Тік проекциялау əдісі. Бұл əдістің мəні,
монтаждау деңгейіне бастапқы деңгейде орналасқан тірек нүкте-
кез келген қабатқа шығару, яғни кез келген қабатта, кез келген нүктенің биіктік шамасын анықтау деген сөз. Проекциялау ОЦП, ЛЗЦ, PZL типтес аспаптардың бірімен іске асады.
Аспапты бастапқы деңгейдегі тірек нүктесінің үстіне орнатады да, оны центрлеп, қалыпты жағдайға келтіреді (145-сурет). Тірек нүктесін тік бағытта (төменнен жоғары қарай) арнаулы органикалық шыныдан жасалған тор көз сызықты пластинкаға проекциялайды (146-сурет). Проекциялау аспап окулярының төрт жағдайында, яғни 00, 900, 1800, 2700 өтеді, мұнда əр жағдайда, палеткадан есеп алып отырады. Палеткадағы тірек нүктесінің төрт жағдайдағы орнын қабатаралық жазықтыққа ауыстырады.
Монтаждау жұмыстарының технологиясына байланысты, тік сəуле барлық монтаждау деңгейлерінен немесе əр қабатқа, бірінен кейін біріне проекциялануы мүмкін.
сурет. Тік проекциялау аспабының палеткасы
1 – палетканы бекіту орындары;
2 – қабатаралық тесік астына салынатын тақтайлар
Бастапқы деңгейден монтаждау деңгейіне, тірек нүктелерін берудегі оптикалық тік проекциялау əдісінің дəлдігін, ауыс- тырылған осьтер арасын өлшеп, жобалық осьтер арасындағы шамаларымен салыстырып бағалауға болады. Мұнда байқайтын нəрсе, ол монтаждау деңгейіне ғимараттың қадалау осьтері емес, оларға пареллель жəне бір жағына тұрақты шамаға ығыстырылған ось берілуі мүмкін.
Монтаждау деңгейіне қадалау осьтерін тік проекциялау əді- сімен шығару жобада көрсетілген қадалау жұмысының дəлдік класын қамтамасыз етеді. Сонда биіктігі 40 м ғимарат үшін орташа квадраттық қатесі ± 0,6 мм, ал биіктігі 100 м ғимарат үшін ±1 мм. Тік проекциялау əдісін қолдану кезінде, бастапқы деңгейдегі
жəне монтаждау деңгейіндегі орындаушылармен екіжақты бай- ланыс болуы керек. Байланыс үшін, кем дегенде 2 – 3 шақы- рымнан сөйлесе алатын радиостанцияны қолданған дұрыс.
Монтаждау деңгейіндегі биіктік негіздерін құру. Монтаждау деңгейінде биіктік негізі болып жұмыс реперлері саналады, ал оларға биіктік шамаларын бастапқы деңгейде орналасқан реперлерден береді (147-сурет).
Монтаждау деңгейіне биіктік шамаларын екі нивелирдің көмегімен береді. Іздеп отырған Н4 биіктік шамасы тең болады, Монтаждау деңгейіне шығарылатын жұмыс істеу реперлерінің саны монтаждау бригадасының санына жəне жұмыс көлеміне байланысты болады.
сурет. Монтаждау деңгейіне биіктік шамаларын беру тəсімі
1 – салмақ; 2 – өлшегіш таспа; 3 – кронштейн; 4 – IV қабатқа берілген биіктік
Монтаждау деңгейінде жұмыс реперлері ретінде конструк- цияға бекітілген заттар, сонымен бірге арнаулы конструкция- ларға бекітілген қазықшалар, қапсырмалар, пластинкалар, т.с.с. салынады. Мұнда жұмыс реперлерін пландық геодезиялық негіз нүктелерімен біріктіре пайдалану тиімді болады. Ерекше көңіл бөлетін жұмыстардың бірі – монтаждау жұмыстары басталмас бұрын, монтаждау деңгейіне қабырға панельдерін тұрғызу үшін оны (монтаждау деңгейін) жазық деңгейге келтіру. Монтаждау деңгейін жазық деңгейге келтіру, яғни маяктың (панельдің жо- ғары жағын) жоғары жағын геометриялық нивелирлеумен жо- балық биіктік шамасына келтіру:
Н4 = НRp1+ a1 + (b2 - b1) – a2. (198)
Геодезиялық пландық жəне биіктік негіздерін құрып болған соң, орындалған жұмыстың тəсімін, əр монтаждау деңгейіне (горизонтқа) жеке жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: |