23-сурет. Негізгі жəне магниттік 24-сурет. Сызықтың азимуттары
азимуттар
Егер магнитт үшкілінің солтүстік ұшы негізгі меридианнан шығысқа қарай ауысса (23-суреттегідей), онда магнит үшкілінің ауысуы шығыстық, батысқа қарай батыстық деп аталады. Шығыстық ауытқу “+” (плюс немесе оң), ал батыстық “–” (минус немесе теріс) таңбаларымен белгіленеді.
25-сурет. Тура жəне кері азимуттар 26-сурет. Румбтар
Бір нүктеде уақыт өте келе магнит үшкілінің ауытқу бұрышы өзгеріп отырады. Сондықтан бұл ауытқуларды – ғасырлық, жылдық жəне тəуліктік ауытқу деп айырады. Көрші орналасқан екі нүктеде ауытқу бұрыштары бір-бірінен əлдеқайда алшақ екені байқалған. Мұндай құбылысты магниттік аномали деп атайды.
Курск маңындағы магниттік аномали бұған мысал бола алады.
Азимуттар тура жəне кері бо- лып екіге бөлінеді. 24-суретте ОВ, ОD, ОМ, ОQ бағдарланбақшы сызықтары мен негізгі меридиан
бағыты арасындағы AB, AD, AM, AQ
жазық бұрыштары тура азимут- тар. О нүктесі бағдарланбақшы сызықтың басы ретінде, ал СО
сызығы О нүктесіндегі негізгі мери- диан бағыты.
сурет. Азимуттар мен румб- тар арасындағы байланыс
Кері азимут дегеніміз негізгі меридиан бағытымен берілген сызықтың кері бағыты арасында пайда болатын бұрыш. Мыса- лы, ВD бағыты үшін, тура азимут А бұрышы болатын болса, ал оның кері азимуты А/ (яғни, D нүктесінен В нүктесіне қарайғы бағыт) (25-сурет). Егер D нүктесі арқылы СО сызығына параллель С/О/ түзуін жүргізссек, онда меридианндардың жақындасуы деп аталатын g бұрышы пайда болады (келесі тақырыпты қараңыз) қараңыз. 25-суреттен кері азимут тең болады:
А/ = А + 1800 + γ. (43)
Есептеуге ыңғайлы болуы үшін көп жағдайда бағытты азимут емес, румбпен өрнектейді (белгілейді).
Румб дегеніміз – берілген сызық пен оған ең жақын жатқан меридиан бағыты (солтүстік немесе оңтүстік бағыты) арасындағы бұрыш. Мысалы, 27-суретте ОN сызығы меридианның оңтүстік бағытына қарағанда, солтүстік бағытына жақын жатыр, сондықтан бұл жағдайда мериданның солтүстік бағытынан есептелетін r1 бұрышы румб болып саналады. ОМ сызығы меридианның оңтүстік бөлігіне жақын, яғни r1 румбы меридианның оңтүстік бағыты ұшынан бастап есептеледі. Осындай ретпен румб 00-тан 900-қа дейін өзгереді. Сызықты бағдарлау үшін румбтың шамасын көрсету жеткіліксіз, оған қоса оның қай ширекте жатқанын атау керек.
Айталық СО түзуі (27-сурет) А нүктесінің үстінен өтетін негізігі меридианның бағыты, ал осы түзуге перпендикуляр БШ – батыстан шығысқа қарайғы бағыт. Осы сызықтармен төрт ширек пайда болады, атап айтқанда I (СШ – солтүстік шығыс), II (ОШ
оңтүстік шығыс), III (ОБ – оңтүстік батыс), IV (СБ – солтүстік батыс).
Мысал. 1. 2320 26/ шамасының румбысын анықтау керек. Румб тең болады, 2320 26/-1800 = 520 26/ (ОБ).
2. Берілген бағыттың румбы 740 35/ болса, осы бағыттың ази- мутын анықтау керек. Азимут тең болады, 1800- 740 35/ = 1050 25/. 27-суреттен азимуттар мен румбтардың арасындағы байла-
нысты төмендегідей өрнектеуге болады.
Азимуттар Румбтар Ширек аттары А1 r1 I (СШ)
А2 1800 + r2 II (ОШ)
А3 1800- r3 III (ОБ)
А4 3600 -r1 IV(СБ)
Достарыңызбен бөлісу: |