Қазақстан республикасы білім



бет6/133
Дата01.11.2023
өлшемі2.69 Mb.
#482066
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   133
Геодезия кітабы

§ 2.2 Масштабтар


Карта немесе план бетіне кез келген бір жер бетінің кескінін салу үшін, сол аймақты бірнеше рет кішірейту керек (қанша рет кішірейтілетіні беріледі). Осы кішірейту дəрежесі немесе жер бетіндегі сызықтың оған сəйкес пландағы жазық жазықтық- тағы проекциясының қатынасы масштаб деп аталады.
Масштабтар сандық жəне графикалық (сызықтық жəне көл- денең) болып бөлінеді.
Сандық масштаб кəдімгі қарапайым бөлшек ретінде беріледі, оның алымы бір, ал бөлімі бүтін сан, мысалы 1:1000, 1:2000, 1:5000 жəне де осыған ұқсас бөлшек сандар. Сонымен, планнан алынған кез келген бөлшектің алымындағы бірлікке, соншама есе кішірейтілген бөлшектің бөліміндегі сан дəл келеді. Сонда, 1:1000 масштабы үшін, пландағы 1 сантиметрге жер бетіндегі 100 сантиметр дəл келеді деген сөз.


3-сурет. Масштабтар. а) сызықтық, ə) көлденең

Жер бетіндегі ұзындық өлшемдер метрмен берілетіндіктен, есептеулерді жеңілдету үшін сандық масштаб келесі ретпен жа- зылады: 1:1000 масштаб үшін 1 см (сантиметрде) 10 метр бар; 1:5000 масштаб үшін 1 см (сантиметрде) 50 м (метр) бар.


Дегенмен іс жүзінде сандық масштабпен жұмыс істеу ыңғай- сыздық тудырады, себебі əр ұзындықты табу үшін соншама есеп- теулер керек, сондықтан сызықтық жəне көлденең масштабтарды қолданады.
Сызықтық масштаб дегеніміз – масштабтың негізі деп аталатын, үстіне тең бірнеше кесінділер салынған түзу сызық. Пландағы масштаб негізінің ұзындығы бүтін метрлік (шақы- рымдық) санға тең. 3 а-суреттегі негізі 2 см сызықтық масштаб 1:1000 сандық масштабқа дəл келеді. Сол жақтағы кесінді 10 тең бөлікке бөлінген. Сондықтан бұл бөліктердің оннан бір бөлігі көз мөлшерімен алынады. Сызықтық масштаб ретінде кез келген миллиметрлік бөліктері бар кəдімгі сызғышты пайдалануға бола- ды. Сызғышқа арақашықтық циркуль-өлшегіш арқылы салынады. Сызғыштан кіші арақашықтықты көзбен жобалап алмас үшін,
яғни үлкен дəлдікпен өлшеуде көлденең масштаб қолданылады. Əр 2 см сайын бөлінген сызық үстіне перпендикуляр түсіріп,
олардың үстіне бір-біріне тең 10 бөлік салады. Осы бөліктер арқылы масштаб негізіне параллель сызықтар сызады. Сол жақтағы тік бұрыштың төменгі жəне жоғары сызықтарын тең 10 бөлікке бөледі (2 мм). Əрі қарай жоғары сызықтың сол жақ нүктесін төменгі сызықтың бірінші бөлігімен қосады, ал жоғарғы сызықтың бірінші бөлігін, төменгі сызықтың екінші бөлігімен жəне осындай жолмен барлығын қосып шығады. Негізі 2 см, осындай жолмен құрылған масштаб қалыпты көлденең масштаб немесе жүздік көлденең масштаб деп аталады.
Көлденең масштабты пайдалану өте қарапайым, мысалы, 1:2000 (1 сантиметрде 20 метр бар). Көлденең масштаб арқылы арақашықтықты (кіші бөліктерін) сантиметрмен емес, метрмен салуға болады (3 ə-сурет).
Адамның пландағы арақашықтықты қаруланбаған көзбен салу (анықтау) дəлдігі 0,1 мм деп қабылданған. Сондықтан жер бетіндегі сызықтың сол масштабтағы пландағы ұзындығының 0,1 мм, масштабтың дəлдігі деп аталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   133




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет