Қазаншұңқырды қадалаудағы үлкен жұмыстардың бірі, ол – қазу машиналарының жұмысты бастау жəне аяқтау кездеріндегі төскей бет шекарасын көрсететін жер бетінде шұңқырдың кемерін белгілеу, сонымен бірге кемердің жоба бойынша дұрыс қазылып жатқандығын бақылап отыратын əртүрлі жабдықтарды орнала- стыру орнын анықтау.
Кемердің жоғарғы қабағын салу үшін бастапқы берілімі бо- лып, кəдімгі ірі масштабтағы топографиялық план саналады. Планға бас планда көрсетілген, салынбақшы ғимараттың конту- рын барлық сандық өлшемдерімен салады: негізгі ұзынабойлық жəне көлденең осьтерін, ғимарат бұрыштарының қара биіктік ша- маларын, шұңқыр түбін, іргесін тегістеу биіктік шамаларын, ось аралық қашықтықтар, шұңқыр кемерінің шамалары, ұзынабойлық жəне көлденең көлбеуліктер жəне басқалары.
Шұңқырдың жоғары қабағын жер бетіне қадалау жұмысын толық қарастырып көрейік. Айталық, өндіріс ғимаратының ұзындығы 60 м, ені 24 м, бағаналар арасы 6 м. Есептеу жеңіл болу үшін шұңқыр кемері барлық жерлерінде 1:1 қатынасындай шамамен берілген. Шұңқырдың жоғары қабағын кемерімен қоса есептей отырып, контурын тегістеу биіктік шамаларына (27 м) байланысты салу керек.
Шұңқыр контурын салуды 1-1 көлденең осін салудан бастай- ды да, оның үстінде жатқан жоғарғы қабақ нүктелерін белгілейді (134-сурет). Ол үшін А - А жəне 1-1 осьтерінің қиылысқан нүктесінен С1 = 33-27 = 6 м салындысын 1-1 жəне А - А осьтер бағыты бойымен салып, шұңқыр қабағында жатқан а жəне b нүктелерінің орнын табамыз. С2 = 30,4 -27 = 3,4 м салындысын 1-1 көлденең жəне D-D ұзынабойлық осьтерінің бойымен салып d жəне e нүктелерін табамыз. Осыған ұқсас С3 =35 - 27 = 8 м са-
лындысын салып, m жəне n, С4 = 33 - 27 = 6 м салып, f жəне g нүктелерін табады. Жоғары қабақтағы b, e, d, f, g, n, m, a нүктелерін бір-бірімен түзу сызықпен қосып, іздеп отырған кемер сызығын табады.
134-сурет. Шұңқырдың жоғары қабағын қадалау тəсімі
Жер бедері күрделі болғанда кемер сызығын толық көзге елестете алу үшін берілген кемер көлбеулігін есепке ала отырып, қосымша кемер контурының айтулы нүктелер орнын анықтайды. Шұңқырды қазуда жер қазушы машиналар қолданатын бол-
са, шұңқырдың жоғары қабақ нүктелерінің орнын қазықтармен бекітеді де, олардың арасын жіңішке арықшалармен қосып белгілейді.
Достарыңызбен бөлісу: |