Гепарин - бауыр торшаларында түзілетін мукополисахарид. Ол тромбопластиннің түзілуін баяулатады, протромбиннің тромбинге,
фибриногеннің фибринге айналуын тежейді. Демек, гепарин қан үюының үш сатысына да өсер етеді.
Антитромбопластиндер (антикефалин, липоидты басытқы) тромбопластиннің түзілуін тоқтатады.
Антипротромбопластин - Хагеман факторының (XII) басытқысы.
Фибринді ерітетін жуйе. Қан қүрамыңда профибринолизин немесе плазмоген деген зат болады. Ол коптеген үлпаларда болатьш фибрино-киназа ферментінің әсерімен белсенді түрге - фибринолизинге (плаз-минге) айналады. Фибрщолизин фибрин талшықтарьш ерітіп отырады.
Қанның үюын басқа жолмен де тоқтатуға болады. Егер үю үстіңце пайда бола бастаған фибрин талшықтарын таяқпен алып тастаса, қан үю қабілетін жоғалтады. Мүндай қанды фибринсіз қан деп атайды. Қанның үюын қымыздық және лимон қышқылды натрий түздары да тоқтатады. Қымыздық қышқылды натрий түзын қосқанда каль-ций иондары түнбаға көшеді де, бос кальций иоңдары болмағандық-тан қан үйымайды. Мүндай қанды оксалатты қан деп атайды. Ал, лимон қышқылды натрий түзын қосқанда кальций иоңдары түзбен қосылыс түзіп, қан үйымайды. Мүндай қан цитратты қан деп аталады. Қанның үюын жасанды антикоагулянттар — дикумарин, пелентан, синкумар сияқты заттар да тоқтатады. Сүліктің сілекей безінен болінетін гирудин деген зат та қанды үйытпайды.
Қан барлық тірі үлпалар сияқты толассыз жаңарып отырады. Организмде арнаулы бірлестік — "қан жүйесі" (Г.Ф.Ланг үсынған термин) қанды түзіп, денеге таратып, оның ескірген болігін бүзып, жойып отырады.
Гемопоэз - қанның түзілу процесі. Қан торшалары арнаулы мүше-лерде түзіледі. Қан түзуші мүшелерге сүйек кемігі, көк бауыр, лим-фа түйіндері жатады. Сүйек кемігінде эритроциттер, түйіршікті лей-коциттер және тромбоциттер түзіледі. Лимфа қүрылымдарыңца лим-фоциттер, ал кок бауырда - моноциттер түзіледі. Үрықтарда эритро-циттер, түйіршікті лейкоциттер, тромбоциттер бауырда түзіледі, ал үрықтық дамудың соңғы сатысыңца бауырдың қан торшаларын түзетін қызметі тоқтап, бүл торшалар тек сүйек кемігіңце түзілетін болады. Қан плазмасын түзуде, оның қүрамын қалыптастыруда ас қорыту жолы маңызды рөл атқарады.
Қазіргі деректерге сөйкес барлық қан торшаларының дамуы бір ғана торша - гемоцитобластан басталады. Сүйек кемігінде гемоци-тобластың бір бөлігі эритропоэтиннің ықпалымен эритроциттерді ондіру жолына, екінші бөлігі лейкопоэтиннің өсерімен лейкоциттерді түзу жолына, ал үшінші бәлігі тромбопоэтиннің ықпалымен тромбоциттерді түзу жолына түседі.
Лимфа өте баяу жылжиды. Мысалы, жылқының мойнындағы лим-фа тамырларында ол минутына 260-300 мм жылдамдықпен ағады. Вена тамырларыңца бұл аралықты қан бір секунд ішінде өтеді.
Үлпааралық қуыстардан шыққан сүйық лимфа тамырларына жи-налып, аумақтық лимфа түйіндерінен өтеді де, көкірек жөне мойын озектері арқылы қуыс веналарға қүйылып, оң жүрекшеде вена қаны-мен араласады.
Лимфа тамырлары денеде дренаждық жүйе қүрып, мүшелерден торшааралық сүйықтың артық молшерін алып шыгады. Лимфа ка-пиллярларының откізгіштігі жоғары болғаңдықтан лимфа жүйесіне әр түрлі богде заттар отіп отырады. Олар биологиялық сүзгі (фильтр) қызметін орьшдайтын лимфа түйіңцерінде сүзіледі де, торлы эндоте-лий торшаларьшың қатысуымен залалсызданады. Лимфа түйіңдерінде лимфоциттер де түзіледі.
Бақылау сұрақтары:
1.Қанның уюы деген не, оның биологиялық мәні неде?
2. Қанның уюының механизмі қандай.
3. Қан топтары деген не және қан қандай негізде топқа бөлінеді?
4. Антикоагулянттар деген не, олардың маңызы қандай?
Лекцияның тақырыбына сәйкес СӨЖ тапсырмалары:
Гемопоэз деген не, ол қайда журеді.
№ 17 Лекция
Лекцияның тақырыбы: Жүрек-тамыр жүйесі
Лекцияның жоспары:
1.Жүрек-тамыр жүйесі.
2. Қан тамырларының типтері: артериялар, веналар, капиллярлар, олардың морфологиясы.
3.Жүректің эволюциясы және омыртқалы және омыртқасыз жануарлардың структуралары.
4. Сүтқоректі жануарлр мен адамның жүрегі.
Лекцияның мақсаты: Студенттерге жүрек-тамыр жүйесі мен таныстыру.
Лекцияның мазмұны: Жүрек басқа тамырлар жүйесі сияқты ұрықтық мезодерманың мезенхимиясынан өте ерте пайда болып, шамамен үшінші аптада созылып, жиырылып қызметке кіріседі. Жүрек алғашкы эмбриондық дамуда эндодерма мен ішкі жапырақша аралығында екі түтікше тәрізденіп басталады. Осы екі түтік ұрық ішегінің бас бөлімінің алдыңғы жағына ығысып, екеуі бірігіп сыңар түтікке айналады. Оның ішкі қабырғасы (эндокард) — мезенхимадан тұрады (мезодермадан шамалы қалыңдау), нәтижесінде жүректің миокард қабаты мен сір қабаты (эпикард пен үлпершегі — перикард) пайда болады.Жүректің түтік тәрізді бастамасының ұшына қараған (каудольды) жағы кеңейіп, веналық қойнау (sinus venosis), ал бассүйекке караган үшы тармакталып артериялык бағана (truncus аrtеrіоrиs) түзеді. Олардың веналык қойнауы денесіндегі веналық қанды қабылдайды. Жүректің түтігі эмбрионалдық даму кезінде тез ұзарып, оның веналық және артериялық бөлімдерінің арасы жіңішкереді. Осы жіңішкерген жерден келешек жүректің жақтаулы қақпақшасы пайда болады. Веналық бөлімдері екі құлақ өсіндісі бар құлақшаға; ал артериялық бөлімі құлақшаның екі жағын қапталдай екі артериялық бағана түзіп, жүректің қарыншасына айналады. Осылай веналық қойнауы, құлақша жақтаулы қақпақшасы (құлақша мен қарынша аралығында), қарыншасы және артериялық бағаналардан түзілген екі бөлімді ұрықтық жүрек пайда болады. Бұл балықтардың жүрегіне ұқсап, қызмет атқара бастайды.Жүректің ішкі жағында бұдан былайғы эмбриондық дамуы нәтижесінде біртіндеп үш перде (septum intertriale) пайда бола бастайды. Олардың бірінші пердесі тез өсіп, құлақшаны екіге бөледі. Бірақ бұл
перде толық жабылмайды. Құрсақтағы нәрестеде сақталатын оң жақ құлақша мен сол жақ құлақшаны қосып тұратын сопақша тесік (foramenovale) қалады. Демек, құлақшадағы қан бір-біріне араласып тұрады. Екінші перде (sерtит аоrtісориlтапаlе) екі артериялық бағана аралығында пайда болып, оларды қолка және өкпе бағана тамырларына бөледі. Үшінші перде қарыншаны екіге бөліп, төменнен жоғары қарай өседі. Бұл бірінші және екінші пердеге келіп қосылады. Оны қарынша пердесі (sерtит іпtеr vепtісиlаrе) деп атайды. Осылай үш перделер бір-бірімен, бірігіп, жүректі оң және сол жақ бөлімге бөледі. Сонда сол жақ қарынша қолқа тамырына жалғасып, оң жақ қарыншаның созындысы өкпенің қантамырына айналады.Жүректің оң жағындағы құлақша мен қарынша арасында үш жақтаулы қақпақша және сол жағындағы құлақша мен қарыншаның арасында екі жақтаулы қақпақша түзіледі. Веналық қойнаулар жоғарғы, төменгі қуысты вена күретамырларының және жүрек веналарының тесіктеріне айналады. Жоғарыдағы айтқанымыздай, ұрықтың дамуы кезінде жүрек мүрделі өзгерістерге ұшырап, ақырында төрт бөлікке бөлінеді. Міне, осы төрт бөлімді жүрек алғашқыда ұрықтың мойын бөлігінде дамып, кейіннен көкірек қуысына қарай ығыса бастайды. Ұрықтың жүректегі қанайналымының ерекшеліктеріне байланысты оның кейбір бөліктерінің және қантамырларының қызметі "Ұрықтың қанайналымы" деген тақырыпта айтылады.
Достарыңызбен бөлісу: |