Қазақстан Республикасы Денсаулық Сақтау Министірлігі Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтика Академиясы фгз және химия кафедрасы



бет4/4
Дата01.03.2024
өлшемі107.38 Kb.
#493883
1   2   3   4
аналитика 9

Медицинадағы маңызы
Дәрілер дайындауда жеке компоненттердің тотығу-тотықсыздану қабілеттілігін білу қажет. Мысалы майда еритін витаминдерді дайындау кезінде оның ауадағы оттегімен жеңіл тотығуын ескеру керек. К-витамині тотығу кезінде белсенділігі өзгермейді, ал өнімдері тотығу кезінде улы. В-дәрумені сілтілі және бейтарап ерітінділерде, қатты дәрілік түрде де жеңіл тотығады, яғни әсіресе сілті ортада тотықтырғыш немесе тотықсыздандырғыш әсерінен ол белсенсіз күйге өтеді. Тотығу-тотығсыздану реакциялары тiрi организмдерде журетiн демалу және зат алмасу процестерiнiң, шiру және ашу, сол сиякты жасыл өсiмдiктердегi фотосинтез реакцияларының, адам мен жануарлардың жүйке кызметтерiнiң негiзiн калайды. Тотығу-тотығсыздану реакцияларын шикiзаттар жанғанда, металдардың коррозиясы және электролиз процестерi кезiнде де байкауға болады. Тотығу-тотығсыздану реакцияларының аркасында гальваникалық элементтер мен аккумуляторларда химиялық энергия электр энергиясына айналады.
Тотығу-тотықсыздану процестері табиғат пен ағзаларда мынадай қызметтер атқарады:

  1. Жанды ағзалардағы зат және энергия алмасу.

  2. Табиғаттағы шіру және ашу.

  3. Жасыл өсімдіктердегі фотосинтез реакциясы.

  4. Адамдар мен жануарлардың жүйке қызметі.

  5. Тотығу-тотықсыздану реакциялары,әсіресе, жанды ағзалар үшін оларда жүретін зат және энергия алмасу процестерінде маңызды орын алады. Бұл алмасу екі бөліктен тұрады:

  6. Күрделі органикалық заттардың қорекпен қабылданатын заттардан синтезделуі немесе пластикалық процестер (анаболикалық немесе ассимиляция).

  7. Күрделі органикалық заттардың қарапайымдау заттарға дейін ыдырауы немесе энергетикалық процестер (катаболикалық немесе диссимиляция).

  8. ТТР анаболикалық та, катаболикалық та процестердің қажетті буыны болып табылады, бірақ олар жанды ағзалар үшін энергия көзі ретінде қажет. Аэробты жағдайларда (ауа оттегісінің тотықтырғыш атмосферасында) тіршілік жасайтын ағзалар аталған энергияны жасушалар мен ұлпаларда жүретін тыныс алу процесінің барысында алады. Оның негізін мына тотығу-тотықсыздану реакциясы құрайды:

О2 + 4Н+ + 4 е → 2 Н2О
Бұл реакция биологиялық жүйелерде сатылап, ферменттердің қатысуымен жүреді.
Метаболизм барысында жанды ағзаларда пайда болатын кейбір уытты заттар ТТР-ның көмегімен ыдырайды. Атап айтқанда, ағза осындай әдіспен сутегі пероксидінің зиянды әсерінен арылады:
2О2 → 2Н2О + О2
.


Қорытынды


Фармпрепараттардың әсерлері, көптеген жағдайларда, тотығу-тотықсыздану реакцияларымен түсіндіріледі. Көптеген антисептиктер, микробқа қарсы және залалсыздандырушы заттар, мысалы, І2, KMnO4, Н2О2, мыстың, күмістің, сынаптың тұздары күшті тотықтырғыштарға жатады. Na2S2O3 қосылысының антидот ретінде, уытты заттарға қарсы қолданылуы оның әрі тотықтырғыш, әрі тотықсыздандырғыш қасиеттерімен тығыз байланысты. Кейбір дәрілік препараттардың сақталуына қойылатын талап олардың тотығу-тотықсыздану қасиеттеріне байланысты,мысалы, KMnO4 және Na2S2O3, КІ және NaNO2, Н2О2 және иодидтерді бірге сақтауға болмайды, себебі олар өзара әрекеттесуі мүмкін.
Медицина және фармацияда тотығу-тотықсыздану реакциялары маңызды роль атқарады. Олар көптеген тіршілікке биохимиялық процесстердің негізінде жатыр. Ағзаның тіршілігі үшін энергия қажет. Биологиялық жүйелерде энергия көзі болып күрделі органикалық қосылыстардың оттегімен тотығу реакциялары болып табылады.

Пайдаланған әдебиеттер:


1. Құлажанов Қ.С. Аналитикалық химия Алматы Білім 1994.

2. Цитович И.К. Курс аналитической химии. М., 2004.

3. Васильев В.П. Аналитическая химия. кн. 1,2. М., Дрофа, 2003.

4. Кельнер Р., Мерме Ж.М., Отто М., Видмер Г.М. Аналитическая химия. т. 1, 2. Перевод с англ. яз. М., Мир, 2004.



5. Отто М. Современные методы аналитической химии т.1,2. М., Техносфера, 2003.

6. Пономарев В.Д. Аналитическая химия, ч. 1, 2. М., ВШ, 1982.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет