Бұрылыс қисықтарын қадалау үшін əртүрлі əдістерді қол- данады. Солардың бірі тік бұрышты координаталар əдісін қарастырамыз.
Тік бұрышты координаталар əдісі. Бұл əдісте қисық үстіндегі
нүктелердің орналасу жағдайлары К тең доғалары арқылы х1, у1,; х2, у2,; х3, у3,;. хn, уn,; координаталарымен анықталады, мұнда аб-
сцисс осі ретінде тангенс сызығын алады, координаталар басы бо- лып қисықтың басы немесе соңы қабылданады.
Бұрылыс қисығы нүктелерінің координаталарын формуламен есептейді:
х1 = R sinφ; y1
= 2R sin2 ;
2
x2 = R sin2φ; y2
= 2R sin2 2
2
(136)
x3 = R sin 3φ; y3
= 2R sin2 3 .
2
Формуламен есептеудің орнына жоғарыда айтылған бұрылу қисығын қадалау кестесін пайдалану қолайлы. Кестеде ауысу нүктелерін қадалау бітіп, бұрылу қисығы басталатын тұстары жуан шрифтпен көрсетілген.
Бұрылуды нақтылы қадалау, қисықтың екі жағынан ортасына қарай (СК) тангенс сызығы бойымен іске асады. Əр кесіндінің соңынан кері қарай К – х шамасын жəне осы нүктеден нормаль
сурет. Бұрылу қисығын тік бұрышты координаталар əдісімен қадалау
түсіреді де, соның бойымен у шамасын салады. Осы амалдан пайда болған нүктені қазықшамен бекітеді де, оған нүктенің реттік санын (бекеттік атын) жазады.
Нүктенің бекеттік орнын, осы НК бекетке ретімен К шамасын қоса отырып есептейді. Тексеру үшін, қазықшалардың арасын өлшеп, олардың 10 метрге тең екеніне көз жеткізеді. Жұмыстың дəлдігін арттыру үшін қазықшалардың ұшар басына шеге қағады. Бұл əдістің жетістігі – бұрылу қисығының үстіндегі əр нүкте бір-біріне байланыссыз табылады, сондықтан келесі нүктелер- де қателіктер шамасы артпайды. Бұл əдіс ашық, жазық жерлерде қолданылады. Орманды жерлерде жəне темір жолды үйменің
үстіне немесе қазба ішіне орналасу да ұсынылмайды.
сурет. Созылған хорда əдісімен бұрылыс қисығын қадалау
Созылған хорда əдісі. Бұл əдіс кезінде бұрылмалы нүктелер- ді қадалау таспа жəне өлшегіш жабдықтарымен атқарылады (85-сурет). Бірінші қисық үстіндегі В нүктесін, оның х, у координаталары табады, ал С жəне басқа нүктелерін сызықтық қиылыстыруды a жəне b радиустарымен табады.
a хордасының ұзындығын көбінесе 5,10 немесе 20 метр деп
алады. Тік бұрышты координаталары х,у арқылы В нүктесін құрып алып, АВ=а хордасын ВМ=а кесіндісімен жалғастырады, əрі қарай сызықтық қиылыстыру радиусымен b = 2у жəне а (М жəне В нүктелерінен) сала отырып, қисық үстінде С нүктесін табады. Тура осылай, бұрылыс қисығының үстіндегі қалған нүктелерінің орнын тауып, белгілеп, қазықшалармен бекітеді. Созылған хорда əдісімен қадалауда барлық өлшеулер сол қисықтың өзінің тұсында өтеді, сондықтан бұл əдіс жұмыс істеуге тар жерлерде (үйме, қазба, тоннельдер ішінде) пайдаланылады. Бұл əдісті радиусы 200 м дейінгі бұрылыстарда қолдану тиімді.
Созылған хорда əдісінің негізгі кемшілігі нүктелер тізбегінде қателер шамасы арта беретіндігінде.
Достарыңызбен бөлісу: |