Ќазаќстан Республикасы Білім жєне ѓылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет27/82
Дата16.01.2023
өлшемі2.82 Mb.
#468438
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   82
Мал шаруашылығының асылдандыру жұмыстарын орындау

 
2.4.1. Криптомерия. Жоғарыда келтірілген мысалда белгінің пайда 
болуына екі басым гендердің себепші болатыны белгілі болғанындай. Алайда 
ағзада белгілі бір заттың түзілуіне зиянын тигізетін рецессивті гендер де бар. 
Бұған мысал ретінде альбинизмді (латынша "альбус" — ақ) — пигменттің 
жетімсіздігінен терінің, шаштың ағаруын алуға болады. Альбинизмнің 
себебінен пигменттің дамуына әсер ететін гендер жасырын қалып қояды. 
Мысалы, ақ түсті (альбинос) тышқандарды қара тышқандармен 
шағылыстырғанда бірінші тұқымда тағы сұр түстің ("агути") пайда болатыны 
байқалады. Әдетте бұл доминантты белгі: Ұрпақтарында 3 түрлі фенотип: 9 
агути, 3 қара және 4 ақ пайда болады. Түстердің бұл тұқым қуалау қасиетін 
екі жұп геннің қызметі деп түсіну керек. Олар пигментке жауап беретін А 
гені және альбинизмге ұшырайтынын, оның аллелі - а; В гені пигменттің 
шаштың ұзына бойына тегіс таралмауын қамтамасыз етеді (агути), оның 
аллелі - в қара тышқандарда байқалатын пигменттің біртұтас тарауын 
қамтамасыз етеді. Гендердің осылайша өзара әсер етуін криптомерия деп 
атайды (13-сурет). 
2.4.2. Эпистаз және гипостаз. Доминантты ген кез келген аллельдер 
жұбына өзінің рецессивті серігінің көрінуіне бөгет жасайды. Дегенмен, кейде 
доминантты геннің қасиеті басқа жердегі (локустағы) тіпті басқа 
хромосомдағы геннің әсерінен бәсендеуі мүмкін. Мұндай бір геннің қасиетін 
екінші бір геннің бүркемелеуін эпистаз деп атайды. Басқа гендердің 
қасиетіне жол бермейтін "құдіретті" генді эпистаздық ген, ал жәбірленген 
генді гипостаздық ген деп атайды. 
Әдетте доминанттылық жағдайында доминантты және рецессивті 
гендер бір жұп аллельден тұрады, ал гендердің эпистаз және гипостаз арқылы 
өзара әсер етуінде олар әртүрлі локустарында (учаскелерінде) болады. 
Эпистаз құбылысы жылқылардың түсін және асқабақтың сыртқы қабығының 
бояуының тұқым қуалау қасиетін зерттегенде ашылған. Жылқылардың көк 
түсі басқа түстерге қарағанда басым болады. Бұл түс торы, қара, жирен т.б. 
түстерді бүркемелейді. Генотипі ССВВ көк жылқыны ссвв жирен түстімен 
шағылыстырғанда Ғ
1
барлық құлынның түсі көк, генотипі СсВс болады. Ал 


40 
Ғ
1
-ді өзара шағылыстырғанда Ғ
2
-де фенотипі: 12 көк, 3 қара және 1 жирен 
қатынасымен ажырасады. Көк түстің аллелі (С) басқа түстердің тәуелсіз 
гендерін бүркеп қалады. Генотипінде С аллелі бар жылқылардың бәрі көк 
болады. Егер С аллелі болмаса қара (ссВВ, ссВв) және қос рецессивті ссвв 
гепотипі барлар жирен болады. 
A- қара рең; a— альбинизм (меңсіз ақ); 
В - агути типтес рең; в - денесінің бүтіндей боялуы. 
13-суретЕкі жұп геннің өзара әсерінен тышқандардың түсінің


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   82




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет