Қазақстан республикасы білім



бет75/133
Дата01.11.2023
өлшемі2.69 Mb.
#482066
түріОқулық
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   133
Геодезия кітабы

тарау


АЭРОДРОМДАРДЫ САЛУДАҒЫ ИНЖЕНЕРЛІК ГЕОДЕЗИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАР


§12.1 Құрылымдарды пландық жəне биіктік қадалау жұмыстары


Іс жүзінде аэродромдардың орнын топографиялық ізденіс жұмыстары 1:500 масштабта жүргізеді, ал геодезиялық негіздерін 1:2000 жəне 1:500 масштабтардағы топографиялық планын құру үшін, полигонометрия немесе аналитикалық торлар құра отырып іске асырады. Орманды жерлерде пландық геодезиялық негіздерді полигонометриялық жүрістер, ал ашық тұстарда микротриангуля- ция торлары немесе геодезиялық бақылау əдістері арқылы құрады.



  1. сурет. Полигонометрия 94-сурет. Микротриангуляция

Геодезиялық негіз қосындарын негізгі құрылым маңында ор- наластырады да, (ұшу-қону жолақтары, ұшақтар тұратын орын- дар, құрылыс шоғырланған аймақтар) қабырғалары 400 метрлік торлармен түйістіреді.
Полигонометрия тұйықталған жүрістермен құрылады (93-су- рет). Қабырғаларын жарық өлшегіштерімен немесе аспалы өл- шегіш жабдықтармен өлшейді. Микротриангуляция қабырға- ларының ұзындықтары 400-800 м болып келеді. Созылмалы алаңдарда тор құру тəсімі 94-суретте көрсетілген.
Тор ішінде төрт қабырғасын (базистері) 1: 50 000 қателікпен өлшейді, қабырғалар арасында кейбір бөліктерін теңдейді.
Биіктік негіздері аэродромдар салуда маңызды рөл атқарады. Сондықтан биіктік негіздерін құруда, өлшеулер жүргізуде өте мұқият болған дұрыс. Тік жазықтықта тегістеу жұмыстары, нивелирлеу кезінде биіктіктері анықталған нүктелер арқылы жүргізіледі жəне де осы нүктелер арқылы тегістеу жұмыстарының (қазу, үю, ысыру) көлемі анықталады.


§12.2 Аэродром салатын алаңды таңдау


Аэродром салатын алаңды таңдау кезінде келесі талаптар еске алынады:

  1. Алаң ауданы ұшу құрылымдарының барлығын, тұрмыс ны- сандарын орналастыруға болатындай жəне де жыл бойы соғатын желдің басым бағытына бағдарланған, яғни бас ұшу жолағы осы бағытпен орналасуы керек;

  2. Ұшу аппараттарының ұшу-қонуы қауіпсіз болуы үшін, жер бедерінің көлбеулігі 0,02‰ аспауы керек, мұнда тік қисық радиу- сы 8000 м кем емес. Нөсер жауын суы тез ағып кетуі үшін, ұшу алаңының көлбеулігі 0,005‰ кем болмауы керек. Осы айтыл- ған шамаларға қарай отырып, жер бедері жазық, терең жырасыз, орташа көлбеулігі 0,02-0,03‰ аспайтын, бірақ 0,003-0,005‰ кем емес, себеебі мұндай жағдайда жер қазу, үю, ысыру жұмыстары аз болады;

  3. Ұшу-қону алаңына жақын маңы аспаны, əсіресе жыл бойы соғатын желдің басым бағыты ашық, яғни жақын жерде биік құрылымдар болмауы керек. Ұшу-қону алаңының шетінен биік құрылымға немесе биік тауларға дейінгі жақын ауа кеңістігіндегі қашықтық L формуламен есептелінді

L H h 10 , (145)
tg

мұнда Н – кедергі биіктігі, м;


h – кедергі табанының ұшу-қону алаңының шетінен биіктігі, м;
ұшу аппаратының ұшу немесе қалықтау бұрышы;
10 – ұшу аппаратының қосалқы өлшемдері, м;

  1. Жер құрамы тұрақты, тығыз, сонымен бірге жер асты суы- ның тереңде орналасқаны дұрыс. Алаң батпақты болмай, терең жырасыз, жер асты қуыстарынсыз жəне жер бетінің ығысып жыл- жуы байқалмайтын, сонымен бірге еріме, ақпа сулармен толмай- тын алаңдардан таңдап алынады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   133




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет