Ќазаќстан Республикасы Білім жєне ѓылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет57/82
Дата16.01.2023
өлшемі2.82 Mb.
#468438
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   82
Мал шаруашылығының асылдандыру жұмыстарын орындау

варияциялық қатары
 
Сонда өзгергіштіктің шамасы 14 пен 20-ның аралығында 
болатындығын көреміз. Соның ішінде масақшаларының саны 16—18 болып 
келетін масақтар жиі, ал сандары жоғары немесе төмен болып келетіндері 
сирек кездеседі. Ол есептеулердің нәтижесі мынадай:
 
 
 
 
28-сурет. Бидай 
масағындағы масақшалар 
санының өзгермелі 
нұсқасының қисық сызығы 
Кестедегі жоғары цифрлар азынан көбіне қарай орналасқан варианттар 
қатарын, ал төменгі цифрлар варианттардың кездесу жиілігін көрсетеді. Бұл 
цифрлардың бәрін қоссақ, бастапқы алынған 100 масаққа сәйкес келеді. 
Вариация қатарында орналасқан жеке варианттардың өзгерісін қисық сызық 
арқылы анық көрсетуге болады (28-сурет).
Мысалы, бидайды алып, екі белгісінің — масағының ұзындығы мен 
масақшалар санының модификациялық өзгергіштігін зерттейік. Аталған 
белгілердің вариация коэффициенттерін салыстыру арқылы олардың өзгеру 
шамасын анықтай аламыз.
Сонымен, модификациялық өзгергіштікке нақты сипаттама беру үшін 
зерттелетін нысан бойынша алынатын дарақтардың саны көп болуы керек. 
Сонда ғана жоғарыда көрсетілген статистикалық әдіс өзінің оң нәтижесін 
береді. Бұған көз жеткізу үшін арнайы зертханалық жұмыс ұсынылып отыр.
 


82 
6.1.3. Белгілердің өзара байланысын зерттеу әдісі. 
Жануарлардың белгілері мен қасиеттері өзара белгілі бір байланыста 
болады. Мысалы аналығы мен ұрғашы ұрпақтарының әр түрлі ауруларға 
төзімділігі 
мен 
қабылдағыштығы, 
фагоциттік 
белсенділік 
пен 
резистентіліктің, азықтандыру мен сүттіліктің, денесінің тұрқы мен тірі 
салмағының арасында байланыстар болады. Осыны корреляциялық байланыс 
дейді. Тірі ағзалар белгілерінің корреляциялық байланысының ерекшелігі - 
әрбір белгінің мағынасына басқа белгілердің бірнеше мағынасы сәйкес 
келеді. Мысалы биіктігі бірдей малдардың әртүрлі тірі салмағы болуы 
мүмкін, бірақ орташа алғанда тапал бойлы малдардың биіктеріне қарағанда 
тірі салмағы төмен болады.
Корреляцияның 
оң 
және 
теріс 
түрлерін 
ажыратады. 
Оң 
коррелицияларда бір белгінің көрсеткіші ұлғайса, екінші белгінікі де 
көбейеді. Мысалы, бірінші туған сиырлардың тірі салмағының өсуімен қатар 
сүті де көбейеді; егер сүттің майлылығы жоғары болса, ақуыз проценті де көп 
болады.
Теріс корреляцияда бір белгі көрсеткіші көбейсе, екіншісі азаяды, көп 
жұмыртқа табатын тауықтың жұмыртқасы кішкене болады, жүннің 
ұзындығы артса, талшығы жуандай береді. Өзара байланыстың күшін және 
бағытын зерттеп білуі үшін корреляция коэффицентін есептеп шығарады.
Корреляциялық тор. Белгілер арасындағы байланысты анықтау үшін 
варианттардың екі көрсеткіші болуы керек: біреуі х екіншісі у әріпімен 
бейнеленеді. Сонан кейін әрқайсысына мүмкіндігінше сандары бірдей 
кластар құрады, х белгісі бар кластарды көлденең жолға, ал у-ті тік 
орналастырса корреляциялық тор пайда болады. Осы тордың ішіне әрбір 
белгінің шамасына сәйкес варианттарын орналастырады. Екі шаманың 
астасқан төрт бұрыш ішіне ондық жүйемен белгі соғады. Осылайша барлық 
варианттардың шамасын орналастырып болғаннан кейін тор «көздерінің» 
көпшілігі цифрға толады да, х және у көрсекіштері сәйкес қиылыспайтын 
жерлер бос болады.
Корреляциялық тордың ішінде варианттардың орналасу кескініне 
қарап байланыстың бағытын, оның мөлшерін де біршама анықтауға болады. 
Егер белгінің бір класқа өсуіне байланысты екіншісі де бір класқа өссе, 
барлық варианттар бір диагоналдың бойына жоғарыдан төмен, солдан оңға 
қарай түседі. Бұл жағдайда толық оң корреляция бар деп білу керек. Егер бір 
белгінің көрсеткіші жоғарылап, екіншісі оған сәйкес төмендесе онда барлық 
варианттар солдан оңға, бірақ төменнен жоғары қарай түсетін диагональ 
бойына орналасады. Бұл толық теріс корреляция, ал диагональ теріс 
корреляциялық деп аталады. Байланыс оң болса цифрлар тордың екі бойына 
орналасып, көлденең жолдарда х қатарының маңына, тік жолдарда у- 
орташасының маңына топтасады, бірақ ондай жағдай сирек кездеседі. 
Корреляциялық тордың ішіне цифрлардың орналасу тәртібі корреляциялық 


83 
алаң жіңішке болса, солғұрлым белгілер арасындағы байланыс күштірек 
болады. (29-сурет)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   82




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет