Бақылау сұрақтары:
Геодезия ғылымы немен шұғылданады?
Жердің пішіні қандай?
Триангуляциялық тор дегеніміз не?
Биіктік торы дегеніміз не?
Маркалар мен реперлердің қандай түрлері болады?
Реперлер қалай бекітіледі?
Теңіз денгейі дегеніміз не?
Триангуляция мен трилатерацияның айырмашылығы неде?
Қолданбалы геодезия немен шұғылданады?
Полигонометрия дегеніміз не?
тарау
ГЕОДЕЗИЯЛЫҚ ПЛАНДАР ЖƏНЕ СЫЗБАЛАР
§ 2.1 План, карта жəне профиль туралы түсінік
План деп кішігірім жер бөлігінің масштабпен сызылған бейнесін айтады. Планда жер бетінің қисықтығы (дөңестігі) еске алынбайды, яғни жер беті жазықтық ретінде қабылданады.
Жер бетінің үлкен аймақтарын немесе барлық жер бетін қағаз бетіне кескіндеу, яғни картасын жасау үшін, алдымен оның кіші бөліктерінің планын жасайды. Əрі қарай графикалық жолмен тор көз құрады да, оған жер бетіндегі құрылымдардың сұлбасын жəне жер бедерін салады. Осындай ретті əдіспен жер бетінің үлкен аймағын қағазға түсіру (бейнелеу) карта деп аталады.
Жергілікті аймақты картаға түсіргенде карта беті жазықтыққа емес, сфералық бетке сəулеленеді. Нəтижесінде карта бетіне түсірілген жер сұлбасының, құрылымдардың толық геометриялық ұқсастығы сақталмайды, жəне де олардың тұрақты масштабы болмайды, себебі сфералық бетке жазықтықты жиырылымсыз жəне оның үзілмелі тұстарын жазып кескіндеу мүмкін емес. Осы кемшіліктер карта мен планның басты айырмашылығын көрсе- теді. Планның кез келген тұсында масштаб тұрақты болады. Сонымен карта дегеніміз – Жер бетінің барлық немесе оның аумақты тұсының деңгейлік дөңестігін есепке ала отырып, кішірейтілген, қағазға түсірілген кескіні (бейнесі).
Барлық карталар қайда қолданылатынына байланысты жалпы географиялық жəне арнаулы болып екіге бөлінеді.
Жалпы географиялық карталар масштабтарына жəне то- лықтықтарына байланысты шолу (масштабы 1:1 000 000 кіші) жəне топографиялық болып бөлінеді. Карталар шартты түрде ірі масштабты (масштабы 1:100 000 жəне одан ірі), орташа мас- штабты (1:1 000 000 масштабқа дейін) жəне ұсақ масштабты
(масштабы 1:1 000 000 одан ұсақ) болып бөлінеді.
Топографиялық карталар мүмкіндігінше толық, егжей- тегжейлі болып келеді. Олар арқылы инженерлік құрылыстарды жобалау кезінде техникалық есептерді шығаруға жəне одан жоғары дəлдікті берілімдерді алуға, сонымен бірге оған жо-
балау нəтижелерін салуға болады. Іс жүзінде жобалау жəне құрылыстарды, құрылыс ғимараттарын салу кездерінде көп қол- данылатыны 1:10 000 масштабты карталар. Себебі бұл карталарда планның барлық қасиеттері бар.
Арнаулы карталардың топографиялық карталардан айырма- шылығы, мұнда кейбір табиғи құрылымдар түбегейлі түсіріледі (өзен құйылымдары, автожолдар, құнарлы жер қыртысы, өсімдік түрлері, т.т.).
Қолданылуына байланысты карталар сан алуан болады: оқулық, жолаушылық, теңіз картасы жəне т.т.).
Профиль дегеніміз – жер бетінің тік жазықтықтағы тік қимасы. Мысалы, 2-суреттегі топографиялық планнан АВ бағытының профилін салу үшін, кез келген ab сызығын жүргізіп, оның үстіне пландағы горизонтальдардың осы АВ сызығымен қиылысқан 1-7 нүктелерін салады. Əрі қарай осы нүктелердің биіктігін, белгілі бір масштабта ab сызығына перпендикуляр етіп салады. Перпендикулярлардың ұшар бастарын бір-бірімен қоссақ, осы бағыттың профилі пайда болады.
2-сурет. План арқылы берілген бағыттың профилін салу тəсімі
Сызбаны (профилді) көзге дұрыс елестете алу үшін, перпен- дикулярларды əлбетте планның масштабынан 10 есе үлкейтіп са- лады.
Профил салу инженерлік ізденіс, авто жəне темір жолдарды, каналдарды, мелиораторлық жəне гидротехникалық құрылыстар- ды салуда жəне т.б. жұмыстарда кеңінен қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |