Қазақстан республикасы білім



бет25/133
Дата01.11.2023
өлшемі2.69 Mb.
#482066
түріОқулық
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   133
Геодезия кітабы

Бақылау сұрақтары:

  1. Сызықтарды бағдарлау дегеніміз не?

  2. Географиялық (астрономиялық) ендік жəне бойлық дегеніміз не?

  3. Референц-эллипсоид дегеніміз не?

  4. Дирекциондық бұрыш дегеніміз не?

  5. Румб дегеніміз не?

  6. Дирекциондық бұрыш пен румб арасында қандай байланыс бар?

  7. Меридиандардың жақындасу бұрышы дегеніміз не?

  8. Азимут пен румбтың байланысын түсіндіріңіз?

  9. Магнит үшкірлігінің ауытқу бүрышы қалай анықталады?

  10. Картада (планда) дирекцондық бұрыш қандай осьпен дəл келеді?
      1. тарау


БҰРЫШТАРДЫ ӨЛШЕУ


§6.1 Жазық бұрыштарды өлшеу қағидалары


Құрылыс-монтаждау жұмыстарын геодезиялық істермен қамтамасыз етуде жазық жəне тік жазықтықтарда орналасқан бұрыштарды өлшеуге тура келеді. Оның үстіне, екі қабырға арасындағы көбінесе көлбеу болып келетін бұрышты емес, оның жазықтыққа (жер бетіне) түскен проекциясын өлшейді.
Бұл бұрыш өлшеу, əртүрлі бұрыш өлшегіш аспаптармен атқарылады. Олардың арасында, қарапайым түрлері: бусоль, эк- кер, гониометрлер; күрделірегі – теодолиттер бар. Қазіргі кезде бұрыштарды теодолитпен өлшейді. Олар құрылыс-монтаждау жұмыстарында керекті дəлдікті қамтамасыз етеді.
Бұрышты өлшеу келесі түсініктерден тұрады. Жер бетінде А, В
жəне С нүктелері белгіленді делік (30 – 31-сурет).
Егер А нүктесінде тік АА1 сызығын түсірсек, онда осы сызық- қа перпендикуляр РQ жазықтығы жазық жазықтық болады. Осы жазықтыққа қалған В жəне С нүктелерін проекциялайық, сонда В1А1С1 бұрышы АА1 екі қырлы бұрышының сызықтық бұрышы болады жəне де оны жазық бұрыш деп атайды.


30-31-суреттер. Жазық бұрышты өлшеу қағидалары

30-31-суреттен көрініп тұрғандай, АА1 сызығының кез кел- ген нүктесінде немесе сол сызықтың жалғасында, мысалы, а


нүктесінде b бұрышына тең бұрыш салуға болады. Сондықтан жазық бұрышты өлшеу үшін аспапты АА1 тік сызығының үстіне орнату керек, яғни аспаптың тік айналу осі, осы АА1, сызығының үстінде жатады. Оны дəлдеу жіпке ілінген немесе оптикалық тіктеуіш жабдығымен іске асады. Аспапты осылай орнату – аспап- ты центрлеу деп аталады. Бұрыштың сандық шамасын анықтау үшін В жəне С нүктелеріне қада орнатады да, теодолиттің жазық дөңгелегінен есеп алады.
Жазық бұрышты өлшеу тəсімі 30-31-суреттерде көрсетілген. Аспапты өлшенбекші бұрыштың төбесіне дəл орнатады; аспап- ты жазық дөңгелек үстіне орнатылған цилиндрлік деңгей арқылы қалыпты жағдайға (жазық жағдайға) келтіреді. Алдымен аспап дүрбісін сол жақтағы В нүктесіне, ал содан кейін оң жақтағы С нүктесіне бағыттап а жəне b есептерін алады. 30-31-суреттерге сəйкес алынған есептердің айырмасы а-b, өлшенген b бұрышының градуспен берілген бұрыштың сандық мəнін береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   133




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет