Техникалық нивелирлеу журналы
Стан- ция реті №
|
Бекеттер реті №
|
Рейкалардан алынған есептер
|
Өсімше- лер
|
Аспап деңгейі (ГИ)
|
Биік- тіктер, м
|
соңғы
|
алдыңғы
|
аралық
|
1
|
Rр 48
|
1415 (1)
6101 (4)
|
|
|
+1200 (5)
+1198 (6)
+1199 (7)
|
|
92,274
|
0
|
|
0215 (2)
4903 (3)
|
|
93,473
|
2
|
0
|
0596
5283
|
|
|
-1313
-1312
-1313
|
94,069
|
93,473
|
+35
|
|
|
2587
7273
|
91,482
|
+65
|
|
|
0085
4775
|
|
|
93,984
|
1
|
|
1909
6595
|
|
|
|
92,160
|
3
|
1
|
0265
4952
|
|
|
-2207
-2207
-2207
|
92,425
|
92,160
|
+45
|
|
|
1534
6217
|
90,891
|
+65
|
|
|
1827
6508
|
90,598
|
2
|
|
2472
7159
|
|
|
|
89,953
|
4
|
2
|
0528
5215
|
|
|
-1183
-1183
-1183
|
90,481
|
89,953
|
+55
|
|
|
1112
5796
|
|
89,369
|
3
|
|
1711
6398
|
|
|
|
88,770
|
Тексе- ру
|
2804
21551
|
6307
25055
|
|
+1199
-4703
|
|
|
18747
-3503
|
18748
-3504
|
|
-3504
|
|
|
Егер нивелирлеу Н3 (НВ-1) типтес нивелирмен, біржақты рей- камен жүргізілсе, онда тексеріп отыру үшін, есеп көздеу дүрбісі- нің үш жіп сызығынан алынады, бұл есептер ортаңғы есептен
2 мм аспауы керек. Бұл біржақты рейкалы əдісте, нивелир-
леу аспаптың екі деңгейінде, яғни нивелирдің екі биіктігінде жүргізіледі. Əрине, мұндай нивелирлеу уақытты көп алатыны сөзсіз.
§ 8.9 Геометриялық нивелирлеу журналын өңдеу
Нивелирлік жүрісті теңдеу. Нивелирлік жүрістің бастапқы берілімдері болып, өзінен жоғарғы дəлдікті (класы жоғары) мар- калар жəне реперлердің биіктіктері саналады. Нивелирлеу журна- лын өңдеуді шартты түрде екіге бөлуге болады: алдын ала теңдеу сатысы (стадия); соңғы теңдеу сатысы.
Алдын ала өңдеуге, компараторда рейкаларды тексеру нəти- желерін жəне əр беттік тексеру жатады. Əр беттік тексеру келесі ретпен жүргзіледі.
Трасса бойында қойылған барлық рейкалардан алынған орта- ша есептердің қосындыларын есептейді (ΣЗ – соңғы рейкадан
алынған орташа есептердің қосындысы; ΣП – алдыңғы рейкадан алынған орташа есептердің қосындысы).
Соңғы жəне алдыңғы рейкалардан алынған есептердің айыр- масын есептейді, ол осы беттегі өсімшелердің қосындысына тең болады,
Σh1 = ΣЗ - ΣП.
Оң жəне теріс мəнді өсімшелердің қосындысын есептейді де, осы өсімшелердің алгебралық қосындысын табады Σh2. Сон- да Σh1 жəне Σh2 шамаларының бір-бірімен дəл келуін тексеріп, нəтижесінің дұрыстығына көз жеткізеді.
7-кестеге сəйкес, тексеруді төмендегі формуламен атқарады:
ΣЗк -ΣЗч =ΣПк -ΣПч; (94)
ΣЗч -ΣПч =ΣЗк -ΣПк =Σhор, (95)
мұндағы ΣЗч = 2804, ΣЗк = 21 551 – соңғы рейканың қара жəне қызыл жақтарынан алынған есептердің қосындысы;
ΣПч=6307, ΣПк=25 055 – алдыңғы рейканың қара жəне қызыл жақтарынан алынған есептердің қосындысы.
(94) жəне (95) формулаларға мəндерін қойып, алатынымыз:
21 551-2804=18 747;
25 055-6307=18 748;
2804-6307=-3503=Σhор;
21 551-25 055=-3504=Σhор.
Іс жүзінде нивелирлік жүріс түйіскен немесе түйіспеген жүрістер болуы мүмкін.
Түйіспеген нивелирлік жүріс тірек торлары қосындарының (реперлерінің) арасында жүргізіледі. Түйіспеген нивелирлік жүрістегі тексеріс – соңғы жəне бастапқы реперлердің биіктікте- рінің айырмасы, барлық жүрістегі өсімшелер қосындысына тең болуы керек.
Түйіскен нивелирлік жүріс биіктігі белгілі бір реперге сүйе- неді, яғни өсімшелелер қосындысы нөлге тең болуы керек. Түйіскен нивелирлік жүрістің бір түрі – тура жəне кері бағытта жүргізілетін аспалы нивелирлік жүріс. Мұнда тура жүрістегі
өсімшелерінің қосындысы Σhпр, кері жүрістегі өсімшелер қосын- дысына Σhобр тең, ал таңбалары қарама-қарсы болулары керек. Бірақ тура жəне кері жүрістегі өсімшелер қосындылары əсер
етуші қателіктерге байланысты тең болмай шығады. Бұл қателікті
биіктік қиылыспаушылық қате fh деп атайды.
Түйіспеген нивелирлік жүріс үшін:
fh = Σh - (Нкон - Ннач). (96) Түйіскен жүріс үшін:
fh =Σh , (97)
мұндағы, Σh – жүрістегі өсімшелер қосындысы; Нкон жəне Ннач – жүріс түйісетін бастапқы жəне соңғы реперлердің биіктіктері.
Жүріс қиылыспаушылығының мөлшері аспаптың дəлдігіне, нивелирлеу əдісіне жəне жергілікті жағдайға (ауа райы, қызуы, жыл мезгілі, атқарушыға, т.т.) байланысты болады. Мəні жəне шектік қиылыспаушылық шамасы техникалық нұсқауда жəне ұсыныстары беріледі.
Техникалық нивелирлеу үшін:
fh = ±30
мм немесе fh = ±50
мм. (98)
IV класты нивелирлеу үшін:
fh = ± 20
мм немесе fh = ± 5
мм . (99)
мұндағы, L – шақырыммен алынған жүріс ұзындығы;
n – жүрістегі станция (тұрақ саны – нивелир қанша рет ауыс- тырылды) саны. Егер қиылыспаушылық, шектік шамадан аспа- са немесе оған тең болса, онда оны тең етіп, кері таңбамен əр өсімшеге бөліп жазады, яғни жүрісті теңдейді. Жүрісті теңдеу, репер биіктіктерінің каталогын жасау, реперлердің орналасу тəсімін, орнын жəне техникалық есеп беру соңғы теңдеу сатысы- на жатады.
§ 8.10 Геометриялық нивелирлеудің дəлдігі
Нивелирлеу қандай жұмыс үшін істелмекші екендігіне байла- нысты, оған əртүрлі талаптар қойылады. Тəжірибе жəне ізденіс тексерулері негізінде, геометриялық нивелирлеу дəлдігі негізінен нивелир аспабының жəне рейканың сапасына, рейкадан аспапқа дейінгі қашықтыққа, бақылау жоспарына, сыртқы əсерлерден жəне басқа да факторларға байланысты екенін байқауға болады. Нивелирлеу барысында, оған негізгі төмендегі факторлар əсер етеді:
көздеу дүрбісінің сапасы, дұрыс көздеу, m1 ;
деңгей көпіршігінің нөл-пунктке дəл келуі, m2;
рейка бөліктерінің дəл салынуы, m3;
аспап қойылған талапты қанағаттындырмайды, m4;
рейкадан есепті дұрыс алмау (дөңгелектеу), m5;
сыртқы əсерлер, m6.
Аталған қателер бір-біріне байланысты емес, сондықтан есеп алу қатесін, қателер теориясы бойынша төмендегідей жазуға бо- лады:
mе =
, (100)
Дүрбінің үлкейту шамасы 25Х, рейкаға дейінгі қашықтық s
=100 болса, көздеу қатесі m1= ± 1,2 мм .
Деңгейдің бөлік бағасы 25 //, s =100 болса, деңгей көпіршігінің нөл-пунктке дəл келу қатесі, m2= ± 1,8 мм .
Рейканың дециметрлік бөліктерінің дəл салынбауынан кететін қате: m3= ± 1, мм .
Рейкадан есеп алу қатесі, яғни нивелирдің басты шартты қанағаттындырмауынан болатын қате (цилиндрлік деңгейдің осі, көздеу осіне параллель болуы керек). Бұл қатені қарамаса да бо-
8–589
113
лады, себебі аспаптан екі (соңғы жəне алдыңғы) рейкаға дейінгі арақашықтық тең болғандықтан бұл қате өзінен-өзі жойылып кетеді: m4= 0.
Рейканың сантиметрлік бөліктерінен есеп алудағы дөңгелек- теу қатесін m5= ± 0,5 мм деп алуға болады.
Сыртқы əсерлерден болатын қатені, нивелирлеу оңтайлы жағдайда өтті деп, m6 = 0 тең деп алуға болады.
Жоғарыда келтірілген мəндерін (100) формулаға қойып, таба- тынымыз:
mе = = ± 2,4 мм .
Екі есеп алудың қатесі, mh = 2.4 = ± 3.4 мм.
Шекті нивелирлеу қате, есептелінген қатеден үш есе асып кетуі мүмкін деген жорамалмен:
∆h=3.4×3 ≈ ±10 мм.
Егер нивелирлеудегі станция арасы 100 м, яғни аспаптан рейкаға дейін осыншама қашықтықта (100 м) есеп алынатын болса, онда 1 шқ жүрісте 5 станция бар. Сонда өсімшелер
қосындысының қатесі есе көп, яғни 1 шқ нивелирлік жүріске қателік,
Dh = 10 ≈ ±22 мм.
Қазіргі нұсқауларда, нивелирлеу тек қана қалыпты жағдайда ғана емес, қиын жағдайдада өтетінін ескеріп, қателердің шектік шамасы біршама жоғары алынған. Мысалы, техникалық нивелирлеу (есептеулер тек қана техникалық нивелирлер үшін жүргізілген) үшін, келесі шектік шамалар қарастырылған:
Dh = ±30
мм немесе Dh= ±50
мм,
мұндағы, L – шақырыммен алынған жүріс ұзындығы.
Бұл екі формула көбінесе автожолдарды нивелирлеу кезінде қолданылады
Достарыңызбен бөлісу: |