Қазақстан республикасы білім



бет84/133
Дата01.11.2023
өлшемі2.69 Mb.
#482066
түріОқулық
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   133
Геодезия кітабы

Бақылау сұрақтары:

  1. Құрылыс алаңындағы негізгі геодезиялық жұмыстарды атаңыз.

  2. Құрылыс жоспарын құру деген не?

  3. Құрылыс алаңындағы қадалау жұмыстарына не жатады?

  4. Құрылыстың жер асты бөлігіндегі геодезиялық жұмыстарды атаңыз.

  5. Жалпыға бірдей модульдік жүйе дегеніміз не?

  6. Негізгі геодезиялық жұмыстарға не жатады?

  7. Жобаның бас парағы дегеніміз не?

  8. Құрылыс торы дегеніміз не?

  9. Құрылыста қандай координаталар жүйесі қолданады?

  10. Құрылысшының бас осі дегеніміз не?
  1. тарау


ҚҰРЫЛЫС АЛАҢДАРЫНДАҒЫ ДАЙЫНДЫҚ КЕЗІНДЕГІ ГЕОДЕЗИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАР


§ 14.1 Жобаны жер бетіне түсірудегі геодезиялық дайындау


Ғимаратттың немесе құрылымның жобасын жер бетіне түсіру үшін, геодезиялық дайындық жұмыстарын орындайды. Бұл жұ- мыс негізгі осьтерді геодезиялық қосындарға байланыстыратын қадалау сызбаларын жасаудан тұрады. Қадалау жұмыстарына керекті материалдар графикалық, аналитикалық немесе бірнеше əдістердің қосындысынан (графоаналитикалық) алынуы мүмкін. Графикалық əдіс. Графикалық əдісті көбінесе, егер салынбақ- шы ғимарат немесе құрылымдардың бұрынғы құрылыстармен байланысы жоқ болған жағдайда қолданады. Бұл əдісте барлық негізгі сұрақтар план бойынша графикалық жолмен шешіледі. Жеке нүктелердің немесе ғимарат жəне құрылым бұрыштары- ның координаталары планнан циркульдің, транспортирдің жəне масштабтық сызғыштың көмегімен анықталады. Əртүрлі масш- табтағы пландардан нүктелер координаталарын алу дəлдігі жер бетінде салынбақшы ғимараттың қадалану дəлдіктеріне əсері үлкен болады. Планның масштабы ірі болған сайын, кордина- талар анықтау дəлдігі арта түседі. Планнан графикалық жолмен алынған координаталар шамасын пайдаланып, кері геодезиялық есепті шығара отырып, жек сызықтардың ұзындығын жəне дирекциондық бұрышын есептейді. Нүктелердің координаталары

      1. суретте көрсетілген əдіспен анықталады, яғни

ХА = 100 + сn; УА= 100 + cе, (151)
сn, се шамаларының ұзындығын көрсетілген тəсім бойынша мас- штабына байланысты планнан алады.
Əрі қарай, қағаздың майысуынан болатын қатені азайту мақ- сатында, тағы да жəне еd кесінділерін өлшейді (бұл өлшеу координаталық шаршыны толық пайдалану болып табылады), сонда А нүктесінің координаталары
Х =100 + 100 ; У = 100 + 100 . (152)
А cn na А ce ed

Аналитикалық əдіс. Жобалаудың аналитикалық əдісі ең дəлірегі, се- бебі мұнда жобалық берілімдер мате- матикалық жолмен есептелінеді. Жеке тірек нүктелерінің координаталары (ғимарат жəне құрылым бұрыштары, үй аралық жолдардың, коммуника- циялардың қиылысуы) геодезиялық байланыстыру арқылы, жер бетінде аспаптың көмегімен анықталады. Аналитикалық жолмен жобаны əр бөлікке бөліп, бір-біріне байланыссыз,




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   133




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет