ыңғайлысы шаршылар арқылы нивелирлеу нəтижесінде жасалған
план, бұл əдіспен жұмысты жүргізу ретін төменде қарастырамыз. Түсірілмекші участок
АВСD бір-біріне
перпендикуляр MN жəне
PQ осьтермен төрт тең бөлікке бөлінеді (113-сурет). Ортада- ғы
О нүктесінен осьтер бойымен бірдей ұзындықты кесінділер- ді салып, шаршыға бөлуге кіріседі. Əрі қарай ол шаршыларды кіші өлшемді шаршыларға бөледі де, үлкен шаршыларды ұсақ шаршылармен толтырады. Негізгі шаршылардың
төбелерін уақытша реперлермен, ал толтырушы шаршылардың төбелерін
ағаш қазықшалармен бекітеді.
Негізгі шаршыларды тік бұрыш жасап, теодолитпен қада- лайды, ал сызықтарды ұзындықтары 100-200
м таспамен немесе өлшегіш сыммен (арнаулы өлшегіш сым – темір) өлшейді. 1:500 масштабты түсіріс үшін, негізгі шаршы қабырғаларын 100 немесе 200
м, ал толтырушы шаршылардың қабырғасын 10 немесе 20
м етіп алады; 1:1000 – 1:2000 масштабты түсіріс үшін
негізгі шаршы