114-сурет. Шаршылар арқылы нивелирлеу тəсімі
Мысалы, I, II станциялар, e, d жəне т.т. III жəне IV станциялары кірісетін параллель жүріс а жəне г нүктелерімен байланысқан.
Барлық қазу жұмыстары алдын ала дайындалған, шаршылар торысалынғансұлбағатүсіріледі. Шаршыларарқылынивелирлеуді сұлбада тексеріп отыру, көрші шаршылардағы екі жалғастыру- шы нүктелерден алынған бір-біріне қайшы жазылған есептер- дің қосындысы немесе қатар орналасқан станциядағы олардың арасындағы өсімшелер арқылы жүргізіледі. Айырмашылық 10 мм аспауы керек.
Кішігірім, шаршы саны аз участоктерді алдын ала нивелирлік жүрісті салмай-ақ, полигонды құрайтын жалғастырушы нүктелер арқылы жүргізсе де болады. Бұл жағдайда бір станциядан əр топтағы шаршылардың барлық нүктелерін қамтуға (нивелирлеу- ге) болады, мұнда тексеру үшін екіжақты рейка немесе аспап- тың екі деңгейінде жұмыс істесе болғаны. Аспап деңгейі арқылы биіктіктерді, əр екі есеп үшін шығарылған орташа шамасын пай- даланып анықтайды. Іргелес шаршылардың (топтардың) ортақ нүктелерінің биіктіктерін екі станцияда анықтайды. Егер ортақ нүктелердің биіктіктері айырмашылықтары 10 мм аспаса, онда олардың орташа шамасын қабылдайды.
Далалық жұмыстардың нəтижелерімен істелген жұмыстың тəсімін жасайды, ол тəсімде участоктың бас осьтерін, негізгі жəне толтырушы шаршыларды, пландық жəне биіктік тірек қосындарын, бұрыштық жəне сызықтық өлшем берілімдерін, əр полигон бойынша сызықтық биіктік жəне бұрыштық қиы- лыспаушылықтары көрсетіледі. Негізгі шаршылар төбелерінің жəне теодолиттік жүріс қосындарының координаталарын анық- тайды.
Полигондағы бұрыштық қиылыспаушылық, төмендегі фор- муламен есептелінген шамадан аспауы керек:
fβ = 1/ n ,
(174)
мұндағы, n – полигондағы бұрыштар саны.
Полигон периметрінің салыстырмалы қиылыспаушылығы 1:1000 қатынасындай шамадан аспауы керек.
Полигон планына горизонтальдарды салу үшін, сызба қағазына координаталық тор сызады да, негізгі шаршылар төбелерін координаталарымен салады. Əрі қарай негізгі
115-сурет. Шаршылар арқылы горизонтальдарды салу тəсімі
шаршылар қабырғаларына толтырушы шаршылар қабырғаларын өлшеп салады.
Барлық нивелирленген нүктелердің биіктік шамаларын сан- тиметрге дейін дөңгелектеп жанына жазады. Нүктелердің биік- тіктері арқылы, жер бедерінің тəсімдік сұлбасына қарай отырып горизонтальдарды жүргізеді. 115-суретте алаңды шаршылар арқылы нивелирлеу планының қима биіктігі 0,25 метрлік бір бөлігі 1:500 масштабта көрсетілген.
Құрылыс алаңы жер бетін немесе оның бір бөлігін ниве- лирлеудегі кешенді жұмыс нəтижесінде келесі құжаттарды дайындайды: түсіру негіздерінің жəне нивелирлеу журналдары; теодолиттік түсіріс жəне нивелирлеу жүрістерінің тəсімдері; координаталар жəне биіктік есептеу журналдары; құрылымдарды жəне рельефтерді түсіру сұлбалары; істелген жұмысты қабылдау актісі; сызылған планшеттер; түсініктеме мəтіні.
Достарыңызбен бөлісу: |