Тақырып 4. Экономикалық жүйелердің типтері мен олардың даму заңдылықтары
Жүйе (грекше – құрастыру, бөліктерді біріктіру, қосу) заң-дылықтардың, бір-бірімен байланысты құбылыстардың, сон-дай-ақ табиғат пен қоғам жайлы білімдердің объективті бірлігі. Жүйелер қарапайым және күрделі болады. Күрделі жүйе әр дең-гейдегі жүйелер ішінде біріккен өзара іс-қимылдағы элемент-терден тұратын көп деңгейлі конструкцияны көрсетеді. Егер күрделі жүйені басқару бір орталыққа жинақталса, ол орталық-тандырылған деп аталады, егер басқару орталығы бірден көп болса, онда басқару – орталықтанбаған деп аталады.
Күрделі жүйенің негізгі айрықша белгілері:
өзара іс-қимылдағы және өзара байланыстағы элемент-тердің көп көлемде болуы;
оның алдына қойылған мақсаттарға жету үшін бағыт-талған жүйемен орындалатын қызметтерінің күрделілігі;
бөлек блок – ішкі жүйелерге жүйелерді бөлшектеу мүм-кіндігі;
тармақталған ақпараттар желісін және ақпараттардың белсенді ағымдарын басқарудың болуы;
сыртқы ортамен өзара іс-қимыл және кездейсоқ фак-торлардың ықпалы жағдайында қызмет істеуі.
Экономикалық жүйе – ұйымдық нысандар мен қалыптас-қан мүліктік қатынастар қоғамда іске асатын, экономикалық үрдістердің жиынтығы. Ол қалыптасқан мүліктік қатынастар мен ұйымдық негізінде қоғамда жүзеге асады.
Экономикалық жүйе көптеген факторларға негізделеді. Оның дамуына ықпал ететін факторлар:
шаруашылық шешімдерін қабылдау жөнінде елде қалып-тасқан шаралар жүйесі;
меншік құрылымы;
ақпараттар мен өзара үйлесімділікті қамтамасыз ету ме-ханизмі;
мақсаттарды белгілеу мен еңбек етуге жұмылдыру меха-низмі.
Экономикалық жүйелер шешетін негізгі мәселелер:
Не өндіру керек? Қалай өндіру керек? Кім үшін өндіру керек? Экономикалық жүйе осы мәселелерге қалай жауап беру-мен ерекшеленеді.
Экономикалық жүйелер түрлі критерийлері бойынша жік-теледі.
Достарыңызбен бөлісу: |