Қазақстан республикасы білім


§ 16.5 Темірбетонды жəне металл бағаналарды монтаждау кезіндегі геодезиялық жұмыстар



бет118/133
Дата01.11.2023
өлшемі2.69 Mb.
#482066
түріОқулық
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   133
Геодезия кітабы

§ 16.5 Темірбетонды жəне металл бағаналарды монтаждау кезіндегі геодезиялық жұмыстар


Бағаналарды орнату, қабат төбесін жауып, баспалдақ маршта- рын орнына қойып жəне төменгі қабаттың алаңын монтаждап болған соң басталады.
Мұнара кранымен бағананы орнына жеткізіп, кондуктор ішіне жайлап түсіреді де, теодолитпен бақылай отырып, осьтік сызық- ойық бойымен орнатады.

  1. сурет. Каркасты-панельді ғимаратты бір топ кондукторлардың көмегімен монтаждау тəсімі. I, I I кондуктордың пландағы орны; 1 екі қабатты бағаналар; 2 қалқан қорған; 3 ішкі

жалғамала; 4 жоғары, төменгі қамыттар; 5 кондукторды жылжыту қондырғысы; 6 ригельдер (итарқалар); 7 жабу плиталары; (үшкілдермен кондукторларды жылжу бағыты көрсетілген)
Монтаждау жұмысының дəлдігін жəне өнімділігін арттыру үшін бір топ кондукторды пайдаланады (151-сурет). Мұндай кондукторлармен бір уақытта алты бағананы орнатуға болады. Екі қабатты бағаналарды кранмен қамыт ішіне орнатады, мұнда кондуктордың реттеу бұрандалары жəне теодолиттің көмегімен бағананы түзетіп, жобалық жағдайына келтіреді. Əр келесі қабатты монтаждауға, төменгі қабаттағы барлық монтаждық жалғасуларды пісіріп, монолиттеп жəне тексеріп болған соң кіріседі.
Биіктігі 5 м артық бағаналарды жобалық орнына (жағдайына) орнату екі теодолитті пайдалана отырып, іске асады (152-сурет). Орнату дəлдігін арттыру үшін бағананың жоғары қырына интервалы 10 мм шкала сызықтарын салады.
Бағана қатарының тік екен- дігін тексеру үшін бүйірлік нивелирлеу əдісін қолдануға болады. Бағаналардың осіне пареллель 0,5-1 м қашықтықта көмекші сызықты қадалайды. Көмекші сызық үстіндегі бір нүктеге теодолит орнатады да (мысалы, А нүктесіне), АА/ сызығының бойымен коли- мациондық жазықтыққа бағдар-

  1. сурет. Екі теодолитпен бағананың тік орнатылуын бақылау тəсімі. 1 бағана қырындағы

бақылау шкаласы; 2, 7 бағананың ретімен жоғары жəне төменгі қима қырларындағы сызық-ойықтар;
3 теодолиттің проекцияланушы көздеу осі; 4 теодолиттер;
5 осьтік белгілер; 6 қадалау осьтері.
лайды (152-сурет). Əрі қарай кіші
рейка табанын бағана бүйіріне қойып, теодолит дүрбісінің екі жағдайында рейкадан есеп алады. Орташа есептің берілген қашықтықтан ауытқуы арқылы, монтаждау жұмысының сапасын анықтайды. Бұл əдістің кемшілігі
– рейка ұстаушыға бағананың

жоғары жағына рейка ұстау кейде қиынға соғады.
Бағаналарды монтаждаудың дəлдігін, сенімділігін тексеріп отыру жəне келесі монтаждау жұмыстарын, кран астындағы балкаларды жəне кран жолдарын салуды керекті дəлдікпен қамтамасыз ету үшін, жалпы ғимараттық бағаналар үстімен



  1. сурет. Бағаналардың тік, бір жазықтықта орнатылғанын бүйірлік нивелирлеу əдісімен тексеру тəсімі

ұзынабойлық жəне көлденең осьтерін шығарады. Егер бағаналар тік орнатылған болса, ұзынабойлық жəне көлденең осьтері бағана бастарының тура ортасынан өтеді, ал бағана еңкейіп тұрса, онда оның жобалық осьтері қиылысу нүктелерінің геометриялық центрлерінен ауытқуы өлшеніп, шара қолданылады.



  1. сурет. Орындалған жұмыстың жəне бағаналардың пландық жəне биіктік жағдайының тəсімі. Үшкілдермен (мм) бағаналардың төменгі жағының (қимасының) ауытқуы көрсетілген: плюс жəне минус таңбалы мəндері бағананың жоғары немесе төмен (мм) орнатылғанын көрсетеді

Орындалған жұмыстың тəсімі арқылы ауытқу шамасы анық- талып, керек болған жағдайда бағаналардың түбін ығыстыра қазып түзетеді. Бағаналардың жерге кірген тұстарын өсіре (немесе түсіре) отырып, олардың бастары бір деңгейде болғанын қадағалайды. Орындалған жұмыстың жəне бағаналардың пландық жəне биіктік жағдайының тəсімдік үлгісі 154-суретте көрсетілген. Төменде бағаналарды монтаждау кезіндегі жобалық жағдай-
ларынан ауытқу шектік шамалары берілген:

    1. Бағаналардың төменгі қимасындағы осьтерінің қадалау осьтеріне қарағандағы ауытқуы ±5 мм;

    2. Бағана осьтерінің жоғарғы қимасындағы осьтерінің тік жағдайынан ауытқуы,

Егер бағана биіктігі Н, м:
4,5 м дейін, ± 10 мм;
4,5 –15 м дейін, ± 15 мм;
15 м артық, 0,001Н, бірақ ± 35 мм артық емес.

    1. Бағаналардың тірек фундаменттер беттерінің жобалық биіктік шамасынан ауытқуы, ±3 мм;

    2. Көп қабатты ғимараттағы əр ярус бағаналарының жоғары жақ биіктіктерінің айырмасы (n – ярустың реттік саны), (2 n + 1,2) мм.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   133




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет