Қазақстан республикасы білім



бет29/133
Дата01.11.2023
өлшемі2.69 Mb.
#482066
түріОқулық
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   133
Геодезия кітабы

Жазық жəне тік бұрыштарды өлшеу журналы

  1. кесте.




Қосын реті

Нысаналау реті

КП
есеп à1 à2

КЛ
есеп à3

a3 a1
2

à21

Тік
бұрыш

Жүріс сұлбасы

1

2

3

4

5

6

7

8

Жоғары дəлдікті теодолиттік жүріс кезінде бірнеше қайталау əдісін қолданады. Бұл əдіспен өлшенген бұрыш шамасы төмендегі формуламен анықталады:


3
b = K 3600a
2n

  • a1

, (51)

мұндағы, лу саны;


K 2n   max  a3 a1
3600

– алидаданың толық айна-



К – бүтін сан; n – қанша рет қайталанғанын көрсетеді.
Амалдау тəсілімен жазық бұрыштарды өлшеу келесі рет- пен орындалады. Лимбті бекіткен күйінде дүрбі жіп торының қиылысқан тұсын оң жақтағы қаданың төменгі тұсына (мүмкіндігінше төмен бағыттау керек), яғни М нүктесіне бағыттайды (34-сурет).





    1. сурет. Жазық бұрышты өлшеу тəсімі

Əрі қарай, алидаданы бекітеді де, оның жетектеуші бұрандасымен (жайлап бұру бұрандасы) нүктеге дəл бағыттайды жəне есеп алу құрылғысынан “есеп” алады. Келесі ретте лимбті босатпай-ақ дүрбіні сол жақтағы қадаға, яғни
N нүктесінің төменгі жағына бағыт- тайды, алдымен жобалап, содан кейін лимбтің жетектеуші бұрандасымен дəл ба- ғыттайды да, есеп алады. Сонда өлшенген NCM бұрышы алдағы алынған екі есептің айырмасына тең болады. Осы істелеген

жұмыс дүрбі жазық дөңгелегінің оң жағында орналасқан жағ- дайындағы КП (ДО) бірінші жарты амал деп аталады. Əрі қарай дүрбінің сол жақтағы жағдайында КЛ (ДО) қайталанады.

Ол үшін дүрбіні зенит арқылы аударып, лимбтің бұрандасын босатып, оны 900 бұрады да, дүрбіні оң жақтағы қадаға бағыт- тайды. Алынған есептер нəтижесімен, өлшенбекші бұрыштың екінші шамасын шығарады. Осы жұмыстар екінші жарты амал деп аталады. Екі жарты амал бүтін бір амалды құрайды.
Дүрбінің КП жəне КЛ жағдайларында өлшенген бұрыштар ай- ырмасы есеп алу құрылғысының екі еселенген шамасынан аспа- са (60//), онда бұрыш өлшеу жұмыстарының дұрыс атқарылғаны. Кері жағдайда барлық бұрыш өлшеу жұмысы қайталанады. Өлшеу нəтижелері арнаулы журналға жазылады. Журнал ұқыпты, анық толтырылуы керек. Қате жазылған цифрлар өшірілмейді, үстінен сызылып (астындағы цифр көрініп тұруы керек) үстіне қайта жа- зылады.
Айналу əдісінің мəні – дүрбіні сағат тілінің бағытымен, ретімен барлық нүктеге бағыттап, əрқайсысынан есеп алады. Алдағы атқарылған жұмыс кезінде лимбтің қозғалмай орнын- да тұрғандығына көз жеткізу үшін дүрбіні бастапқы нүктеге бағыттап, бастапқы есептің өзгермегендігіне көз жеткізеді. Осы істелген жұмыс бірінші жарты амалды құрайды. Екінші жарты амалды орындау үшін, дүрбіні зенит арқылы аударып, лимбтен есепті 900 шамасына бұрады да, ретімен, қарсы бағытта (сағат тіліне қарсы) барлық нүктеге бағыттап, есеп алады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   133




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет