Ќазаќстан республикасы денсаулыќ саќтау министірлігі



бет47/51
Дата06.09.2022
өлшемі3.66 Mb.
#460291
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   51
Есимова Р.АС ҚОРЫТУ ТҮТІГІНІҢ МОРФОФУНКЦИОНАЛДЫҚ СИПАТТАМАСЫ

ОҚИҒАЛЫҚ ЕСЕПТЕР



  1. Еріннің микропрепаратында көп қабатты жазық мүйізденетін эпителий, шаштар, май және тер бездері көрінеді. Бұл еріннің қандай бөлімі? Оны еріннің басқа бөлімдерінен қандай құрылымдық белгілері арқылы анықтадыңыз?

  2. Гистологиялық препарат тіс түбірі мен сауытынан дайындалған. Оларды қалай ажыратуға болады?

  3. Үш ірі сілекей бездерінің микропрепараттары Шифф-йодты қышқылмен (ШИК-реакция) өңделген. Ол шырыш бөлетін жасушаларға қою қызыл түс береді. Бұл препараттарда шықшыт, жақ асты және тіл асты сілекей бездерін қандай белгілеріне қарап анықтауға болады?

  4. Асқазан сөлін тексеру оның қышқылдығының күрт төмендегенін анықтады. Ол асқазан бездерінің қандай жасушаларының қызметінің зақымдануымен байланысты?

  5. Асқазанның меншікті бездерінің жасушасының электроннограммасында көптеген митохондриялар мен жасушаішілік түтікшелер анықталды. Бұл жасушалар қалай аталады? Қандай қызмет атқарады?

  6. Аш ішектің шырышты қабықшасының эпителиі жарақаттан зақымданған. Оның қалпына келуіне қандай жасушалар қатысады? Олар ішектің қандай құрылымдарында орналасады?

  7. Ішек бүрлерін қаптайтын эпителий құрамына үш түрлі жасушалар кіреді. Олардың қайсысы қабырғалық ас қорытуға қатысады?

  8. Препараттар ұлтабар мен ащы ішектердің қабырғаларынан дайындалған. Оларды құрылысының қандай ерекшеліктеріне қарап ажыратуға болады?

  9. Препараттар ащы және жиекшелі ішектердің қабырғаларынан дайындалған. Оларды қалай ажыратуға болады?

«АС ҚОРЫТУ ТҮТІГІНІҢ МОРФОФУНКЦИОНАЛЬДЫҚ СИПАТТАМАСЫ » ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАР КАРТАСЫ ЖӘНЕ ОРЫНДАУ НЕГІЗДЕРІ


1 тапсырма. Тілдің жапырақ тәрізді бүртігінің морфологиясын зерттеу.
Гематоксилин және эозинмен боялған тілдің түбірінің бүйір бетінің кесіндісінде, микроскоптың кіші өлшемінде жапырақ тәрізді бүртікшені табыңыздар. Микроскоптың үлкен өлшемінде бүртікшенің құрамындағы дәм сезу буылтықтары бар көпқабатты жазық мүйізденбейтін эпителийді және дәнекер тіннен тұратын меншікті табақшаны тауып, суретін салыңыздар. Белгілері: 1) эпителий, 2) дәм сезу буылтықтары, 3) меншікті табақша.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   51




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет