104-сурет. Полярлық əдістің тəсімі
Полярлық координаталар əдісі. Полярлық координаталар əдісін көбінесе құрылыс торымен қамтамасыз етілмеген құрылыс алаңдарында, соны- мен бірге тірек торының қосындары құрылысқа жақын, яғни сол қосынан бастап айтулы нүктелерді немесе құрылыс элементтерін түсіру
үшін өлшеу жүргізу мүмкін болған жағдайларда қолданылады (104-сурет).
Полярлық əдісті қалалық құрылыста, өлшеу жұмыстары кварталдар ішінде, үй аралық жолдардың айтулы нүктелерінің орындарын анықтау керек болғанда кеңінен қолданады.
Айталық, құрылымның С нүктесін жобадан жер бетіне түсіру керек, оның координаталары ХС жəне УС жобадан алынады. Құрылысқа жақын маңда полигонометриялық жүрістің А жəне В нүктелері көрініп тұр. Тапсырманы шешу үшін β бұрышын жəне S арақашықтығын білуіміз керек, ал бұл берілімдерді кері геодезиялық есепті шығара отырып, формуламен анықтауға болады:
ta У C У A ; S УC УA
УC УA
AC X X sin
cos
(153)
C A AC AC
β αАВ аАС .
С нүктесінің жер бетіндегі орнын табу үшін теодолитті А нүктесіне орнатады да, лимбты АВ сызығымен бағдарлайды, лимбты босатып, дүрбіні В нүктесіне бағыттайды, лимбті бекіте- ді. Əрі қарай алидаданы босатып дүрбіні β бұрышы шамасына бұрады. Осы бағытта S арақашықтығын өлшеп салатын болсақ, С нүктесінің орнын табамыз.
С нүктесін полярлық əдіспен қадалау дəлдігі бастапқы бері- лімдер болып саналатын А жəне В нүктелерінің дəл құрыл- ғандығына жəне β бұрышын, S арақашықтығын дұрыс өлшеуге жəне салуға байланысты болады. Бастапқы берілімдер А жəне В нүктелеріндегі аздаған қатенің өзі қадалау жұмысының дəлдігіне көп əсер етеді;
С нүктесін қадалаудың орташа квадраттық қатесі mc фор- муламен есептеледі:
mc =
, (154)
мұндағы mS – S кесіндісін өлшеу қатесі;
mβ – β бұрышын өлшеу қателігі.
Егер бұрыштық өлшем қатесін сызықтық өлшемде берсек,
онда (154) формуланы былай өрнектеуге болады
mc =
, (155)
мұндағы, ρ = 206 265//, яғни r бұрыштық қатесі, mβ қатесі сияқ- ты өрнектелген.
Егер mS =
S
m
m , онда былайша жазуға болады:
Полярлық радиусы S =100 м, қатесі mc= ± 2 см болған жағ- дайда қадаланбақшы нүктенің орнын анықтау формуласы:
mβ =
mC . (156)
Егер (156) формулаға сандық мəндерін қойсақ, онда
mβ =
2 206265 30//
1,4 10000
Яғни, А нүктесінде β бұрышы 30 // қатемен салынуы мүмкін.
Тік координаталар əдісі. Тік координаталар əдісін құрылыс торы бар құрылыс алаңында қолданады. Мұнда барлық айтулы нүктелердің коррдинаталары, сол құрылыс торы координата- лар жүйесінде берілген. Бұл əдісте жобалық нүктелерді жер бетіне түсіру үшін дирекциондық бұрышты, арақашықтықты есептеудің керегі жоқ, себебі жер бетінде тік бұрыштар са- лынады, ал арақашықтық құрылыс торы осьтерінің Х жəне У координаталарының айырмасы ретінде анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: |