Шұңқыр түбін тазалаудың тексеру өлшемдері
Осьтердің қиылысу нүктелері
|
Жер бетінің биіктігі, Нз, м
|
Шұңқыр табанының
биіктігі, м
|
Биіктіктер
айырмашылығы, м
|
Жобалық Нпр
|
Нақтылы
Нф
|
Нпр - Нф
|
Нз - Нф
|
А/1
|
163,46
|
159,96
|
160,01
|
-0,05
|
3,45
|
Б/1
|
163,18
|
159,96
|
159,99
|
-0,03
|
3,19
|
В/1
|
163,69
|
159,96
|
160,02
|
-0,06
|
3,67
|
Г/1
|
163,29
|
160,46
|
159,98
|
-0,02
|
3,31
|
А/2
|
163,20
|
160,46
|
160,47
|
-0,01
|
2,73
|
Б/2
|
163,37
|
160,46
|
160,51
|
-0,05
|
2,86
|
В/2
|
163,19
|
160,46
|
160,45
|
+0,01
|
2,74
|
Г/2
|
163,23
|
160,46
|
160,52
|
-0,06
|
2,71
|
А/3
|
163,44
|
160,86
|
160,90
|
-0,04
|
2,54
|
Б/3
|
163,34
|
160,86
|
160,86
|
0,00
|
2,48
|
В/3
|
163,43
|
160,86
|
160,84
|
+0,02
|
2,59
|
Г/3
|
163,20
|
160,86
|
160,92
|
-0,06
|
2,28
|
Шұңқыр түбін (67-сурет) тазалаудың тексеру өлшемдерін арнаулы журналға (ведомость) жазып, ондағы тазалау жұмыс- тарының қалай өткендігін бақылауға болады (2.1-кесте). Бұл журналда шұңқыр қазуға дейінгі жер бетін тегістеу кезіндегі
нивелирлеу нəтижесі көрсетіледі. Кестенің соңғы графасынан көрініп тұрғандай, шұңқыр 1-1 осінен 3-3 осіне қарай сатылы пішінді болып тазаланған, тазалау жұмыстарының қалыңдығы көп емес, яғни бұл жұмысты қабылдап фундамент қалауға немесе құюға болады деген сөз.
сурет. Траншея қабырғасы еңкішті болып келетін шұңқырдың элементтері
Егер шұңқыр қабырғасы еңкішті болып қазылатын болса, онда жер бетіне оның жоғары қабақтарының нобайын түсі- реді. Шұңқырдың тереңдігіне жəне топырақтың физикалық қа- сиеттеріне байланысты, оның жоғары жақ жиектері де өзгеріп отырады (68-сурет).
сурет. Шұңқыр нобайын фундамент астына түсіру тəсімі
Егер жер беті көлденең еңкішті болмаса, онда траншея MN осінен шұңқырдың жоғары В қабағына дейінгі арақашықтығы формуламен есептеледі
b a x a mh , (121)
2 2 2
мұндағы, b – шұңқырдың жоғары жақ ені;
a – шұңқыр түбінің ені;
h – осы тұстағы қимасының шұңқырдың тереңдігі;
m – шұңқыр қабырғасының еңкіштік коэффициенті.
Қабырғасы еңкішті шұңқырды қазу жұмыстары біткеннен кейін, 69-суретке жəне 2.1-кестеге сай оны орындау тəсімі жаса- лады, онда қосымша жоғары қабақтарының нобайы жəне бұрыш- тық нүктелерін бекіту көрсетіледі.
§9.7 Салынатын бөгеттердің (плотина) жобалық нобайын жер бетінде түсіру
Плотина табанының нобайы, плотина осіне перпендикуляр жүргізілген, ұзындығы салынбақшы плотина кемерінің жобалық еңкіштігін еске ала бағытталған көлденең қималар арқылы анықталады. Жобадағы кемер еңкіштігінің биіктігін анықтау үшін, үйме жұмыстарын салудағы əдістерді қолданады. Көздегіштер, шаблондар, уақытша бағаналар плотина ішінде қалмас үшін, уақытша ауыстырылып отырылады, мұнда плотинаның жоғары жағы белгіленген бағаналар немесе үйме сыртына орналасқан тұрақты бағаналарды пайдалану тиімді болады.
Бағана үстіне ұзындығы 1,5-2,0 м тақтай қағылады да, оның жоғары жақ жиегі жазық жазықтықта болғанын қадағалайды. Тақтайдың жоғары жақ жиегі плотинаның үстіңгі бетінің биік- тігі болып есептелінеді. Көлемі кіші плотинаны салу кезінде бағана орнына, үйменің сырт жағына нивелирлік рейканы ор- натса болғаны. Плотинаның қарсы жағынан көздеу арқылы үйме жұмысының жұмыс биіктігін керекті дəлдікте анықтауға болады. Плотинаның жоғарғы жақ жобалық биіктігіне жақындаған кезде, осы үйме үстінде нивелирлік жүріс жүргізеді.
Плотинаның жоғары жақ биіктігін, өзеннің биік жағалауында орналасқан көздегіш арқылы анықтауға болады. Екі көздегіш орнатылады, олар жай көзбен бақылайтын жəне далалық болып келеді (70-сурет).
сурет. Бас көздегіштің тəсімі
Бас көздегіш дегеніміз – жерге қағылған қазықша немесе бағана, оның жоғарғы жағына жазық жазықтықта тақтай d қағылған. Далалық көздегіш екі қазықшаға орнатылып, оның олардың үстіне де жазық жазықтықта тақтай d1 қағылған.
Мұндай көздегіштер салынбақшы плотинаның екі жағалауына орнатылады, олар арқылы плотинаның жоғарғы бетін түгел бақылауға жəне де уақытша көздегіштерді орнатуға мүмкіндігі болуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |