Құрылыс-монтаждау жұмыстарын геодезиялық іспен қама- тамасыз етудің негізгі істерінің бірі, жер бетінде əртүрлі құры- лыста пайдалынылатын осьтерді құру, ал олар ретімен бас, негізгі жəне жеке осьтер болып бөлінеді.
Бас ось деп ғимараттың немесе құрылыстың сұлбасын планда анықтайтын осьті айтады. 102-суретте бас ось болып ұзынабойлық осьтер А-А, D-D жəне 1-1 жəне 13-13 көлденең осьтері есептеледі.
сурет. Ғимараттың осьтерін қадалау тəсімі
Жеке ось болып олардың көмегімен құрылыс жеке элемент- терінің пландағы жағдайын анықтайтын осьтер есептеледі. 102-суретте ұзынабойлық осьтері Б - Б, В - В (бас осьтермен дəл келеді), Г - Г жəне 2-2, 12-12 көлденең осьтері көрсетілген.
Бас жəне негізгі қадалау жұмыстарының бастапқы берілімі болып саналатын сызбалар (құжаттар): құрылыс алаңының бас планы, жұмыс жəне қадалау сызбалары (құрылыс торының жəне ұзынабойлық, көлденең осьтердің қиылысу нүктелерінің координаталары қоса беріледі). Басқа осьтерді қадалау кезінде тексеріп отыру үшін құрылыстың өлшемдері (параметрлері) пай- даланылады. Бас жəне негізгі осьтердің бір-біріне қарағандағы орналасу дəлдігі, қадалау қателіктерінің шамасынан дəлірек болады. Ол үшін қадалау негіздері қосындарынан жер бетіне не- гізгі осьтердің біреуін ғана салады, ал ғимараттың немесе құрылыстың қалған осьтері осы осьтен бастап салынады (қадаланады).
Жеке осьтер негізгі осьтерден бастап салынады. Осьтердің қиылысу нүктелері А/1, D/1, А/13, D/13 болып белгіленеді жəне с.с. Ұзынабойлық осьтерді кириллица əріптерімен, ал көлденең осьтерді араб цифрларымен белгілеу қабылданған.
Іс жүзінде, негізгі жəне жеке осьтердің арасында ауытқулар болуы мүмкін. Мұндай ауытқуларды параллельдер деп атайды.
Достарыңызбен бөлісу: |