§11.2 Бұрылыс элементтері жəне қисығының бас нүктелерін қадалау
Бұрылыс қисығын алдын ала қадалау, жер бетінде бұрылыстың бас нүктелері бекеттерін қадалаудан басталады (82-сурет).
Егер шеңбердің центрі О нүктесін бұрылу ортасымен (ВУ)
жалғастырсақ, онда О нүктесінде тікбұрыштар пайда болады.
сүйір бұрышты екі тең
2
ВУ нүктелерінен НК (қисық басы) жəне КК (қисық соңы) нүктелеріне дейінгі жанама кесінділері тангенс сызықтары (Т) деп аталады. Бұрылудың басы мен аяғына дейінгі бұрылыс шеңберінің доғасы бұрылу қисығы (К) деп аталады.
82-сурет. Бұрылыс қисығының негізгі элементтері
Екі тангенс (2Т) сызығының жəне (К) қисығының ұзын- дықтарының айырмасы жеткізіп өлшеу (Д) деп аталады. (ВУ) бұрышы төбесінен қисық ортасына дейінгі (СК) кесіндісін биссектриса (Б) деп атайды. Трассаның техникалық жоба- сы сатысындағы ізденіс жұмыстары кезінде (алдын ала ізденіс жүргізу) жер бетінде ВУ, НК, СК жəне КК нүктелерін бекітеді.
Мұнда бұрылыс қисығының негізгі элементтерін білу керек: тангенс, қисық ұзындығы, жеткізіп өлшеу жəне биссектриса ша- малары. 82-суреттен бұрылу қисығының элементтері бұрылу бұрышы, α жəне R бұрылу радиусының функциялары болып
есептеледі. Расында Т = R tg . (4.1-суретті қара).
2
10 доға ұзындығы 2R , ал К қисық ұзындығы α0 -пен алғанда
360∘
К = 2πR
∘
360∘
немесе К = πR
∘
180∘
. (129)
К қисық ұзындығын радиан (ρ) арқылы табуға болады
К = πR '' , (130)
''
мұндағы α – ортаңғы бұрыш;
p – секундпен берілген радиан (2060265).
Жеткізіп өлшеу шамасы Д = 2Т – К.
Биссектриса шамасын тікбұрыштың гипотезасымен бұрылу радиусы-ның R айырмасы ретінде табуға болады, яғни
Б = R R 1
немесе Б = R sec 2 1
(131)
cos
2
cos
2
§11.3 Бұрылыс қисықтарын нақтылы қадалау жəне ауыспалы бұрылыс қисықтарын қадалау
Трассаның түзу тұстарының бұрылма қиылысқан тұстарынан көлік өткен (жылжымалы құрама көліктер) кезде центрден тепкіш күш пайда боладыда, рельсті вагон сыртқа қарай итереді, бұл күш
жоғары жылдамдықта өте қауіпті. Сыртқа тебу күшін əлсірету үшін бұрылмалы қисықтың басында радиус R шамасы шексіз шамадан қисық радиусына дейін кішірейтіледі жəне соңында R шамасынан шексіз шамасына дейін үлкейтіледі. Осы жылжы- малы құрамның бұрылма қисықтарынан өтетін тұстарды ауыс- палы бұрылыс қисығы деп атайды. Темір жолдардың бұрылыс тұстарында оның жоғары жағына екі күш əсер етеді: жылжыма- лы құрамның салмағы жəне центрден тепкіш күш. Осы күштер- дің тең əсер ету күші темір жол жазықтығына перпендикуляр бағытталғаны маңызды болады. Осы мақсатпен темір жолдың сыртқы рельсі ішкі рельске қарағанда жоғары (h) болатындай етіп салады. Ауыспалы бұрылыс қисығы жоғарыда айтылғандай са- лынса, көлік бұрылыстың басында жəне соңында іркілмей өтеді.
Ауыспалы бұрылыс қисықтары ретінде кейінгі кезде көбірек радиондальды спиральды қолданады. Оның теңдеуі
C
L
, (132)
мұндағы ρ – қисықтың осы нүктесіндегі бұрылу радиусы; L – осы нүктеге дейінгі ауыспалы қисықтың ұзындығы;
С – тұрақты сан (қисық параметрі).
Осы теңдеуден ауыспалы қисықтың кез келген нүктесінің тік бұрышты координаталары (х,у) жəне оларды жер бетіне қадалау формулалары алынады
xn = Kn -
K 5
40C 2
; yn
K 3
= n , (133)
6C
мұндағы, Kn – НПК-ден (ауыспалы қисықтың басынан) n-ге дейінгі ұзындық.
Осы формула арқылы ауыспалы бұрылысты қадалаудың кес- тесі құрасытырылған. Кестемен жұмыс істеу, сол кестеде көрсе- тілген.
Ауыспалы қисықтың ұзындығы мына формула арқылы анық- талады:
L = C . (134)
R
Достарыңызбен бөлісу: |