92-сурет. Жол орнын қазудағы көлденең профиль
Жолды қазып салу кезіндегі көлденең профильдерді қадағалау жұмысы трассаның осьтік О/ нүктесін бекітуден басталады (92-су- рет). А/,A’1 нүктелері жəне Б, Б1 қазу қабақтары (жиектері), яғни бірінші ретте жер төсемі сұлбада құрастырылған кезде, жер қазу жұмыстарында көлденең кескіні БАА1Б1 трапеция түрінде көрсетіледі.
Егер жер беті салыстырмалы түрде жазық болатын болса, онда А/, A’1 жəне Б, Б1 нүктелерінің орны суреттегідей қарапайым. 92-суретке сай
О/, А/ = О/A' = B + D, (144)
1 2
мұнда В – жол полотносының ені;
D – жол жиегіндегі жыраның жоғары жақ ені.
Табылған О/, А/ шамасын осьтің екі жағына өлшеп салып, А/, A'1 нүктелерін табамыз. Осы нүктелерден кемердің mh жазық проек- циясын (заложениясын) өлшеп, Б жəне Б1 қазу жиектерін бекітеді.
Бақылау сұрақтары:
Экономикалық ізденіс дегеніміз не?
Техникалық ізденіс дегеніміз не?
Бұрылыс радиустарын қалай қадалайды?
Дайындық ізденіс жұмыстары дегеніміз не?
Далалық жұмыстарға не жатады?
Трассаны қалай бекітеді?
Бұрылыс элементтеріне не жатады?
Тангенс сызығы деген не?
Ауыспалы бұрылыс дегенімз не?
Бұрылыстарды қадалауда қандай əдістер қолданылады?
Достарыңызбен бөлісу: |