Қазақстан республикасы білім


§ 8.7 Нивелирлік рейкалар жəне қазық-қадалар



бет44/133
Дата01.11.2023
өлшемі2.69 Mb.
#482066
түріОқулық
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   133
Геодезия кітабы

§ 8.7 Нивелирлік рейкалар жəне қазық-қадалар


Рейканың құрылысы. Техникалық жəне III , IV кластық ни- велирлеу кездерінде əртүрлі рейкалар қолданылады. РН3 типті рейкалар ұзындықтары 1,5 м екі ағаш тақтайдан құралып, шар- нирмен жалғасқан; рейкалар бір бүтін тақтайдан да жасалуы мүм- кін, ұзындығы 3 м. Рейкаға сантиметрлік цифрлармен белгіленген бөліктері салынады. Бөліктер жəне сантиметрлік жазулар рей- каның бір жағына қара, бір жағына қызыл түспен салынады. Рей- калар дөңгелек деңгейлермен жабдықталады, ал ұштары (таба- ны) металл қаңылтырмен қапталады.Техникалық нивелирлеуде көбінесе 4 метрлік, жиналмалы РН4 типті рейкалар (əр бөлігі 2 метрлік) қоладанылады. Рейканың қара жағы 0 (нөлден) бастала- ды, яғни рейканың табаны 0 (нөлмен) сəйкес келеді. Қызыл жағы 4687 мм басталады, яғни қызыл жағының нөлі, 4687 (əр рейканың қызыл жағы əртүрлі цифрдан басталады) дейін түсірілген деп түсіну қабылданған (56-сурет). Нивелир аспабының құрамына екі рейка кіреді. Бұл рейкалардың қызыл жағының басталуы бірдей емес, яғни ±100 мм. Мысалы, бірінші рейка үшін, қызыл жағы 4687 басталса, екінші рейканың қызыл жағы 4787 басталады. Бұл жағдайда іргелес тұрақтарда рейканың екі жағынан есеп алып нивелирлеу кезінде, олардың арасындағы өсімше бір-бірінен кезегімен ±100 мм өзгеше болады.



    1. сурет. Нивелирлік рейкалар жəне нивелирлік металл башмактар

Əр рейканың дециметрлік бөліктері цифрмен аударылып жазылған, себебі нивелирлердің көбісі кері бейнелерді беретін астрономиялық дүрбілермен жабдықталған. Рейкадан есеп алу, дүрбінің ортаңғы жазық сызығы арқылы алынады, мысалы 56 б-суретте есеп 5122 мм.
Рейкаларды тексеру (компараторда тексеру немесе компарир- леу). Жұмыс алдында рейка бөліктерінің дұрыстығын тексереді. Тексеруді бөліктері 1 мм тексергіш метрмен (кəдімгі сызғышпен) атқарады. Рейканы əртүрлі интервалда (аралықта), əр метрлік бөліктерін əуелі тура, сонан кейін кері бағытта өлшеп тексереді. Интервал ұзындығы екі есеп айырмасы ретінде анықталады. Шеткі табанына жақын жерлерін, алдымен жіңішке сызықтар жүргізіп белгілейді. Тура жəне кері бағытта өлшеу кезіндегі ауа қызуы өлшеніп, журналға жазылады. Метрлік бөліктерін тексергеннен кейін, дециметрлік бөліктерін тексеруге кіріседі. Техникалық ни- велирлеу үшін, рейка бөліктерінің қатесі 1 мм аспауы керек.
Рейканы жоғарыда келтірілген тексеруден басқа, қара жəне қызыл жақтарының айырмасын тексеру атқарылады. Ол үшін 20
– 30 м жерге, төбесі тегіс қырқылған қазықша қағып, оның үстіне рейканы тік орнатып (деңгей арқылы) қара жəне қызыл жағынан есеп алады да, есеп айырмалары арқылы рейканың нөлдік биіктігін анықтайды. Мұндай тексеру бірнеше рет, аспаптың əртүрлі биіктігінде қайталанады. Тексерудің орташа нəтижесі рейканың нөлдік биіктігі ретінде қабылданады.
Нивелирлеу кезінде рейканың жерге кіріп кетпеуін қадағалап отырады. Ол үшін рейканы жерге емес, төбесі тегіс қырқылған ағаш қазықшаны жермен бірдей етіп қағып, соның үстіне ұстайды. Ағаш қазықшаның орынына металл қазықшалар (арма- тура кесінділері) немесе нивелирлеуге арнаулы дайындалған баш- мактар, т.с.с. заттар қолданылады (56 в, г-суреттер).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   133




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет