Ќазаќстан Республикасы Білім жєне ѓылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет45/82
Дата16.01.2023
өлшемі2.82 Mb.
#468438
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   82
Мал шаруашылығының асылдандыру жұмыстарын орындау

4.1.4. Трансформация - құбылысы жөнінде бұдан бұрынғы тарауда сөз 
қозғалған. Онда біз пневмококктар колонияларының диссоциацияға душар 
болатынын, яғни олардың қасиеттерінің өзгеретінін байқадық S формалы 
пневмококктар жасушалары өте жұқпалы (өкпе қабынуының типті формасын 
туғызады). Олар әдетте жұп жасушалар бүркейтін кілегейлі капсулалар 
түзеді. Бұл капсулалар күрделі полисахаридтен тұрады. Керісінше 5 
формасының өзгеруі нәтижесінде пайда болған R формалы пневмококктар 
жұқпалы емес, капсулалар түзбейді және жұптасып орналаспайды. Бұл 
айырмашылықтар жануарларға жасалған тәжірибелер кезінде (жұқпалығын 
айыру), микроскоппен зерттегенде және қоректік ортада - агарда өсіргенде 
колониялардың формасы мен түсінен байқалады. 
1928 жылы ағылшын бактериологы Ф. Гриффит осы микроорганизмдердің 
трансформациялық құбылысын (бір түрден екінші түрге айналу) ашты. 
Гриффит жұқпалы емес R-писимококктарлық әсерін тышқандарға тәжірибе 
жасап зерттеді. Миллиондаған R типі жасушаларды еккен тышқандар өліп 
кетті. Осы бактерияларды іздестіру мақсатымен өлген тышқандардың 


66 
мүшелерін зерттей отырып, ғалым күтпеген жерден мынадай ақиқатқа 
(фактіге) тап болды: капсуласынан айырылған R типі пневмококктардың 
орнында тек қана капсуласы бар жұпыны S типті пневмококктар болған. 
Гриффит мынадай пікірге келді: жасушалардың бір бөлігі құри отырып, 
әйтеуір бір зат бөліп шығарады, бұл зат тірі қалған жасушаларды
капсулалар түзуге мәжбүр етеді. Ғалым бұл пікірді мынадай тәжірибе 
арқылы зерттеуді ұйғарды. Тышқан ағзасына жоғары температурамен 
өлтірілген көп S жасушаларымен бірге R жасушаларының шағын мөлшерін 
енгізді. S жасушалар І-типтіге жатқызылады. Кейінірек Грифиттің 
күткеніндей, тышқандардан тірі R жасушалар бөліп алынды. Екінші 
тәжірибеде І-типті тірі R жасушаларын және II-типті өлген S жасушаларын 
алды. Бұдан мынадай түсінік шығады: ІІ-типті өлген S жасушалардан 
"белгісіз зат" олардың туыстарына капсуласынан айрылған І-типті
жасушаларды ІІ-типті капсуланы түзуге қабілетті келетін жұқпалы
жасушаларға айналдырады (трансформациялайды). Трансформацияны 
туғызатын 
осы 
"белгісіз 
зат" 
деп 
отырғанымызды 
Гриффит 
трансформациялайтын бастам деп атады. Транформациялайтын бастамның 
S жасушаларында ДНҚ болғанын 1944 жылы К.Т. Эйвери, К.М. Маклеол 
және М. Маккарти толық дәлелдеді. Сөйтіп, ДНҚ-ның генетикалық рөлі ең 
бірінші рет анықталып дәлелденді. Трансформация құбылысы ДНҚ-ның 
тұқым қуалау ақпаратын сақтаушы ретіндегі рөлін анықтайтын негізгі 
дәлелдердің бірі болды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   82




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет