Ќазаќстан Республикасы Білім жєне ѓылым министрлігі


тұқым қуалауы (криптомерия)



Pdf көрінісі
бет28/82
Дата16.01.2023
өлшемі2.82 Mb.
#468438
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   82
Мал шаруашылығының асылдандыру жұмыстарын орындау

тұқым қуалауы (криптомерия). 
 
2.4.3. Полимерия (грекше "полимериан – өте күрделі). Бірнеше 
гендердің бір белгіні анықтауы гендердің өзара әрекет етуінің маңызды бір 
түрі. Белгінің бір уақытта бірнеше балама (эквивалентті) гендердің әсерінен 
қалыптасу құбылысын полимерия деп атайды, ал оған әсер ететін гендерді 
полимерлі гендер деп атайды. Полимерлі белгілерге көптеген шаруашылыққа 
маңызды селекциялық белгілер жатады. Мысалы, астық өнімділігі, дәннің 
мөлшері мен салмағы, сүт өнімділіі және оның майлылығы, ет, жүн, 
жұмыртқа өнімдері, малдың жұмысқа қабілеттілігі т.б. селекциялық маңызы 
бар белгілер жатады. 
Гендердің саны көбейген сайын олардың әсер ететін қасиетінің 
күшейетіндігі селекцияда өте маңызды. Полимерлік гендердің өзара әрекет 
етуінің аса бір маңызы оның келесі ұрпаққа берілетін сандық белгілерді 
бағындыруында. 
Полимерлік белгілердің тұқым қуалауын зерттеу біздің ғасырдың 
басында басталған. Ең алғаш мұндай қасиетті швед генетигі Г. Нильсон-Эле 
1908 жылы сұлының қабығы мен бидай дәнінің түсінің тұқым қуалауын 
зерттегенде анықтаған. Қызыл және ақ (боялмаған) дәні бар бидайды өзара 
будандастырғанда F
2
-де Нильсон-Эле әдеттегі моногибридтік ажырасуды 
ғана көрді, яғни 3:1 қатынасын. Бірақ бидайдың осындай белгілерден 
айырмашылығы бар нәсілдерін будандастырғанда екінші қатардағы 


41 
ұрпақтарында
2
) ара-қатынасы 15/16 боялған және 1/16 ақ дән болып 
ажырайды. Бірінші топтағы дән күңгірт-қызыл түстен ақшыл-қызыл түске 
дейін өзгеретіні байқалды. Екінші ұрпақты
2
) өзара будандастырғаннан 
пайда болған Ғ

ұрпақты талдау жасағанда ақ дәндерден және өте күңгірт 
(қызыл) бояулы дәндерден ескен ұрпақтардың тұқымы ажыраспайтындығы 
анықталды. Екі ортадағы бидай тұқымдарынан келесі ұрпақтың әр түрлі 
түске ажырасатыны көрінді. Ажырасу тәртібін талдау нәтижесінде бұл 
жағдайда қызыл бояулы дән әртүрлі гендердің екі доминантты аллелінің 
әсерінен пайда болатыны анықталды, ал олардың рецессивті аллельдерінің 
үйлесуі гомозиготалық күйде боялмаған дәндерге әсер етеді. Бояудың реңі 
генотиптегі доминантты гендердің санына байланысты. Гендердің бұл 
түрлері полимерлік деп аталып және белгіге бір мағыналы әсер етуіне 
байланысты оларды бір латын әрпімен белгілеп әр мүшесіне сандық 
көрсеткіштер қою ұйғарылды, мысалы А
1
А
2
, А
3
т.с.с. Демек Ғ
2
де 15:1 
қатынасымен ажырасу берген аталық-аналықтар қатарының генотипі 
А
1
А
1
А
2
А

және а
1
а
1
а
2
а

болған (14-сурет). 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
 (күңгірт қызыл түс) (ақшыл-қызғыл түс) (ақшыл-қызғыл түс) ( ақ түс)
 14-сурет. Гендер полимериясы 
Геннің модификациялық әсері. Өз әсері жоқ, бірақ басқа гендерді 
күшейтіп не осалдандыратын әсері бар гендерді модификаторлық (латынша 
модификация – түр өзгерушілік) гендер деп атайды. Бұл тұжырымға 
гендердің өзара әсер етуінің барлық түрі жатады. Дегенмен
"модификаторлық гендер" анықтамасына гендердің өзара әсер етуінің 
ауыспалы түрлері кіреді. Мысалы, супрессиялық гендер (ағылшынша 
"суппрессор" – басымдылық) белгіcі қалпына келтіреді, ал модификаторлар 
төмендетеді не күшейтеді. 
Сүтқоректілердің түс бояуларын зерттегенде оларда кездесетін 
ауытқулар байқалады. Олар пигменттің толық дамуы немесе мүлде болмауы 
(альбинизм), көптеген аралық ауыспалы реңдер. Көптеген жағдайларда 


42 
модификаторлық геңдер басқа аллельді емес гендердің әсерін күшейтуге 
ықпалын тигізеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   82




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет