Бақылау сұрақтары:
Белгілердің қандай түрлерін білесіз?
Ұзындық өлшеу аспаптарының қандай түрлерін білесіз?
Өлшеу сызықтарын созу дегеніміз не?
Өлшеу таспаларын компарирлеу дегеніміз не? 5.Өлшеу нəтижесіне қандай түзетулер енгізіледі?
Параллактикалық бұрыш дегеніміз не?
Кигізілмей құрылғы не үшін керек?
Екі бейнелі қашықтық өлшегіштің ерекшелігі неде?
Сыну бұрышы дегеніміз не?
Тұрақты бұрышты арақашықтық өлшегіштің ерекшелігі неде?
тарау
ЖЕР БЕТІНДЕ СЫЗЫҚТАРДЫ БАҒДАРЛАУ
§ 5.1 Жалпы түсінік
Құрылыс алаңында геодезиялық жұмыстарды жүргізуде жер бетіндегі сызықтардың бастапқы бір бағытқа қарағанда, оның қалай орналасқанын анықтауға тура келеді. Осы үрдісті жұмыс бағдарлау деп аталады.
Геодезияда астрономиялық, геодезиялық жəне тік бұрышты (кеңістікте жəне жазық) координаталар жүйелерін пайдаланады.
Астрономиялық координаталар жүйесінің негізі келесі тү-
сініктерден тұрады. Айталық, жер бетіндегі L нүктесі жəне Жердің айналу осі РсРю арқылы Рс LК Рю тік жазықтығы (22-сурет), деңгей жазықтығын бір сызықтың бойымен қиып өтті. Осы сызық негізгі немесе астрономиялық меридиан болып есептеледі.
Жер өзінің айналу осі арқылы айналу кезінде, L нүктесі MLN дөңгелегін сызады, осы сызықты параллель деп атайды. Оңтүстік Ро жəне солтүстік Рс полюстерден бірдей қашықтықта орналасқан, Жерді оңтүстік жəне солтүстік жарты шарға бөлетін парал- лель EQ- параллельдің ең үлкені жəне оны экватор сызығы деп атайды.
Экватор жазықтығымен L нүктесі арқылы түсірілген тіктеуіш сызығы арасындағы j бұрышы астрономиялық ендік деп аталады.
Берілген L нүктесі арқылы өтетін мердиан жазықтығы мен бастапқы меридиан жазықтықтары арасындағы λ бұрышы астро- номиялық бойлық деп аталады. Астрономиялық координаталар деп аталатын ендік φ жəне λ бой- лық арқылы кез келген нүктенің жер бетінде орналасу жағдайын анықтауға болады.
ТМД жəне көп мемлекеттерде
Достарыңызбен бөлісу: |