Қазақстан республикасы білім


§ 14.5 Жобалық биіктікті жер бетіне шығару



бет91/133
Дата01.11.2023
өлшемі2.69 Mb.
#482066
түріОқулық
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   133
Геодезия кітабы

§ 14.5 Жобалық биіктікті жер бетіне шығару


Бұл жұмыс көбінесе құрылыс-монтаждау жұмыстарын гео- дезиялық іспен қамтамасыз етуде қолданылады. Жобалық биіктік шамаларын бетондау кездерінде құйма қалып (опалубка) үстіне, қоршауды орнатуда жиектеріне, анкерлік бұрандаларға, монтаж- дау жұмыстарына, қазаншұңқырлар жəне траншеялардың түбіне береді. Биіктік шамаларын геометриялық нивелирлеу арқылы жақын маңдағы реперлерден шығарады.

Айталық, жақын маңдағы биіктігі HR R реперінен діңгектің қиылған деңгейіндегі А нүктесіне беру керек, яғни НА нүктесін жобалық биіктікке шығару керек (110-сурет).
Нивелирді репер жəне А нүктесінің жобамен ортасына орна- тып, R реперінің үстіне қойылған рейкадан, яғни соңғы нүктеден а есебін алады. Сонда аспап деңгейі (ГИ) тең болады,
ГИ = HR+а. (171)
А нүктесінің жобалық биіктігін алу үшін, алдыңғы рейкадан b
есебін алу керек, ол тең болады,
b= h + a= ГИ - HA. (172)


110-сурет. Берілген биіктікті шығару тəсімі

Діңгекті жоғары, төмен жылжытып, жобалық биіктікке кел- тіріп орнатуға болады. Ол үшін, рейканы жоғары немесе төмен жылжытып, діңгектің жоғарғы беті берілген (анықталған) b есебіне келгенше қозғап, рейка табаны керекті биіктікке жеткен жерді белгілейді, яғни іздеп отырған жобалық биіктік шама ретінде бекітеді. Сонда жобалық биіктіктікті беру үшін, рейкадан алынған b есебі, аспап деңгейі мен жобалық биіктікті бір-бірінен алғанға тең болады. Тексеру үшін, нивелирлеуді рейканың екі жағынан немесе аспаптың екі деңгейінде атқарған жөн.


Мысал. R жұмыс реперінің биіктік шамасы 174,327. А нүкте-
сіне жобалық НА = 171,513 биіктігін беруіміз керек. Рейкадан алынған есеп a = 0,874. (172) формулаға сəйкес,
b= (174,327 – 171,513) + 0,874 b = 3,688.

Сонда, алдыңғы рейканы 3,688 есебіне қойып, белгілеу (бекіту) керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   133




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет