Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Және әлеуметтік даму министрлігі



жүктеу 81.14 Kb.
Дата22.02.2016
өлшемі81.14 Kb.

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау

Және әлеуметтік даму министрлігі
Астана қаласы

«___»___________2016 жылы

______







Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму

министрлігі

Астана қаласы



«___»__________2016 жылы

______





БІРЛЕСКЕН БҰЙРЫҚ


Арнайы экономикалық аймақтардың қатысушылары болып табылатын заңды тұлғаларда құны бір миллион айлық есептік көрсеткіштен жоғары жобалармен жұмыс істейтін, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақтардың аумағында құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау кезеңінде сәйкес объект (объектілер) пайдалануға берілгеннен кейін бір жыл өткенге дейін арнайы экономикалық аймақтардың аталған қатысушылары (не олардың мердігерлері) бас мердігер, мердігер, қосалқы мердігер немесе көрсетілетін қызметтерді орындаушы ретінде тартатын ұйымдарда жұмыс істейтін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың ведомствоаралық комиссия айқындайтын санаттар тізбесі мен санын айқындау қағидаларын бекіту туралы
«Халықты жұмыспен қату туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 11-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

1. Қоса беріліп отырған Арнайы экономикалық аймақтардың қатысушылары болып табылатын заңды тұлғаларда құны бір миллион айлық есептік көрсеткіштен жоғары жобалармен жұмыс істейтін, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақтардың аумағында құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау кезеңінде сәйкес объект (объектілер) пайдалануға берілгеннен кейін бір жыл өткенге дейін арнайы экономикалық аймақтардың аталған қатысушылары (не олардың мердігерлері) бас мердігер, мердігер, қосалқы мердігер немесе көрсетілетін қызметтерді орындаушы ретінде тартатын ұйымдарда жұмыс істейтін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың ведомствоаралық комиссия айқындайтын санаттар тізбесі мен санын айқындау қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауды;

3) осы бұйрықты Қазақстан Републикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Б. Б. Нұрымбетовқа жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі



Қазақстан Республикасының

Денсаулық сақтау және әлеуметтік министрі

________________Т. Дүйсенова

Қазақстан Республикасының

Инвестициялар және даму министрі

__________________Ә. Исекешев


Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің

2016 жылғы  « » №

және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің   

2016 жылғы « » №

бірлескен бұйрығымен бекітілген

Арнайы экономикалық аймақтардың қатысушылары болып табылатын заңды тұлғаларда құны бір миллион айлық есептік көрсеткіштен жоғары жобалармен жұмыс істейтін, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақтардың аумағында құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау кезеңінде сәйкес объект (объектілер) пайдалануға берілгеннен кейін бір жыл өткенге дейін арнайы экономикалық аймақтардың аталған қатысушылары (не олардың мердігерлері) бас мердігер, мердігер, қосалқы мердігер немесе көрсетілетін қызметтерді орындаушы ретінде тартатын ұйымдарда жұмыс істейтін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың ведомствоаралық комиссия айқындайтын санаттар тізбесі мен санын айқындау қағидалары

Жалпы ережелер
1. Осы арнайы экономикалық аймақтардың қатысушылары болып табылатын заңды тұлғаларда құны бір миллион айлық есептік көрсеткіштен жоғары жобалармен жұмыс істейтін, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақтардың аумағында құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау кезеңінде сәйкес объект (объектілер) пайдалануға берілгеннен кейін бір жыл өткенге дейін арнайы экономикалық аймақтардың аталған қатысушылары (не олардың мердігерлері) бас мердігер, мердігер, қосалқы мердігер немесе көрсетілетін қызметтерді орындаушы ретінде тартатын ұйымдарда жұмыс істейтін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың ведомствоаралық комиссия айқындайтын санаттар тізбесі мен адам санын айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген және арнайы экономикалық аймақтардың қатысушылары болып табылатын заңды тұлғаларда құны бір миллион айлық есептік көрсеткіштен жоғары жобалармен жұмыс істейтін, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақтардың аумағында құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау кезеңінде сәйкес объект (объектілер) пайдалануға берілгеннен кейін бір жыл өткенге дейін арнайы экономикалық аймақтардың аталған қатысушылары (не олардың мердігерлері) бас мердігер, мердігер, қосалқы мердігер немесе көрсетілетін қызметтерді орындаушы ретінде тартатын ұйымдарда жұмыс істейтін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың ведомствоаралық комиссия айқындайтын санаттар тізбесі мен санын айқындау тәртібін айқындайды.

2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:



1) еңбек жөніндегі уәкілетті орган – еңбек қатынастары саласындағы мемлекеттік саясатты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы;

2) арнайы экономикалық аймақтың басқару органы – басқарушы компания, астананың жергілікті атқарушы органының мемлекеттік мекемесі немесе дербес кластерлік қор;

3) ведомствоаралық комиссия –арнайы экономикалық аймақтардың қатысушылары болып табылатын заңды тұлғаларда құны бір миллион айлық есептік көрсеткіштен жоғары жобалармен жұмыс істейтін, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақтардың аумағында құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау кезеңінде сәйкес объект (объектілер) пайдалануға берілгеннен кейін бір жыл өткенге дейін арнайы экономикалық аймақтардың аталған қатысушылары (не олардың мердігерлері) бас мердігер, мердігер, қосалқы мердігер немесе көрсетілетін қызметтерді орындаушы ретінде тартатын ұйымдарда жұмыс істейтін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың санаттар тізбесі мен адам санын айқындау мәселесін қарау үшін уәкілетті орган құратын комиссия;



4) уәкілетті орган – арнайы экономикалық аймақтарды құру, олардың жұмыс істеуі және таратылуы саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

5) шетелдік қызметкер –Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін келген немесе жұмыс беруші тартқан арнайы экономикалық аймақтардың қатысушылары болып табылатын заңды тұлғаларда құны бір миллион айлық есептік көрсеткіштен жоғары жобалармен жұмыс істейтін, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақтардың аумағында құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау кезеңінде сәйкес объект (объектілер) пайдалануға берілгеннен кейін бір жыл өткенге дейін арнайы экономикалық аймақтардың аталған қатысушылары (не олардың мердігерлері) бас мердігер, мердігер, қосалқы мердігер немесе көрсетілетін қызметтерді орындаушы ретінде тартатын көшіп келуші.

Шетелдік қызметкерлердің санаттар тізбесі мен санын айқындау тәртібі
3. Шетелдік қызметкерлердің санаттар тізбесі мен санын айқындау үшін құжаттарды тіркеу және қабалдауды арнайы экономикалық аймақтың басқару органы жүзеге асырады.

4. Арнайы экономикалық аймақтың басқару органы заңды тұлғадан осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес негіздемесімен қоса құжаттарын қабылдаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде оларды ведомствоаралық комиссияның қарауына уәкілетті органға жолдайды.



5. Ведомствоаралық комиссияның құрамына арнайы экономикалық аймақтарды құру, олардың жұмыс істеуі және таратылуы саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органның, еңбек жөніндегі уәкілетті органның және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері кіреді.

6. Ведомствоаралық комиссия отырысы арнайы экономикалық аймақтың басқару органынан құжаттар келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктермей тағайындалуға тиіс.

7. Ведомствоаралық комиссия арнайы экономикалық аймақтың басқару органы құжаттарды ұсынған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде шетелдік қызметкерлердің санаттар тізбесі мен санын айқындайды.

8. Шетелдік қызметкерлердің санаттар тізбесі (бұдан әрі – Санаттар тізбесі) келесі санаттар бөлінісінде айқындалады:

1) бірінші санат – бірінші басшылар және олардың орынбасарлары;

2) екінші санат – басшылар, мамандар мен басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығында, ұйымдардың басшылары, мамандары мен басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келетін құрылымдық бөлімшелердің басшылары;

3) үшінші санат – басшылар, мамандар мен басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығында, ұйымдардың басшылары, мамандары мен басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келетін мамандар;

4) төртінші санат – жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығында, жұмысшылар кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келетін білікті жұмысшылар.

9. Уәкілетті орган ведомствоаралық комиссия бекіткен шетелдік қызметкерлердің санаттар тізбесін және санын үш жұмыс күні ішінде арнайы экономикалық аймақтың басқару органына жолдайды.

Арнайы экономикалық аймақтардың қатысушылары болып табылатын заңды тұлғаларда құны бір миллион айлық есептік көрсеткіштен жоғары жобалармен жұмыс істейтін, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақтардың аумағында құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау кезеңінде сәйкес объект (объектілер) пайдалануға берілгеннен кейін бір жыл өткенге дейін арнайы экономикалық аймақтардың аталған қатысушылары (не олардың мердігерлері) бас мердігер, мердігер, қосалқы мердігер немесе көрсетілетін қызметтерді орындаушы ретінде тартатын ұйымдарда жұмыс істейтін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың ведомствоаралық комиссия айқындайтын санаттар тізбесі мен санын айқындау қағидаларына

қосымша

Жұмыс берушілердің іске асырылу мерзіміне  шетелдік қызметкерлерді тарту негіздемесі


р/с





Ұйым (толық атауы, заңды мекенжайы)


Қызмет түрі


Тартылған шетелдік қызметкерлер саны


Қажеттілік негіздемесі, жобаларды келісімшарттарды жоспарларды олар болған кезде көрсетумен

1

2

3

4

5

Басшысы

____________________________________________________

(қолы, тегі, аты-жөні, лауазымы)

«___» ___________ 20__ж.  


М.О


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет