Қазақстан республикасы білім


§10.5 Үлкен көпірлерді салудағы қадалау жұмыстары



бет61/133
Дата01.11.2023
өлшемі2.69 Mb.
#482066
түріОқулық
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   133
Геодезия кітабы

§10.5 Үлкен көпірлерді салудағы қадалау жұмыстары


Құрылымды қадалау, немесе жобаны жер бетіне түсіру дегеніміз – салынбақшы құрылыстың айтулы (характерные) тұстарын, нүктелерін, пландық жəне биіктік шамаларын жоба берілімдеріне сай жер бетіне түсіріп, белгілеудегі геодезиялық жұмыстарды атайды. Жобаны жер бетіне түсірудегі, оның гео- метриялық негізі болып, қадалау осьтері саналады. Осы ось- тер арқылы құрылыстың барлық бөліктерінің орналасу жағдай- лары, өлшемдері салыстырмалы түрде жобалық сызбаларда беріледі.

10–589
145

Көпірлік өтудің айтулы нүктелері болып, тіреулердің ортасы саналады. Құрылымы қарапайым көпірді салуда, геодезиялық байланыс торларына қатал талаптар қойылмайды. Бұл жағдайда, бұрынғы құрылыс алаңын топографиялық түсіру жəне мұндағы ізденіс жұмыстары кезіндегі құрылған тірек торлары қолданы- лады.
Жобалық нүктелерді жер бетіне түсіру жұмыстары жоғарыда айтылған əдістермен, кəдімгі геодезиялық аспаптармен атқары- лады. Көпір құрғақ жерде орналасса, онда көпірлік өтудің ұзын- дығын жəне көпірдің ұзынабойлық тіреулер осьтерін бастапқы геодезиялық белгілерден бастап қадалайды. Теодолитпен көпірдің осін бағыттап көрсете отырып, ұзындығын болат таспамен, кем дегенде екі рет өлшейді де, температураға, компараторда тексеру түзетулерін енгізіп, көлбеулікті есепке алып, ұзындығын дəл табады. Тіреулердің ортасын (центрін) жағалаудағы бастапқы геодезиялық белгілерден көпірдің осінде орналасқан тіреулердің ортасына арақашықтықтарды салу арқылы ауыстырады. Осьтерді тіреудің əр жақтарында ұзынабойлық жəне көлденең осьтері бағытында қатар бағаналармен немесе құрамалармен (сваимен) бекітеді.
Егер көпірдің ұзындығын тікелей таспамен өлшеу жəне тіреулердің осьтерін қадалау мүмкін болмаса, онда геодезиялық жұмыстар триангуляция əдісімен іске асады. Көпірлік триан- гуляция, көпір салынатын жергілікті жердің, өзеннің еніне жəне жобаланған шектік шамалардың шарттарына байланысты əртүрлі пішінде болуы мүмкін. Іс жүзінде көпірлерді салуда геодезиялық төртбұрыш (76-сурет) немесе басқа да пішіндер əдісі қолданылады.
Cтандарттық нормалар жəне мүмкіндіктер (СНиП) талап- тарына сай, триангуляциялық торларды құруда келесі шарттарды орындау керек:

  1. үшбұрыштардың ішкі бұрыштары 300 кем, 1200 артық, ал төртбұрыштарда 250 кем болмауы керек;

  2. көпірдің осін бекітуде, əр жағада жалпы торға бірден кем емес бастапқы геодезиялық қосын кіруі керек;

  3. жалпы торға барлық қосындар кіреді, себебі бұл қосын- дардан көпірдің жəне тіреулердің осьтері қиылыстыру əдісімен қадаланады, сонымен бірге осы қосындардан құрылыс кезінде осьтердің орналасу жағдайларын тексеріп отыру үшін керек;



  1. сурет. Триангуляциялық торлардың түрлері

1 базистер; 2 аралдар

  1. қиылыстыру əдісі кезіндегі бағыттар арасындағы бұрыштар 300 кем, 1500 артық болмауы керек, ал қиылыстыру ұзындығы (аспаппен тіреу ортасындағы нүктеге дейінгі арақашықтық) келесі шамадан аспағаны жөн:

есеп алу дəлдігі 30// теодолитпен қадалау кезінде – 100 м; есеп алу дəлдігі 10// теодолитпен қадалау кезінде – 300 м; есеп алу дəлдігі 1// теодолитпен қадалау кезінде – 1000 м.
Базистерді жер бетінің көлбеулігі 1% артық емес ашық, тегіс жерде қадалайды, ал оның ұзындығы анықталмақшы қашық- тықтың 0,5 шамасынан кем болмауы керек.

  1. сурет. Тіреу ортасын тура қиылыстыру əдісімен қадалау

Базистік нүктелердің арақашықтығын өлшеу базис арқылы анықталмақшы арақашықтықтан дəлдігі 2 есе жоғары болуы керек. Триангуляция белгілерін үлкен емес, биіктігі 4-6 м ағаш
немесе темір пирамидалар түрінде орнатады. Белгінің ортасы (центрі) ретінде рельс немесе құбырдың кесіндісін тереңдігі 2,0- 2,5 м жерге көміп қолданса болғаны.
Қарапайым триангуляциялық торларды құруда (қабырғала- рының ұзындығы 1,5 км артық емес), оның бұрыштық өлшеулерін ғана теңдейді, ал үлкен көпірлерді салуда триангуляциялық торларды ең кіші квадраттар əдісімен теңдейді.

  1. сурет. Көпірдердің айналмалы тұстарын қадалау тəсімі

Жоғарыда айтылғандай көпірлік өтудің айтулы нүктелері болып, тіреулердің ортасы саналады. Тіреулердің ортасын тура қиылыстыру əдісімен көпірлік триангуляцияның екі қосынынан бастап қадалайды.
Осы əдістің мысалын қарастырайық (78-сурет). Тіреулердің
ортасын қадалау үшін, белгілі ОА, ОВ, ОС ұзындықтары жəне γ1, γ2 бұрыштары арқылы аналитикалық жолмен ά1 ά2 бұрыштарын есептейді де, теодолитпен А жəне В нүктелерінен қарай оты- рып, осы бағыттардың қиылысқан С нүктесін табады. Сонымен бірге О нүктесінен теодолитпен С нүктесі көпір осінің бойында орналасқанына көз жеткізеді. Тіреу осьтерінің бар қатарда жатпау алшақтығы 1,5 см аспауы керек.
Осы əдіспен табылған тіреу ортасын қарсы бетте D2, D1 бақылау белгілерімен бекітеді. Егер тіреу өзен ортасында болса, арнаулы құрылыммен немесе жүзбелі белгімен (буикпен) бекітеді. Бұл уақытша белгілер қоршау қалқандарды қағу, немесе уақытша аралдарды топырақ, тас төгіп көтеруде бағдар ретінде қолданылады. Тіреудің нақтылы орнын анықтау, дайындық жұмыстары біткеннен кейін атқарылады.
Трассаның бұрылмалы тұстарында тіреулердің ортасын жəне осьтерін келесі əдістердің бірімен атқарады: көпірдің жаппа (пролеты) үштен артық болмаса – көпбұрыш əдісімен (78 а-сурет) немесе тангенс сызығынан (78 ə-сурет); жаппа саны көп болғанда
– тартылған хорда əдісімен (78 б-сурет) немесе полярлық əдіспен (78 в-сурет); күрделі жағдайда триангуляция қосындардан қиылыстыру əдісімен.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   133




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет