Қазақстан республикасы білім


§ 14.8 Берілген көлбеулік бойынша жобалық жəне жұмыс істеу биіктік шамаларын есептеу



бет96/133
Дата01.11.2023
өлшемі2.69 Mb.
#482066
түріОқулық
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   133
Геодезия кітабы

§ 14.8 Берілген көлбеулік бойынша жобалық жəне жұмыс істеу биіктік шамаларын есептеу


Кез келген бір ұзынабойлық профиль (автомобиль, темір жолдары, канализация, жылу торабы трассалары жəне с.с.) гео- метриялық нивелирлеу нəтижелерімен салынған болса, осы профильдің үстіне берілген көлбеуліктегі жобалық сызықты са- лады. Жобалық сызықтар өтетін нүктелерді жобалық нүктелер немесе «қызыл» биіктіктер деп атайды. Жобалық сызықтың биіктіктері формуламен есептеледі:
Нкn+1 = Нкn + nкn+1, (175)
мұндағы Нкn+1 – келесі нүктенің қызыл биіктігі;
Нкn – алдыңғы нүктенің қызыл биіктігі;
nкn+1 – осы нүктелердің арасындағы өсімше.
Бастапқы нүктенің биіктігі, жобалық сызық нүктелерінің
биіктік шамаларын есептеу кезінде беріледі немесе жақын маң- дағы репер арқылы анықталады. Өсімшені көлбеулік жəне екі нүкте арасындағы қашықтық арқылы табады. Айталық, кез кел- ген бір ұзынабойлық профильдің АВС бөлігінің PF жобалық сызығы i көлбеулігімен берілген, сонда 116-суретке сəйкес:
= НР + d1ּ i; (176)
НР = НР +( d1+ d2) i= + d2ּ i. (177)
Есептеу кезінде көлбеуліктің мəнін есепке ала отыру керек, жоғарыдағы жағдайда мəні (-) минус.


116-сурет. Ұзынабойлық профиль
Жоғарыдағы айтылғандай қызыл жəне қара биіктіктердің айырмасы жұмыс биіктігі деп аталады, яғни сол нүктеде қанша қазу керек немесе қанша үю керек екендігін көрсетеді. 116-суретте жұмыс биіктігі болып у1, у2, у3 саналады. Қазу керек болса, оның биіктік шамасын жобалық сызықтың астына, ал үю керек болса үстіне жазады.
Ерекше орын алатын М жəне N нүктелері – жобалық сызық- пен профиль сызығының қиылысқан тұсы. Мұндай нүктелер нөлдік жұмыс нүктесі деп аталады. Қазу немесе үю жұмыс- тарын осы нөлдік жұмыс нүктесінен бастайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   133




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет