Қазақстан республикасы білім



бет79/133
Дата01.11.2023
өлшемі2.69 Mb.
#482066
түріОқулық
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   133
Геодезия кітабы

Бақылау сұрақтары:

  1. Аэродромдарды жобалаудағы ізденіс жұмыстарына не жатады?

  2. Геодезиялық негіздер қалай құрылады?

  3. Микротриангуляция дегеніміз не?

  4. Аэродром салуда алаң қалай таңдап алынады?

  5. Кедергі биіктігін қалай анықтайды?

  6. Аэродром салудағы қадалау жұмыстары қалай жүргізіледі?

  7. Ұшу зонасы дегеніміз не?

  8. Ұшу алаңының осьтері қалай қадаланады?

  9. Ұшу алаңының осьтері қалай бекітіледі?

  10. Алаңды тегістеу қалай жүргізілдеі?

ҮШІНШІ БӨЛІМ.
ҚҰРЫЛЫС-МОНТАЖДАУ ЖҰМЫСТАРЫНДАҒЫ ГЕОДЕЗИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАР
  1. тарау


ҚҰРЫЛЫС АЛАҢДАРЫНДА ГЕОДЕЗИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ


§ 13.1 Құрылысты геодезиялық жұмыстармен қамтамасыз ету


Геодезиялық жұмыстарды жүргізудің техникалық құжаттары
Геодезиялық қызметтің негізгі істері. Қазіргі құрылыс индустриялық əдіске айналып, құрылыс алаңдары үлкен мон- таждау майданына айналған шағында, геодезиялық істер осы алып құрылыстардың технологиялық үрдістерінің бөлінбейтін бір тармағына айналған. Сондықтан геодезиялық жұмыстардың дəлдігіне жоғарғы талаптар қойыла бастады. Геодезист маман құрылыс алаңдарында келісіліп, қабылданған жалпы күнтізбелік жоспарға сай жалпы құрылыс, монтаждау жəне арнаулы жұмыс- тарды күнделікті, уақтылы атқарып отыруы керек. Осындай геодезиялық жұмыспен қамтамасыз ету, біріктірілген жұмыс графигінде қарастырылып, құрылыстың барлық сатысында іске асады: құрылыстың жоспарын құруды ұйымдастыру (ПОС) жəне жобаны жүргізу (ППР) кезеңдерінде.
Кейінгі кезде құрылыс-монтаждау жұмыстарын геодезиялық іспен қамтамасыз ету көлемі одан əрі өсе түсті, себебі құрылыс- тағы құрама-темірбетонды құрастыру жұмыстары көбейіп, олар- ды іске асырудағы геодезиялық жұмыстар арта түсті. Сондықтан құрылыстың жоспарын құруда (ПОС) аталған жұмыстарды да қоса қарастырып, оған кететін шығындарды есепке алып оты- рады. Құрылыстағы геодезиялық жұмыстарды жобалауда, гео- дезиялық жұмыстарды қандай əдіспен атқарады, дəлдігі қандай, сонымен бірге белгілердің орналасу тəсімдерін, конструкцияны (құрылыс құрылымдарын) орнатуды тексеріп, бақылап отыру қоса қарастырылады.
Құрылыс алаңында кешенді геодезиялық жұмыстар атқары- лады, солардың ішіндегі геодезиялық қызметтің атқаратын істері ретінде, бастыларын атап өтейік:

  • құрылыс салу үшін геодезиялық қадалау негіздерін құру жəне қабылдау;

  • құрылыс кезінде геодезиялық қадалау жұмыстарын атқару;

  • құрылыс-монтаждау жұмыстарының дəлдігін қамтамасыз ету, бақылау жəне орындалған жұмыстарды уақтылы түсіріп отыру;

  • салынып жатқан құрылыс ғимараттары жəне құрылымда- рының шөгуін, ығысуын геодезиялық бақылау.

Ескере кететін жағдай, құрылыс 14 қабаттан биік болса, оған арнаулы геодезиялық жұмыстардың жобасы қарастырылады да, ол келесі негізгі бөлімдерден тұрады:

  1. Құрылыс алаңында геодезиялық жұмыстарды ұйымдас- тыру. Бұл бөлімде геодезиялық жұмыстарды жүргізудің күнтіз- белік жоспары жəне смета (оған кететін шығын), аспаптар мен жабдықтарды қолдану реті жəне осы жұмыстардың техника- экономикалық негізі беріледі;

  2. Негізгі геодезиялық жұмыстар. Геодезиялық пландық, биіктік жəне қадалау негіздерін құрудың тəсімдері, сонымен бірге дəлдік есептеулері, өлшеу əдістері, теңдеу амалдары жəне тірек нүктелерін (қосындарын, реперлерді) бекіту əдістері жəне олардың түрлері келтіріледі;

  3. Құрылыстардың жер асты бөліктерін (қабаттарын) геодезиялық іспен қамтамасыз ету. Бөл бөлімде жер асты қабат- тарындағы пландық, биіктік негіздерін құру жəне геодезиялық өлшемдердің дəлдік есептеулері беріледі. Жер асты монтаж- дау қабатының осьтерін қадалау жəне биіктік беру əдістері көрсетіледі. Ғимаратты құрама элементтерден құрастырып- монтаждауды геодезиялық іспен қамтамасыз ету, орындау құжаттарын құрастыру жəне құрастырылған конструкцияларды геодезиялық бақылау нұсқаулары беріледі;

  4. Бұл бөлімде, бастапқы деңгейде пландық жəне биіктік геодезиялық негіздерін құру əдістері жəне геодезиялық өлшеу жұмыстарының дəлдік есептеулері келтіріледі. Қадалау осьтерін жəне биіктік шамаларын бастапқы деңгейден, монтаждау деңгейіне жеткізу əдістері келтіріледі. Ғимаратты құрама эле-

менттерден монтаждауды геодезиялық іспен қамтамасыз ету, орындау құжаттарын құрастыру жəне құрастырылған конструк- цияларды бақылау нұсқаулары беріледі.
Геодезиялық жұмыстарды жүргізудің техникалық құжат- тары. Құрылыста қолданылатын жобалық құжаттардың ішінен төмендегілерін атап өтейік.
Құрылыстың бас планы (Генплан). Алдында айтқандай, ол – ірі масштабты топографиялық план, онда жер үсті, жер асты ғимараттары, құрылымдары кешенді түрде көрсетіледі. Егер бас план өндіріс орындары үшін жасалған болса, онда келесі құрылымдар көрсетілуі керек: негізгі жəне қосалқы өндіріс цехта- ры; энергетикалық құрылымдар; қойма шаруашылығы; басқару- шаруашылық жəне тұрмыстық ғимараттар; көлік құрылымдары; инженерлік тораптар; жерұйық (благоустройство) элементтері. Ғимараттар мен құрылыстардың бас планда дəл орналасулары, олардың бас осьтерінің пландық координаталарымен жəне негізгі қабаттарының биіктіктерімен анықталады. Бөлек, ірі нысан- дар үшін, оларға жеке бас план жасайды, мысалы, ірі құю жəне жөндеу-механикалық цехтары, энергетикалық құрылымдар, көлік құрылымдары жəне т.т.
Құрылыс бас планының жеке (бөлек) түрі, құрылыстық бас планында қосалқы жəне уақытша өндірістік ғимараттар, көлік жолдары, инженерлік тораптар, қоймалар, уақытша басқару ғимараттары жəне басқа құрылымдар көрсетіледі.
Кейде, құрылыс-монтаждау жұмыстары біткеннен кейін, құрылыстың геодезиялық қызметі орындаушылық бас планды құрастырады. Мұнда салынған ғимараттар мен құрылымдардың қазіргі пландық жəне биіктік шамаларын анықтайды. Мұндай пландарды құрылысты пайдалану кездерінде, оны өзгертіп салу- да пайдаланады. Орындаушылық планды құрастырудың бастап- қы берілімдері болып жедел (уақтылы) орындаушылық бас план саналады. Бұл план құрылыс салуды бастаған күннен жүргізіледі де, онда құрылыстың барысында істелген, өзгертілген жұмыстардың барлығы көрсетіледі.
Бас планнан басқа геодезиялық қызмет ғимараттар мен құры- лымдардың жұмыс сызбаларын қолданады, төменде солардың тізімін береміз.
Жобаның бас парағы. Бұл құжат ғимараттар мен құрылым- дардың негізгі сипаттамасын құрайды: жер бетіне салына-
тын құрылыстың тығыздығы, нысанның геодезиялық пландық жəне биіктік байланыстары, мұнда шартты нөлдік биіктікпен абсолюттік биіктіктің байланысы көрсетіледі.
Құрылыстың негізгі осьтерін қадалау планы. Бұл планның бастапқы берілімі болып бас план есептеледі. Планда нысанның көлемдік сипаттамасын беретін негізгі ұзынабойлық жəне көл- денең осьтері көрсетіледі. Планның өзінде немесе оның қо- сымшасында ұзынабойлық жəне көлденең осьтердің қиылысу нүктелерінің, айтулы тұстарының, авто жолдардың бұрылу нүктелерінің, темір жол үшкілдерінің, инженерлік тор құдық- тарының, электр желілерінің, т.с.с. координаталары беріледі.
Фундаменттердің планы. Бұл планның бетінде арлық қадалау осьтері көрсетіледі жəне фундаменттің осьтермен байланысқан бөлек элемменттері, фундаменттің ені, қанша тереңдікке салына- тыны, осьтердің арақашықтықтары жəне басқалары.
Жабдықтар фундаментінің планы. Мұнда өндірістік жабдық фундаментінің осі (резервуарлар, престер, центрифугалар жəне басқалар), сонымен бірге өлшемдері, ғимараттың негізгі осьте- рімен байланысқан тереңдігі.
Тік қималар. Мұндай сызбалар ғимараттың архитектурасын, фундаменттің қандай тереңдікте орналасқанын, терезе жəне есік ойықтарының биіктіктерін, əртүрлі құрылыс элементтерінің си- паттамасын береді. Нысанның күрделілігіне байланысты, бұл қималар бөлек парақтарға немесе ғимарат планының жанына бір бетке орналасуы мүмкін.
Өндірістік жəне технологиялық жабдықтардың монтаж- дық сызбасы. Бұл сызбаларды ғимараттың негізгі, қосалқы ось- терін жобалық геодезиялық қадалау жəне биіктік шамаларын тиісті жерге жеткізу кездерінде пайдаланады. Монтаждық сызба- да, орнатылмақшы жабдық элементтерінің өлшемдері жəне тия- нақты тəсімі бөлек беріледі, сонымен бірге құрылыс конструкци- ялары жəне орнатылмақшы технологиялық жабдықтың контуры көрсетіледі. Құрылыс конструкцияларының орнын негізгі жəне қосалқы осьтерден бастап, өлшеп анықтайды.
Құрылыс-монтаждау өндірісін геодезиялық іспен қамтама- сыз етудегі құрылыс сызба құрамына, тік жазықтықта құрылыс алаңын тегістеу жобасының биіктік жəне пландық шамаларын жер бетіне беру тəсімі, сызбасы кіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   133




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет