Қазақстан республикасы білім


§ 5.4 Дирекциондық бұрыш жəне румб арасындағы байланыс



бет24/133
Дата01.11.2023
өлшемі2.69 Mb.
#482066
түріОқулық
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   133
Геодезия кітабы

§ 5.4 Дирекциондық бұрыш жəне румб арасындағы байланыс


Алты немесе үш градусты зона ішінде сызықтарды бағдар- лауда негізгі меридиан емес, осьтік меридианға параллель сызық пайдаланылады. Сонда азимуттардың орынына дирек- циондық бұрыштар деген түсінік қолданылады. Азимут сияқты, дирекциондық бұрыш сағат тілінің бағытымен, абсцисса осінің оң мəнді бағытынан берілген бағытқа (сызыққа) дейін өлшенеді. Дирекциондық бұрыш 00-тан 3600-қа дейін өзгереді.
Егер PQ сызығының Р нүктесі арқылы (29-сурет) негізгі ме- ридиан СО жəне NS осьтік меридианға параллель болса, онда g бұрышы меридиандардың жақындасу бұрышы, ал a бұрышы





    1. сурет. Дирекциондық бұрыштар жəне азимуттар

PQ сызығының (бағытының) дирекциондық бұрышы болып есеп- теледі.
Негізгі азимут тең болады,
А = a немесе a = А - γ. (46)
PQ сызығы үшін a дирекциондық бұрышы – тура, ал QP бағыты үшін a1 – кері дирекциондық бұрыш болып есептеледі. Өйткені NS бағыты осьтік меридианға параллель, сонда,
a1 = a + 1800 жалпы формуласы a1 = a ± 1800. (47)
Тура жəне кері дирекциондық бұрыштардың бір-бірінен ылғи да 1800 айырмашылықтары болады. Бір сызықтың дирекциондық бұрышы оның кез келген нүктесінде (тұсында) өзгермейді, ал сол сызықтың азимуты оның əр нүктесінде əртүрлі болады.
Есептеуге оңай болуы үшін, көбінесе дирекциондық бұрыш- тың орнына румбты қолданады. Дирекциондық бұрыш пен румбтың арасындағы байланыс азимут пен румб арасындағы байланысқа ұқсас болып келеді де, төмендегі формуламен өрнектеледі,
I (СШ) a = r ; r = a ;
II (ОШ) a = 1800- r ; r =1800- a; III (ОБ) a = 1800+ r; r =a - 1800; IV (СБ) a = 3600 - r; r = 3600- a.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   133




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет