ЖҰӨ дефляторы = Номиналды ЖҰӨ / Нақты ЖҰӨ
Номиналды ЖҰӨ – бұл ағымдағы кезеңнің бағаларында көрсетілген ЖҰӨ.
Нақты ЖҰӨ – бұл тұрақты бағаларда, яғни, базистік кезеңнің бағаларында көрсетілген ЖҰӨ.
Тақырып 12. Экономикалық тепе – теңдік және экономикалық өсу.
Макроэкономикалық тепе–теңдікті қарастыру үшін келесі категорияларды қарастыру қажет: жиынтық сұраныс, жиынтық ұсыныс және экономикалық өсу.
Жиынтық сұраныс (ағыл., agregate demand, АD) дегеніміз – тұтынушылар, кәсіпорындар және мемлекеттің кез–келген баға деңгейінде сатып алуға дайын ұлттық өндірістің нақты көлемі.
AD тауар нарығындағы ұсынылатын түпкілікті тауарлар мен қызметтердің барлық сұраныс сомасын көрсетеді:
мұнда
C-тұтыну;
G-мемлекеттік шығындар;
I-инвестиция;
NХ -таза экспорт.
Жиынтық сұраныс бағамен кері байланыста бола отырып, бірқатар факторларының әсерінен төмендейді:
1) пайыздық мөлшерлеме деңгейінің жоғарлауы;
2) кассалық қалдық әсері;
3) импорттық сатып алу әсері.
Баға деңгейінің өсуі тұтынушыларды да, өндірушілерді де ақшаны қарызға алуға мәжбүрлейді. Мұндай жағдай пайыздық мөлшерлемені жоғарылатады. Сондықтан тұтынушылар өздерінің сатып алуларын, кәсіпкер инвестицияларын қысқартады. Нәтижесінде жиынтық сұраныс қысқарады.
Кассалық қалдық әсері инфляция кезіндегі ақшалай қордың құндылығының сақталуымен сипатталады. Баға жоғарлағанда халықтың жинақтаған қаражатына сатып алатын игіліктер саны азаяды. Соның салдарынан жиынтық сұраныс көлемі де азаяды.
Импорттық сатып алу әсері жергілікті инфляциямен байланысты болады. Тұтынушылардың алдында қымбат отандық тауарлар мен бағасы өзгермеген шетелдік тауарларды сатып алу таңдау мүмкіңдігі болады. Тұтынушы импорттық игіліктерді сатып алуға ұмтылады. Ал ұлттық өндіріске деген жиынтық сұраныс азаяды.
Жиынтық сұранысқа әсер ететін бағалық емес факторлар (детерминанттар):
1) мемлекеттің шығындары мен салықтың өзгеруі;
тұтынушылар мен өндірушілердің күтімі;
халықтың санының өзгеруі;
экспорттық-импорттық операциялар.
Достарыңызбен бөлісу: |