Қазақстан республикасы білім


§ 6.5 Жазық бұрыштарды өлшеу дəлдігі



бет30/133
Дата01.11.2023
өлшемі2.69 Mb.
#482066
түріОқулық
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   133
Геодезия кітабы

§ 6.5 Жазық бұрыштарды өлшеу дəлдігі


Жазық бұрыштарды өлшеу дəлдігіне келесі қателер əсер ете- ді: аспапты центрлеу, дүрбіні нүктеге бағыттау, бұрышты өлшеу, аспаптың өз қатесі.
Аспапты центрлеу (нүкте үстіне дəл орнату) қатесі, яғни аспапты қалыпты жағдайға келтіріп, центрлеу кезінде оның ай- налу осі, өлшенбекші бұрыштың төбесі үстіне дəл келмейді. Сондықтан кейбір жағдайларда центрлеуге түзету енгізеді. Центрлеу қатесі қабырғалары қысқа, бір жағы қысқа, бір жағы ұзын бұрыштарды өлшеу кезінде үлкен əсер етеді. Мысалы, егер центрлеу қатесі ±10 мм, қабырғаларының ұзындығы 20 м болған жағдайда, бұрыш 2/ минуттық қатемен өлшенуі мүмкін. Сондықтан ғимарат орындарын жер бетінде белгілеу (қадалау)
үшін теодолитті мүмкіндігінше нүкте үстіне дəл орнатуға тырысады. Оптикалық центрлегіші бар теодолитті қолдану жұмыс дəлдігін арттырады (1-2 мм аспайды). Кəдімгі жіпке асылған тіктеуішті пайдаланғанда оны желден қорғап, шайқалмауын қадағалайды.
Дүрбіні нүктеге дəл бағыттау қатесі дүрбіні жоғары, төмен бұрған кезде, көздеу осінің тіктеуіш сызықтан ауытқу шамасына тең. Бұл қатені көбінесе редукция қатесі деп атайды. Центрлеу қатесі сияқты, бұл қате де қабырғалары қысқа бұрыштарды өлшегенде арта түседі. Сондықтан аспапты жəне қаданы нүкте үстіне дəл орнатуға тырысу керек. Редукция қатесін азайту үшін, арнаулы құрылысты көздеу маркасын пайдаланады. Егер 50 м қашықтықтағы нүктеге көздеу осі ±20 мм дəл келмесе, бұрыш өлшеу қатесі 1/20// дейін өсуі мүмкін.
Бұрышты өлшеу кезіндегі қатенің шамасы, негізінен дүрбіні нүктеге бағыттаудан жəне алынған есепті дұрыс дөңгелектеуден тұрады.
Көздеу дүрбісін бағыттау қатесі, оның үлкею шамасына кері пропорционалды болып келеді. Қаруланбаған көзбен дүрбіні бағыттау қатесі 1/ болса, онда 20 есе үлкейту шамасы бар дүрбі барлығы 3// қате береді. Мұндай қате есеп алу құрылғысының қатесінен төмен.
Аспаптық қате кездейсоқ жəне жүйелі болады. Мұндай қателерді азайту үшін, жұмыс алдында аспапты тиянақты тек- серіп, түзетеді. Мысалы, ескі теодолиттерде (екі верньерлі) алидаданың эксцентритет қатесін жою үшін есепті екі верньер- ден алады да орташа есепті қабылдайды.
Лимб бөліктерінің қатесін (дұрыс бөлінбегендігін) есепке ал- маса да болады, себебі қазіргі кездегі аспапты жасау техникасы жетілдірілген технологиямен іске асады.
Көру дүрбісінің коллимациондық қатесін жою үшін дүрбінің екі жағдайын да есепке алады.
Көздеу дүрбісі жазық осінің көлбеулігінен кететін қате əсерін азайту үшін аспаптың негізгі осін қатал түрде тік жағдайға келті- ру керек.
Қайталау əдісі кезіндегі кететін қателер. Бұрышты n рет қайталау əдісімен өлшегенде, оның орташа есеп алу қатесі (mi/ ),


i
m /  
. (52)



Ал дүрбіні бағыттау (көздеу) қатесі (mi//),




m

i
//
m
, (53)



мұнда n рет қайталау кезінде 4n рет бақылау жүргізіледі.
Жазық бұрыштарды өлшеудің жалпы қатесі,
mi =  . (54)
mi/ жəне mi// алдағы мəндерін қоя отырып, жазық бұрыштарды өлшеудің жалпы қатесін табамыз,


mi =  . (55)
Салыстыру үшін жазық бұрышты «амалдау» тəсілімен өлшеу кезіндегі кететін қатені қарастырамыз.
Амалдау тəсілі кезінде кететін қателер. n рет амалдау тəсілімен өлшенген b бұрышының мəні төмендегі формуламен анықталады:
b a bn an , (56)
2n
мұндағы, aл жəне aп – теодолиттің жазық бұрыштарды өлшеу қорабының лимбасынан алынған, соңғы нүктеге бағыттағандағы, қорап оң жақта (КП) жəне қорап сол жақта (КЛ) болғандағы есеп- тер; bл жəне bп – алдыңғы нүктеге бағыттағандағы есептер.
Əр бағытта есеп алғанда төмендегідей қателер кетеді,
mH2 = mv2 + m02, (57)
мұндағы, mv – нүктеге көздеудің орташа шаршылық қатесі;
m0 – есеп алудың орташа шаршылық қатесі.
Бұрыш өлшеу n рет амалдау тəсілімен қайталанатындықтан (bn) 4n рет бақылау есебі алынады, сонда оның орташа шаршылық қатесі (mi),


m H
2 4nm
2  m2
, (58)

i 4n 2 n
mH – нің алдағы мəндерін қоя отырып, амалдау тəсілімен өлшеудегі жалпы қатені табамыз,



mi  
. (59)

Қайталау əдісі кезінде екі-ақ рет есеп алынатын болса, амал- дау əдісі кезінде 4n рет есеп алынады. Сондықтан қайталау əдісі кезінде есеп алу қатесі азайып отырады, яғни бұрыш өлшеу қатесі азаяды деген сөз. Қайталау əдісінің осы жетістіктерін еске ала от- ырып, инженеолік геодезияда жазық бұрыштарды өлшеу көбінесе осы əдіспен орындалады.


Ескере кететін жағдай, бұрышты өлшеу дəлдігі жоғары (t =10- 12//) қазіргі заманғы теодолиттермен өлшегенде екі əдістің де дəлдігі бірдей болып шығады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   133




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет