Ќазаќстан Республикасы Білім жєне ѓылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет38/82
Дата16.01.2023
өлшемі2.82 Mb.
#468438
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   82
Мал шаруашылығының асылдандыру жұмыстарын орындау

А-аденин 
Г-гуанин 
Ц-цитозин 
У-урацил 
Ф-фосфор қышқылы 
Р-рибоза 
 
20-сурет. РНҚ полинуклеотидінің 
химиялық құрылымы 
 
РНҚ-ның құрамында көрсетiлген рибонуклеозидмонофосфаттардан 
басқа аз мөлшерде минорлы негiздер және минорлы нуклеозидтер де 
кездеседi. Минорлы азотты негiздер - бұл үдеріс (РНҚ-ның пiсiп жетiлуi) 
кезiнде полирибонуклеотид құрамындағы басты негiздердiң түрленуi 
нәтижесiнде түзiлген метил және гидроксил туындылары. 
 РНҚ-ның бiрiншi реттiк құрылымы. РНҚ-ның бiрiншi реттiк 
құрылымы коваленттi құрылым болып табылады, өйткенi РНМФ қалдығы 
полирибонуклеотидтi тiзбекте бiрiмен-бiрi 3, 5 фосфодиэфирлi байланыспен 
бiрiгедi. РНМФ-тың бiрiншi реттiк құрылымы - бұл полирибонуклеотидтi 
тiзбекте РНМФ қалдықтарының тiзбектесiп берiлуi. Қаңқа монотонды 
қайталанып келетiн рибоха мен нуклеин қышқылдарының қалдықтарынан 
тұрады. 
Азотты негiздер бiр-бiрiнен бiрдей ара қашықтықта орналасқан бүйiр 
топтары түрiнде қарастыруға болады. Полирибонуклеотидтi тiзбекке 
векторлық тән, тiзбек бағыты 5->3. РНҚ-ның әрбiр түрлерiнiң 


58 
поликонденсациялық коэффициентi бiрнеше оннан бiрнеше мыңға дейiн 
созылады. Молекулалық массасы 250 мыңнан млн. Дальтонға дейiн. 
РНҚ-ның ДНҚ-дан айырмашылығы оның реттелген екiншi реттiк 
құрылымы жоқ. 
3.6.3. Генетикалық код - тірі ағзаларға тән нуклеин қышқылдары 
молекуласындағы тұқымқуалаушы (генетикалық) ақпараттың нуклеотидтер 
тізбегі түріндегі біртұтас “жазылу” жүйесі. Бұл - барлық тірі ағзаларға ортақ 
заңдылық. 
Генетикалық код туралы қазіргі қалыптасқан көзқарасқа 1960 жылы 
Америка ғалымдары М. Ниренберг, Г.Корана және П.Ледердің жүргізген 
зерттеулері көп әсерін тигізді. Генетикалық код бірлігі - ДНҚ мен РНҚ 
молекуласындағы 3 - нуклеотид (триплет) тізбектерінен тұратын кодон 
(аРНҚ нуклеотидтерінің триплеттері) болып табылады. Гендегі кодондар 
тізбегі осы генді “жазатын” (кодтайтын) ақуыздағы амин қышқылдар 
тізбегін анықтайды. Жасушадағы генетикалық код екі сатыда іске асады: 
1. транскрипция сатысы ядрода жүреді және ДНҚ-ның сәйкес 
бөліктерінде ақпараттық (информациялық) рибонуклеин қышқылдарының 
молекулалары (аРНҚ) жасалады. Сонымен қатар, ДНҚ нуклеотидтер тізбегі 
аРНҚ нуклеотидтер тізбегі ретінде қайта жазылады; 
2. трансляция сатысы цитоплазмада, ақуыз синтезделетін рибосомада 
жүреді. Сондай-ақ, аРНҚ нуклеотидтер тізбегі, полипептидтер құрайтын 
амин қышқылдар қалдықтарының белгілі бір тізбегіне көшеді.
Генетикалық кодтың бір ерекшелігі, әмбебап екендігі, яғни барлық 
ағзаларда белгілі бір 3 нуклеотид (триплет) белгілі бір амин қышқылдарын 
“жазады” (кодтайды).
Бір амин қышқылы бірнеше триплетпен “жазылуы” (кодталуы) мүмкін. 
Кодондар арасында “үтір” болмайды, яғни олар бір-бірінен бөлінбеген. Ол 
бір геннің аймағында белгіленген нүктеден бастап, бір бағытта есептелінеді. 
64 кодонның 61-і ақуыз құрайтын 20 амин қышқылдарын “жазады” 
(кодтайды), ал қалған үш “нонсенс” (мағынасыз) кодондар (УАГ, УАА және 
УГА) полипептид түзілуін (синтезін) аяқтайтын “нүкте” қызметін атқарады. 
Олар ақуыз биосинтезінінің аяқталғанын білдіреді. 
РНҚ-ның биосинтезi 2 сатыда жүредi: транскрипция (көшiру) және үдеріс 
(пiсiп жетiлу). 
Транскрипция - бұл үдеріс ДНҚ-ның белгiлi транскриптондарын 
көшiрумен жүредi. Үдеріс генетикалық хабарды РНҚ (формасы) түрiнде 
көшiру. Транскрипцияның жұмысы бiрiншi реттiк транскриптiң яғни м-РНҚ-
ның, т-РНҚ-ның және р-РНҚ-ның тѕзiлуiмен бiтедi. 
Транскрипция ядрода және митохондрияда жүредi. Траскрипция 
жасуша циклiнiң белгiлi фазасымен байланыспайды. Транскрипция кезiнде 
субстрат ретiнде рибонуклеозидтрифосфаттар АТФ, ГТФ, ЦТФ, УТФ 
қолданылады. Транскрипция матрицалық синтездiң көп түрлерiнiң бiрi 
болып саналады. Матрица ролiн ДНҚ-ның белгiлi бөлiмi - транскриптон 


59 
атқарады. Транскрипция сәйкес келу (комплеменитарлы) принципке 
негiзделген. Транкрипция 51—>31 бағытында жүредi. 
21-сурет. Генетикалық код 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   82




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет