Қазақстан республикасы білім


§ 14.7 Құрылыс алаңындағы жер бетін нивелирлеу



бет94/133
Дата01.11.2023
өлшемі2.69 Mb.
#482066
түріОқулық
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   133
Геодезия кітабы

§ 14.7 Құрылыс алаңындағы жер бетін нивелирлеу


Құрылыс алаңындағы жер бетін нивелирлеу, егер ол тұста жазық жəне аздап толқымалы рельеф болған жағдайда топогра- фиялық түсіріс үшін жүргізіледі. Ірі масштабта түсірілген план арқылы, жер бетін тік жазықтықта тегістеу; аэродромдарды,

14–589
209

құрғату жəне суару жүйелерін жобалауда; қазу жұмыстарының көлемін жедел есептеуде; территорияларды жер ұйықтау (бла- гоустройства) жəне басқа да инженерлік жұмыстардың тапсыр- маларын орындауда қолданады. Дала жұмыстарына жер бетінде нүктелер торын құру, олардың пландық жəне биіктік шамаларын анықтау жатады. Планның рельефі геометриялық нивелирлеу нəтижесі арқылы анықталған биіктік шамалары арқылы гори- зонтальдармен бейнеленеді. План ішіне кіретін құрылымдарды түсіру биіктік анықтаумен қоса жүргізіледі.
Жер жағдайына жəне жобалық шарттарға байла- нысты, нивелирлеуді төмен- дегі əдістердің бірімен ат- қарады: шаршы немесе төртбұрыш əдісі; тұйық- талған теодолиттік түсіріс жүрістері ішінде құрылған белдемелер арқылы; бұрын- нан құрылыс салынған жер-

113-сурет. Участокты негізгі шаршыларға бөлу тəсімі
дің алдын ала түсірілген планы арқылы атқарады. Инженерлік жоба үшін, ең

ыңғайлысы шаршылар арқылы нивелирлеу нəтижесінде жасалған
план, бұл əдіспен жұмысты жүргізу ретін төменде қарастырамыз. Түсірілмекші участок АВСD бір-біріне перпендикуляр MN жəне PQ осьтермен төрт тең бөлікке бөлінеді (113-сурет). Ортада- ғы О нүктесінен осьтер бойымен бірдей ұзындықты кесінділер- ді салып, шаршыға бөлуге кіріседі. Əрі қарай ол шаршыларды кіші өлшемді шаршыларға бөледі де, үлкен шаршыларды ұсақ шаршылармен толтырады. Негізгі шаршылардың төбелерін уақытша реперлермен, ал толтырушы шаршылардың төбелерін
ағаш қазықшалармен бекітеді.
Негізгі шаршыларды тік бұрыш жасап, теодолитпен қада- лайды, ал сызықтарды ұзындықтары 100-200 м таспамен немесе өлшегіш сыммен (арнаулы өлшегіш сым – темір) өлшейді. 1:500 масштабты түсіріс үшін, негізгі шаршы қабырғаларын 100 немесе 200 м, ал толтырушы шаршылардың қабырғасын 10 немесе 20 м етіп алады; 1:1000 – 1:2000 масштабты түсіріс үшін негізгі шаршы

қабырғаларын 200 немесе 400 м, ал толтырушы шаршылардың қабырғасын 20 немесе 40 м етіп алады.
Шаршылардың реттік сандары іс жүзінде əртүрлі жазыла береді. Бірақ, ең ыңғайлысы негізгі шаршыларды толықтыру шаршыларынан тез айыру үшін əртүрлі етіп бейнелеген жөн. Мысалы, негізгі шаршы төбелерін бөлшек ретінде, яғни бөлшектің алымына MN абсцисса осі бойынша жүздік метрлерін, ал бөліміне PQ ордината осі бойынша жүздік метрлерін жазады. Мысалы, тəсімнің оңтүстік-батысында орналасқан D нүктесі үшін, – 6/– 6, мұнда шаршының төбесі участоктің координаталар басынан солға жəне төмен 600 м қалыс қалған деген сөз.
Толықтырушы шаршылардың төбелері – жазық жəне тік бағытта да тік-араб цифрларымен бейнеленеді. Мұнда бірінші цифр – тік бағыттағы, ал екіншісі – жазық бағыттағы реттік сандары. Мысалы, нивелирлік жүрістің жалғастырушы нүктелері болып есептелетін а, б, е төбелері ретімен 95, 65 жəне 59 цифрларымен белгіленеді (114-сурет).
Шаршылардың төбелерін №22 реперден техникалық ниве- лирлеу жүргізу арқылы іске асады, мұнда негізгі шаршылар- дың қабырғалары 200 м. Нивелирлік жүрістің I, II, III жəне IV станцияларын (тұрақтарын), көздеу қашықтығы 100 – 150 м қашықтықтан, мүмкіндігінше шаршының барлық ауданы көрініп тұратындай етіп таңдайды. Əр келесі станция, алдың- ғы станциямен екі-үш нүктелермен байланыстыра жүргізіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   133




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет